Сценарий лагерь - Жүгіру ассоциациясы ойыны.


Жүгіру ассоциациясы ойыны.

Мақсаты :Балада белсенді қиялды дамыту

Бірінші қатысушы кез-келген сөзді айтады. Екіншісі оған өзінің сөзін қосады үшіншісі осы екі сөзді қосып, бір сөйлем құрайды. Сөйлемнің мағынасы болу керек. Содан кейін ол жаңа сөз ойлап шығарады,ал келесі қатысушы екінші және сөйлемнің үшінші сөзін байланыстырады. Тапсырманың мәні жаттығудың біртіндеп жылдамдығын қосу болып табылады. Мысалы:жарық ,тал мен талға мініп алып , алыста жанып тұрған, терезедегі жарықты көрдім.

Гүл: ойыны

Мақсаты:Қиялды дамыту,денедегі қысымды түсіру.

Нұсқау: Балалар жүрелеп, тізелерін құшақтап отырады.Олар дәндержақында әдемі гүлдерге айналады.

Жетекші ойынға қатысушыларға қарап: Күннің жылы шуағы жерге түсіп, дәндерді жылытты.Дәндер тамырланды. Олар өсті, бой көтерді, бұратылып күнге мойнын созді. Күн гүлдің әрбір күлтешесін қыздыра бастады.

Балалар жетекшіні тыңдап, нақты қимылдармен көрсетеді: жүрелей отырады: бастарын, қолдарын көтереді : Бойларын тік ұста. Қолдарын жан-жаққа созады-гүл ашылды; Басын сәл артқа шалқайтып, күнге қарайды. Көздерін жартылай жұмып, көктемгі күнге қарап, күлімсірейді.

«Алып бер » ойыны

Мақсаты: балады қиялды дамыту.

Балалар шеңбер бойымен үстелдерге жайғасады. Бірінші бала бейнелеуші заттың атын айтып, қимылымен келесі балаға ұсынады.

Мысылы: Самғат Саятқа «ауыр чемоданды»береді, ол оны әрең дегенде көтеріп, ауырлығын келтіреді.

«Топтамалы сюжеттік суреттер» әдістемесі.

Мақсаты: Шығармашылық қиялды дамыту.

«Бұзылған телефон» ойыны

МАҚСАТЫ: Зейінді дамыту.

Топта балалар қалауы бойынша бір жүргізуші таңдалады. Жүргізушіге топтағылар теріс қарап тұрады.Ешкім оған қарамайды. Жүргізуші балалардың біреуіне жасырын түрде (оны озі ойдан шығарады) бір кейіпті көрсетеді де озі шетке шығып кетеді. Бала, көрген кейінін басқа балаға көрсетеді. Осылай жалғасып кете береді. Барлық балаға кейіпті көрсетіп болғаннан кейін, барлығы шеңбер бойына тұрады алдымен ойынды аяқтаған бала өз кейпін көрсетеді соңында жүргізуші өзінің кенін, және көрсетеді. Бірінші кейіп пен соңғысы салыстырады.

«Түгендеу- шатыстыру» ойыны

Мақсаты: еріксіз зейінді дамыту.

Жүргізуші сол жерде отырған балалардың атымен, тегін қате айтады.

Балалар зейін қойып, мұқиат тындап отырады. Тек қана атымен тегін дұрыс айқанда ғана алға шығады.

Егер кімде –кім қателессе ойыннан шығады, айыбын төлейді.

«Не өзгреді »ойыны

Мақсаты Баланың танымдық белсінділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту.

Ойынның шарты:

Үстелдің үстіне бірнеше зат я болмаса кішкентай ойыншық қойылады.

Балаға үстелде тұрғын ойыншықтарды есінде сақтау ұсынылады, содан кейін «көзінді жұм» -деп нұсқау беріледі, осы кезде жүргізуші ойыншықтардың біреуін алып тастайды да қай ойыншықтың жоғалғанын табу ұсынылады.

Осы ойынның басқа нұсқасы ретінде; келесі тапсырма заттардың орналасуының өзгергенін табу болып табылады. Ойыншыларға үстелдегі заттардың қандай тәртіппен орыналасқанын есінде сақтау ұсынылад, ал кейін ойынды жүргізуші бірнеше заттың орнын ауыстырады да не өзгергенін табу ұсынылады.

Егер бұл ойын балаларға тым қиын болса, онда сөзбен бірігіп айту тәсілі қолданады.

«Түймелер» ойыны

Мақсаты: Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту.

Ойынның шарты:

Әрбір ойнаушының алдында бір-бірден түймелер жиынтығы және ойын алаңы болады. Ойын алаңы тор көзге бөлінген төртбұрыштан тұрады. Төртбұрыштың ішінде тор көздер неғұрлым көп болса, және неғұрлым түймелер көбірек пайдаланылса, соғұрлым ойын күрделі болады. Ойын төрт тор көзден тұратын ойын алаңы мен үш түймеден басталады. Бірінші ойыншы өзінің ойын алаңында үш түймені қойып шығады. Екінші ойыншы түймелердің орналасуын яғни қайсысы қайда тұрғанын есінде сақтайды, осыдан кейін бірінші ойыншы өз ойын алаңын қағазбен жауап қояды, ал екінші ойыншы өзінің түймелерінің арасынан керектерін таңдап алып өз ойын алаңында тура сондай етіп қойып шығуы қажет. Түймелер саны және ойын алаңындағы тор көздер біртіндеп кемиді.

Балаға ол үшін күрделі міндеттің шешілуін жеңілдету үшін бос төркөздердегі түймелердің орналасуын баламен бірге сөбен айтып отыруға болады.

«Үлкен қызыл түйме – сол жақ бұрышта, кішкентай қара түйме ортасында, ал сары түйме оң жақ бұрышта», Осылай етіп ауызша айту баланың мақсатқа шоғырлануына көмектесіп, оның шешімін табудың жолын ашады.

Керекті құралдар: түрлі түсті 12 түйме, түйме 4,6,9тор көзден тұратын ойын алаңы.

«Анам мені не үшін жақсы көреді» ойыны.

Мақсаты: Құрбылары алдында әр баланың маңыздылығын жоғарылату :

Мақсаты: Барлық балалар шеңбер бойына отырады. Әр балаға анасы оны не үшін жақсы көретінін айтып өтуді ұсынады. Топтың ішінен бір баладан қатысушы бала-анасы оны не үшін жақсы көретінін қайталауы қажет.

Ескерту: Балалр өзгелер үшін маңызды екендіктерін көрсеткісі келіп: анасы баланы ыдыс жуғандығын үшін, кітап жазуға кедергі келтірмегені үшін, кішкентай қарын дасын ренжітпегені үшін жақсы көретінін айтады.

«Менің қорқынышымды түсім»

Бұл жаттығу баланың қорқыныш қашықтауынан қабылдау қорқыныш проблемасынан құрылған.

Қатысушыларға тапсырманың жолық ережесі таратады, бір жағында сөйлем жазылған, ал екінші жағында соның жалғасы болады. Құрдастары не айтқысы келеді бұнымен қатысушыларды 2-4 адамнан туратын аз тоқа бөлуге болады, әр топқа бір крточкадан беріледі. Балалар әр сөйлемнен қандай әр түрлі түсініктеме ажырату білу керек. Мысалы; карточканың бір жағына жазылған: «маған қорқынышты, қашан » екінші жағына: мен жаңа адамдармен танысамын .Түсініктеме :бірінші танысқан кезінде адам оған сенімсіздеу болады немесе адам жаңа жағдайда балалар тапсырманы жасай отырып айта бастайды,оларда көптеген қорқыныш пайда болады.Сіз осы бейне арқылы шеше аламай жүрген ақпаратқа дәләлдеме аласыз.

«Күн сәулесі»

Күн сәулесі –қояны сенің көзіңе түсті. Қөзіңді жұм. Ол ары қарай сенің бетіне түсті, алақандарыңмен маңдайынды, мұрныңды, ауызыңды сипала. Бетіңде тамақ асты, мойныңда, ішінде, қолдарыңда жүр, жай ғана үркітіп алмай сипала. Ол тентек емес, ол сипалағанды ұнатады, сен оны сипалап достасып ал.

«Құсты құтқарып қал»

Сенің қолыңда кешкентай дәрменсіз құс бар деп елестетші.Алақандарынды жоғары ұстап, қолдарыңды алға сөз. Саусақтарынды біріктіріп құс сиятындай етіп жаса, ол өте тоңып қалыпты, жылыт,деміңді оған үрле, жәй ғана терең дем алып, алақандарыңды кеудең жақындатып ұста өз жүрегіңнін жылуын панасыз құсқа бере біл.

Ал енді алақаныңды ашшы, құстың қуанышпен ұшып бара жатқанын көресің, қамқап қайта оған қарап күлімде, ол саған қайта оралады.

«Құстың ұшуы»

Бізге жиі керемет түстер енеді. Түсімізде біз ханшайым мен хор қызына, қоянға, тиінге айналып кетеміз, құс пен аң тілін түсінеміз.Біз әдемілік пен жеңілдік құпиясын біліп, жер үстінде ұшып,таза ,тынық көгілдір аспанда сезінеміз. Ол көлге қатты ұқсайды, онда сенің денең суда жүргендей жеңіл әрі икемді. Аспан- ғажайып құстардың көгілдір хандағы . Олардың ең әдемесі –аққу: қар секілді аппақ, ұзын мойынды, алтын тұмсықты құс.

Тамақтарынды жоғары көтеріңдер . Иә,аққудан мойын дәл осындай.

Арқаларыңды тік ұстап, иықтарыңды түзетіңдер. Сендер кереметсіндер . Көздеріңді жұмындар. Кәнекей, құстар секілді тыныс алайық. Терең тыныс алып – оны шығарамыз.Демдеріңді сыртқа шығарғаннан кейін әркім өзіне «Мен аққумын » деп айтсын. Аққу мойын алға созылыңқы, арқасы тіп- тік,. Қолдарыңды кеңнен жайыңдар ,



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу