Лагерь паспорты


Лагерь паспорты

Лагерь атауы

«Балдәурен»

Басшылыққа алынатын бағдарлама

«Білім туралы заң»

«Бала құқығы туралы конвенция», «Өрлеу»  біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Балалардың жазғы демалыс-сауықтыру лагерь жұмысын ұйымдастыру жолдары»

Лагерь қамтитын орта

1-2-3-4-5 сыныптар 

Лагерь мақсаты

Балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалану,денсаулықтарын нығайтуға және шынықтыра білуге үйрету.

 

Өтілетін іс-шаралар

Мәдени, ойын –сауық және білім беру, дамыту шаралары

Күтілетін нәтиже

1.балалардың денсаулығын нығайту және жеке гигиена дағдыларын үйрету

2.түрлі шараларға қатысу арқылы балалардың табиғи дарынын ашу,дамыту

3.мейірімділікке, өзін –өзі сыйлауға, бір-біріне қолдау көрсетуге, достық қарым-қатынасты қалыптастыру

4. табиғат аясында,көлікте,көшеде және қоғамда жүріп-тұру ережелерін қалыптастыру

мектептелефоны

45-3-82

Оқушылар,жастары мен саны

25 оқушы 6 және 12 жас ( әр топта)

 

 

Жүзеге асыру уақыты,кезең саны

03 маусым және 14 маусым аралығы 2024 жыл

І-ІІ кезең

 

 

 

«Балдәурен» жазғы лагерінің күн тәртібі.

8.30-9.00 Балаларды қабылдау

9.00-9.20 Таңертеңгі жаттығу, сауықтыру жаттығулары

10.00-11.00 Жекелеген сайыстар топтар арасында

11.00 -11.30 Топтар бойынша і-сшаралар

11.30 – 12.30 Түскі ас ( жеңіл )

12.30-13.00 Ертеңгі күнге дайындық қызықты бағдарламасы ( үйге қайту )

«Балдәурен» жазғы лагерінің жалпы ережелері:

1.Үнемі лагерьге уақытында келуге тырыс, ашық құбырлар мен канализацияларға жақын барма.

2.Топтағы балалармен жақсы байланыс орнатып, олардың пікірімен санасып,көпшілік орында өзіңді дұрыс ұста.

3.Тәрбиешінің айтқанын бұлжытпай орында, жол қауіпсіздік ережелерін сақта.

4. Суға түсуге немесе саяхатқа шыққанда өмір қауіпсіздік ережелерін сақта.

5.Лагерьде жалғыз топтан бөлініп қалуға болмайды, көпшілік орындарда тәртіпті бол.

«Балдәурен» мектепішілік жазғы демалыс лагерінің ашылуына арналған

«Сәлем, лагерь тақырыбындағы салтанатты жиын.

Мақсаты:Балалардыңжазғыдемалысынтиімдіпайдалану,денсаулықтарыннығайтуғажәнешынықтырабілугеүйрету.

жүргізуші: 

Қайырлытаң,қадірмендіұстаздар,ата- аналар,бүлдіршінбалалар! Б.Оңтаев атындағы орта мектебі жанынан ашылғалы отырған «Сәлем, лагерь» тақырыбындағы жазғы мектепішілік «Балдәурен» лагерінің ашылуына арналған салтанатты жиынымызды тамашалауға қош келдіңіздер! 

Қазақстан тәуелсіз ел екенбіз, 

Жоғалмасын ешқашан берекеміз.

Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз,

Құтты болсын,балалар мерекеміз! 

Бәрі болған қазақ деген көне елде

Ел, белгі де,ерлік,елдік,өнер де

Жахандағы ең жауынгер халықта

Кім сенеді ту болмады дегенге

Аға тәлімгер:Жиын! Сап түзе! Тік тұр! «Балдәурен» жазғы лагерінің ашылу салтанатына орай ҚР Мемлекеттік Туы енгізілсін!

(Әнұранорындалады.)

Топ басшыхабарламаберугедайындал!

( топтыңаты, ұраны,)

Топтыңаты: «Жұлдыз»

Топтыңұраны:

Бізкішкентай «Жұлдызбыз»

Өнегеліұл-қызбыз.

Рапорт

Ағатәлімгер, «Арай» жазғылагерініңашылусалтанатына Б.Оңтаев атындағы орта мектебінің «Жұлдыз» тобыдайын. Хабарламаберуші ——————————

Ағатәлімгер: Лагерь сап түзел! Тіктұр!Ағатәлімгер:Хабарламақабылданды.Еркінтұр!Ағатәлімгер:Еркінтұрындар!

Жүргізушіөсбелгісі:

« »

Сипаттамасы:әр бала біржанғанЖұлдыз. Солжұлдыздыжарқырататүсубіздіңміндет. Жарқырауүшінбалағажақсыкөңіл-күй мен мықтыденсаулыққажет. Ал соныңбәрі, біздіңлагерьде бар. Солсебептендебізтоптыңатауын «Жұлдыз» деп алдық.

Асқақ арман жетелеп ақ таңдарға,

Жас өнерім өнерден бақ табар ма?

Руханияты елімнің сарқылмасын,

Ұялатар ұлағатын санаңа!

Өмір- өнер, өнер-өмір мектебі ме,

Сәуле төккен жас ұрпақ зердесіне?!

Құшағында лагердің тербелеміз,

Рухани шуақты өмір бесігінде.

Ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді құрметтеп, «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші жазғы лагерде балалардың рухани дүниесін кеңейтіп, таланттарын шыңдап, өнермен қанаттанып қайтуына барынша күш саламыз деп уәде береміз.

Таудай асқақ бойы бар,

Бойына сай ойы бар.

Қызметі де кем емес,

Тәртіпке салар бәрін тез!- демекші «Балдәурен» жазғы лагерінің ашылуына орай құттықтау сөз кезегін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарыА.Сапарға беріледі.

Қабыл алшы өнерлерін баланың,Тілектері орындалсын ананың.Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,Өздеріңсің жалғастырар бабамның.

Біз өнерсіз баламыз ба?!Көрсін аға апаларКөрсін әке, анамыздаЫрза болсын балалар

Ортада лагеріміздің өнерлі тынығушыларын «Қуыршақ» биімен ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар!

Мереке бүгін, береке бүгінҚуанып, шалқып тасығанОт боп жүр жастар,Шоқ боп жүр жастарКөңіл жоқ шешек атпаған – дей келеАсанЗаңғар «Жауын» әнімен қарсы алыңыздар!

Бүгінгі еліміздің қырмызымыз, 

Арайлы болашақтың ұл қызымыз.

 Арасын жер мен көктің жалғайтұғын

Қанаты жарқыраған жұлдызымыз. 

Келесі бір өнерлі тынығушыларымыздың орындауында «Үнді биімен» қарсы алыңыздар!

Би билейік қосылып,

Сәбилердің бұл күніМақтап кетсін осы жұртБалалар деп үлгілі

Жамандықтан сақтандырып,Жақсы ісімді мақтан қылып.Мәпелеген ақ мамамды,Жүрсем деймін мақтандырып.

Ақылбек Нүрдәулеттің орындауындағы «Маған ұқсайды» әнін қабыл алыңыздар!

Әлемге асқақтаған өлеңіміз, 

Бақытты байтақ елдің бөбегіміз. 

Жорыққа тауларына жиі шықсақ,

Сол таудай асқар болсақ дегеніміз. 

Би: «Өзбек» биі орындайтын 2-сынып оқушылары Назым мен Аяулым

Қымбатты балалар! « Ойын ойнап, ән салмай,өсер бала болар ма? »-деп ұлы ақын А.Құнанбаев айтқандай біз сіздерге өзіміздің «Жұлдыз» лагерімізде ойнап,ән салып,би билеп,білімдеріңді шыңдап, жақсы дем алуларыңызға тілектеспіз!

Лагерь-біз үшін рухани демалыс орталығына айналып, жас ұрпағымызды өнерге, адал достыққа үндей берсін,- демекпіз.

Лагерь сап түзеп! Тік тұр!

ҚР Мемлекеттік Туы жиыннан әкетілсін!

Осымен «Жұлдыз» жазғы лагерінің ашылу салтанатына арналған «Сәлем, лагерь!» атты жиынымыз да аяқталды.

Арайда келесі бір көрікті кешінде кездескенше!

Қош, сау болыңыздар!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу