сыныптан тыс Бауыржан Момышұлы


Тақырыбы:Халық қаһарманы - Бауыржан Момышұлы.

Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын әрдайым еске ала отырып, қадірлеу. Оқушыларға батырдың өмір жолын, мәңгі өшпес ерлігін таныстыру.Оқушыларды ұлтжандылыққа, бауырмалдыққа, батырлыққа баули отырып тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, бейне фильм, слаид

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Құрметті ұстаздар! Оқушылар! Кешегі күндей күркіреп өткен екінші жиһан соғысында, КСРО халықтары тарапынан «Ұлы Отан соғысы» деп аталып кеткен КСРО мен Фашистік Германия арасындағы соғыста қазақ жауынгерлері небір ерліктің үлгісін көрсетті. Солардың бірі де бірегейлі батальон командирінен дивизия командиріне дейін көтерілген, соғыстан кейін Кеңес Армиясы Бас штабының жанындағы Жоғары әскери Академияны бітіріп, әскери академияда сабақ берген Бауыржан Момышұлы аталарың еді.Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

(1 мин. үнсіздік)

Жүргізуші: Бүгінгі біздің сынып сағатымыз аты аңызға айналған халық қаһарманы Бауыржан Момышұлына арналады.

Кешіп өтіп кешегі от-жалыннан,

Дүниеге ерлігімен танылған,

Кең жауырынды, Талғардай тік иықты.

Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.

Қалтыраған атынан жау ордасы,

Панфиловтың жорықтағы жолдасы,

Даңқ туын майдандағы көтерген

Гвардия бөлімінің қолбасы.

Деректі фильмнен үзінді көрсетіледі.

Өмірдерек - Хроникалық тәртіп бойынша «Бала Бауыржаннан – батыр Бауыржанға дейін»

1-оқушы                   Туған жерім Мыңбұлақ,  арналы Ақсай,

 Ішсем суы татиды шекер,   балдай

       Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңыршқа

        Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай.

деп өзі жырлағандай Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы,Жуалы ауданы,Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.

Бауыржанның өз әкесі  Момыш еті тірі, қолы шебер, көкірегі ояу, көңілі сергек, оқымаса да тоқығаны көп, өлең шығарып, жиын-тойға қатысып, айтысқа да түскен ақын адам, шымыр денелі, терең ойлы жан болған.

2-оқушы  Бауыржан  тәрбиесінде әжесі Қызтумас ерекше орын алған. Әжесі немересін халықтың ән-жырына, ертегі-әңгімесіне сусындатып өсірген.

Ал, анасы Рәзия-қазақ келіні. Шешесінен үш жасында жетім қалға, оны әжесі мен әкесінің әңгімелерінен білетін жазушы Бауыржан ол кісі туралы көп жаза алмайтын еді.Сөйте тұра,кішкентай өмір үзігі арқылы-ақ білікті, ұлттық салт -дәстүрімізге жетік, ибалы,иманды қазақ келінінің жақсы болмысын өте әдемі,әрі дәл бейнелеген.

3- оқушы:  Бауыржан Момышұлы жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған.Кезекті әсекри міндетін өтеуге шақырылып , запастағы командир атағын алады.Туған аулына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді.

4-оқушы:  1941 жыл Ұлы Отан соғысы басталысы мен, Бауыржан  даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы облысы Талғар қаласында жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында  майданға аттанды. .

Панфиловтан бата алып,

Артыма ерді мың солдат

Тағдырын маған тапсырып,

Ел ұлдары мың солдат.

Белуардан қан кешіп,

Жүзден аса соғыста

Бал орнына у ішіп,

Қан майданда қан кешіп,

Намыс туын көтердік.

Қ имылдады мың батыр,

Мыңға татып бір батыр.

Атамекен жері үшін,

Қ асиетті ел үшін,

Болмай қалар кім батыр.

5-оқушы: Мәскеу үшін шайқаста И. В. Капровтың панфиловшы атқыштар полкі мен аға лейтенант Бауыржан Момышұлының басқарған батальон жауынгерлері асқан ерлік көрсетті.Жауынгерлер батырлықтың, достықтың, тәртіптіктің, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, өздерінен күшті төрт есе басым жаумен бір ай бойы күресіп, дұшпанды ойсырата жеңіліске ұшыратты. Осылайша 316 атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі аты аңызға айналған ерліктері үшін «Қызыл ту» орденімен марапатталады.

Соғыста бір -ақ заң бар мен білетін,

Я өліп, я болмаса өлтіретін.

Жүректе жанып тұрған жұлдызыңды,

Жандандыратын болмаса,сөндіретін.

Соғыста бір-ақ заң бар мен білетін,

Кеудеңмен қорғап қалу жердің бетін.

Жас қаның туған жерде босқа ақпасын,

Онсыз сен көре алмайсың жердің бетін«Теле көпір» айдары бойынша оқушыларға Бауыржан Момышұлының азаматтық, жауынгерлік тұлғасылық қасиеттері бойынша сұрақтарға жауа береді;

1-сұрақ- Тәрбиелеп баптаған түлегіңді, Туған елім тілеймін тілегіңді. Саған қарай садағын кім кезесе, Қалқан етіп тосамын жүрегімді,- деп Асан қайғы бабамыз аңсаған, Қытай саяхатшысы сұқтанған, орыс зерттеушілері тамсанған Жуалының Мыңбұлақ аймағында дүниеге келген батыр сын сағатта Отанды жаудан қорғау үшін сапқа тұрған Бауыржан Момышұлының қандай ерліктері бар?

1-жауап:Б.Момышұлы 207 ұрысқа қатысқан, 5 рет қоршауда жүріп шайқасқан, 27 рет әскери ғылымдардың айтуынша, соғыс тарихында болмаған тактикалық жаңалық жасап, 2 рет ауыр жарақаттанған. Жалпы Ұлы Отан соғысында А.Матросовтың ерлігі-207 рет қайталанса, біздің панфиловшылардың ерлігін ешкім қайталай алмады. Москва түбінде фашистер 500 мың адамын жоғалтып, 1300 танктен айырылды.2300 зеңбірек, 15 мыңнан астам машина мен басқа да техникалардан айырылды.Мұндай шығынды фашистер көрмеген еді. „Біз жеңілмейміз!„деген фашистік армия шынымен талқандалды

2-жауап: Қазақстандық генерал-майор И. В. Панфиловтың басшылығымен 1941 жыл 15 шілдеде Алматы облысы Талғар қаласында Қазақстан мен Қырғыстан ұландарынан 316 атқыштар дивизиясының 1073 атқыштар полкі жасақталды. Ал 31 шілдеде полк ант қабылдады, Қызыл Армияның қатарына қосылды. Олар жауынгерлік машықтандырып өтіп, ұрыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеріп, ұйымшылдығы, тәртібі жағынан көзге түсті. 

3-жауап: Мәскеу үшін шайқаста И. В. Капровтың панфиловшы атқыштар полкі мен аға лейтенант Бауыржан Момышұлының басқарған батальон жауынгерлері асқан ерлік көрсетті.Жауынгерлер батырлықтың, достықтың, тәртіптіктің, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, өздерінен күшті төрт есе басым жаумен бір ай бойы күресіп, дұшпанды ойсырата жеңіліске ұшыратты. Осылайша 316 атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі аты аңызға айналған ерліктері үшін «Қызыл ту» орденімен марапатталады

2-сұрақ: Б.Момышұлының қаламынан шыққан шығармаларды атаңдар?

1-жауап: „Қанмен жазылған кітап„ , „Ұшқан ұя „ , „ Москва үшін шайқас,, , „ Менің отбасым „ , „Майдандас достарым„ , „ генерал панфилов„ , „ Төлеген Тоқтаров„ , „Адам қайраты„ , „Артымызда Москва„Б.Момышұлы орыс және қазақ тілдерінде бірдей жазады.Оның „Біздің отбасы, „Артымызда Москва„ , „Майдандағы кездесулер„ сияқты кітаптары бірнеше шетелдік тілдерге аударылып басылған.

2-жауап: Бауыржан Момышұлы туралы қаншама көркем шығармалар дүниеге келді. Олар Александр Бектің ,,Арпалыс„,Әзілхан Нұршайықовтың „Ақиқат пен аңыз„ , келіні Зейнеп Ахметованың „Шуақты күндер„ , ұлы Бақытжан Момышұлының „Жанымның жарық жұлдызы„және тағы басқа шығармалар. 

-Бауыржан Момышұлының игерген өнерлері?*Құралайды көзге атқан мерген. *Турникке тартылу және басқа спорт түрлерінен де озық жетістіктерге жеткен. * Ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен атбегілігімен аты шыққан.Мәскеу түбіндегі шайқастағы атақты ақбоз аты туралы әңгіме көп. * Әсіресе қарамағындағы жауынгерлерді соғысқа тәрбиелеуде өте озық тәжірибе көрсеткен.Нағыз қаһармандарды тәрбиелеген және жауынгерлердің „Батька„ , „Ақсақал„ дегендей қошеметтеріне ие болған. Генералдарға сабақ берген Б.Момышұлының соғыс тактикасы деген оқу пәні Израиль еліндегі әскери оқу орындарында оқытылады және студенттер ол пәннен емтихан тапсырады.Кубаның әскери мектептерінде де Бауыржанның соғыстағы әдіс - тәсілдері бойынша дәріс беріледі. Осыны ескерсек, Б.Момышұлын әскери ғылымның нағыз білгірі деуге болады. * Кітабы әлемге таралған жазушы.. * Көпшілікке белгісіздеу өнері -суретшілігі. * Бильярд ойынының шебері.Сегіз шарды тоқпақтай торға тоғытқан сәттерін ескерсек, бүгінгінің ең мықты билярдшыларымен бәйгеге түсетіндей қабілет иесі. *Сөзге шешен және тапқыр.  «Сен білесің бе?» айдары бойынша Б. Момышұлының қанатты сөздерін тауып,мағынасын ашады

  • *Тәртіп -тән үшін, ынтымақ жан үшін керек. *Тіртіпке бас иген құл болмайды. 
  • *Елсіз ер болмайды Ерсіз ел болмайды. 
  • *Тізе бүгіп тірі жүргеннен Тіке тұрып өлген артық 
  • *Көре алмаған көз сорлы, Айтылмаған сөз сорлы. 
  • * Әскерсіз қолбасшы-қауқарсыз, Басшысыз әскер - әлсіз. 
  • * Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды. * Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын. 

Әдеби - композиялық монтаж

Мектеп оқушылар «Бауыржан Момышұлына арнау» деп аталатын жыр жолдарын оқиды:

Қаһарға толы қабағы,

Шоқ шашқан отты жанары.

Ерліктің нағыз адамы,

Батыр аға Бауыржан.

Тұнығы болып тереңнің,

Биігі болып өр елдің.

Өрнегін салған өнердің,

Ақын аға Бауыржан.

Сөзбенен салып суретті,

Майдан даласын гүлдетті.

Нақышы ойға нұрды екті,

Жазушы аға Бауыржан.

Пейілі дархан жұмақ бақ,

Жайдары жаны нұры аппақ.

Турашыл жанға тұрақтап,

Ақылшы аға Бауыржан.

Өнерге толы құшағы,

Ерліктің мәңгі мысалы.

Азаматтықтың нышаны,

Біртуар аға Бауыржан.

«Бауыржан атаға» жыр жолдарын оқиды.

Сіз жасаған соғыстағы,

Ерлігіңіз ұлы ғой.

Бастан кешкен ғұмырыңыз,

Өнегеге толы ғой.

Салып кеткен сара жолың,

Болашаққа бастайды.

Бізге арнап айтқан сөзің,

Ғибрат қой бізге ол.

Қайсар ұлы қазағымның,

Айтамыз біз алғысты.

Жүрек жұтқан батыр едің,

Ерлігіңіз жырланды.

Оқушы:1947 жылы Бауыржан Момышұлы Красноярскіде әскери қызметте жүргенде былай деп жазған екен:

Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,

Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде.

Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,

Тарихтың түкпірінен сөз келгенде.

Қорытынды

Жүргізуші: Баукеңдей ер қолбасшы қалар ма естен,

Тапты ол тар қыспақта не бір шешім – деп жырланғандай, Бауыржан Момышұлы соғыста көрсеткен ерлігі үшін орден, медальдармен марапатталды. Қашанда қазақ халқы өзінің ұлдарын ұмытпаған. Бауыржан Момышұлына халықтың өзі «батыр» деген ат беріп, жоғары құрмет көрсете білген.Бауыржан Момышұлы атақ-даңқтан кенде адам емес. Ол Кеңес дәуіріндегі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» орден, медальдарымен марапатталған. Сонымен қоса Кеңес Одағының батыры атағын алды. Ел тәуелсіздігін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен «Халық қаһарманы» деген атақ берілді. Биылғы жылғы айтулы датаға байланысты елімізде және шет елдерде де батырға құрмет көрсетіліп жатыр. Көрші Ресей мемлекетінің астанасы Мәскеу қаласындағы №229 мектепке Б.Момышұлының атағы берілмекші. Және қазақ батырына арнап мектепте мұражай бұрышы да ашылыпты. Мәскеуде ақпанның бесі күні ҚР-ның РФ-дағы Төтенше және Өкілет елшілігінің резиденциясында Кеңес Одағының батыры және жазушы Б.Момышұлы туралы «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесері болды. Қаңтардың 15 және 19 күндері Алматыдағы Республикалық кітап мұражайында батырдың 100 жылдығына орай «Халық батыры» атты көрме ашылды. Сонымен қоса батырды ұлықтаған басқосу Абай атындағы ҚазҰПУ-де өткен «Б.Момышұлының рухани мұрасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасын тапты. Бұдан басқа да бұрында батырға көрсетілген құрметтер баршылық.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу