Білім туралы заң - Мектеп әкімшілігі мүшелері тапсыратын тесттер


Білім беру заңы

1 ҚР-да көптілдік білім беруді дамыту Тұжырымдамасы жасалды:

A) Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ғалымдар ұжымымен

B) Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдар ұжымымен

C) Қ.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ ғалымдар ұжымымен

D) Л.Гумилев атындағы ЕҰҰ ғалымдар ұжымымен

E) аль-Фараби атындағы ҚазҰҰ ғалымдар ұжымымен

№ 2

ҚР білім беру жүйесінің европалық білім кеңістігіне ену жағдайында модернизациялау идеясы:

A) Қазахстан Республикасында білім беруді 2015 жылға дейінгі дамытудың тұжырымдамасында айқындалған

B) «Тілдердің үштұғырлығы» жобасында айқындалған

C) ҚР «Тілдер туралы» Заңында айқындалған

D) ҚР көптілдік білім беруді дамыту тұжырымдамасында айқындалған

E) «Білім беру» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған

№ 3

«Тілдер туралы ҚР-ның» Заңы қабылданды:

A) 1991 жылы

B) 2005жылы

C) 1994 жылы

D) 1998 жылы

E) 1997 жылы

3 Әлемге деген философиялық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік және саяси білімдер, көзқарастар, сенімдер жүйесі:

A) Білім беру мазмұны.

B) Ғылыми дүниетаным.

C) Ғылымдар жүйесі.

D) Әлеуметтік тәжірибе.

E) Оқыту нәтижесі.

Сабақтастық негізінде құрылған ҚР-ның үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің буындары мен сатыларының бірлігімен көрсетілген:

A) екі сатылық

B) алты сатылық

C) үш сатылық

D) төрт сатылық

E) бес сатылық

ҚР-да 12 жылдық білім беруді еңгізуді есепке алатын, мұғалім мамандығына жоғары білім алды кәсіби бағдар барысында бейінді сыныптар арасында педагогикалық сыныптардың болуы – бұл:

A) үздіксіз педагогикалық білім берудің бірінші сатысында

B) үздіксіз педагогикалық білім берудің екінші сатысында

C) үздіксіз педагогикалық білім берудің үшінші сатысында

D) үздіксіз педагогикалық білім берудің төртінші сатысында

E) үздіксіз педагогикалық білім берудің бесінші сатысында

Әлеуметтік-маңызды тәжірибе арқылы оқыту,тәрбиелеу және дамыту процестерін мақсаттылық, ұйымдастырушылық процестері ретінде қарастыра отырып, бірнеше тілдерді меңгеру —  бұл:

A) Көптілдік білім беру;

B) Бейімдік оқыту;

C) Проблемалық оқыту;

D) Бағдарламалы оқыту;

Білім беру мазмұнын анықтау қандай сұраққа жауап береді?

A) Қалай оқыту.

B) Кімді оқыту.

C) Нені оқыту.

D) Неге оқыту.

E) Қашан оқыту.

 Оқыту процесі барысында оқушылар игеретін ғылыми білімдер, прак-тикалық іскерліктер мен дағдылар, іс-әрекет және ойлау әдістері жүйесі:

A) Тәрбие.

B) Білім беру мазмұны.

C) Оқыту.

D) Оқыту тәсілдері.

E) Білімі.

Білім беру мазмұнын анықтауға әсер ететін фактор:

A) Ата-ана қажеттіліктері.

B) Оқу құралдарымен жабдықтауы.

C) Мектептін мүмкіндіктері.

D) Қоғамның экономикалық дамуы.

E) Қоғам қажеттіліктері., ғылымның даму деңгейі.

Білім беру мазмұнын анықтаудың дидактикалық материализм теориясы бойынша білім беру мақсаты:

A) Тұлғаны дамыту.

B) Оқушылардың ойлауын дамыту.

C) Оқушыларға әртүрлі ғылымдардан неғұрлым көп білім беру.

D) Іс-әрекет әдістерін қалыптастыру.

E) Оқушылардың қиялын дамыту.

Оқыту пәнінің мазмұнын ашатын, тақырыптардың кезектестігін, оларды игеруге бөлінген уақыттарды және оқыту пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтайтын құжат:

A) Мемлекеттік стандарт.

B) Оқыту бағдарламасы.

C) Оқыту жоспары.

D) Оқулық.

E) Оқу құралы.

 

Белгілі бір тәртіппен және режиммен жүретін мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттерінің сырт көрінісі:

A) Оқыту мазмұны.

B) Оқытуды ұйымдастыру формасы.

C) Оқыту процесі.

D) Тәрбие процесі.

E) Оқыту принципі.

Сыныптық-сабақтық жүйенің теориялық негізін жасаған:

A) Я.А.Коменский.

B) К.Д.Ушинский.

C) Дж. Локк.

D) И.Ф.Гербарт.

E) А.Дистервег.

Қабілеттеріне, дайындық дәрежесіне және интеллектуалдық даму деңгейіне байланысты оқушыларды сыныптарға бөлу – ол:

A) Маннгейм жүйесі.

B) Белл-Ланкастер жүйесі.

C) Дальтон-план.

D) Трамп жоспары.

E) сыныптық-сабақтық жүйесі.

Нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде жоғары сынып оқушыларының білім сапаларын жоғарылатуын басқару жүйесінің анықталуы айқындалған:

A) ҚР-да бейіндік оқытуды дамытудың тұжырымдамасының мазмұнында

B) «Білім берудің» мемлекеттік бағдарламасы мазмұнында

C) ҚР-ы көптілді білім беру тұжырымдамасы мазмұнында

D) Тілдер туралы ҚР Заңының мазмұнында

E) «Балалар құқығы туралы» ҚР-ның Заңының мазмұнында

 Сабақта оқушылардың бірдей тапсырмаларды жеке-жеке орындаулары — оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастырудың:

A) Фронтальді формасы.

B) Жеке формасы.

C) Топтық формасы.

D) Бригадалық формасы.

E) Ұжымдық формасы.

Білім беру мазмұны қандай құжаттармен айқындалады:

A) Календарлық жоспар, сабақ жоспары.

B) Әдістемелік нұсқаудар, оқыту құралдары.

C) Оқыту жоспары, оқыту бағдарламасы, оқулықтар.

D) «Білім  туралы» заң.

E) Мұғалімнің жеке оқу – тәрбие жоспары.

 

Білім беру міндеттерін шешуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың біріккен іс- әрекеттері:

A) Оқыту әдісі.

B) Оқыту құралы.

C) Оқыту тәсілі.

D) Оқыту түрі.

E) Оқытуды ұйымдастыру формасы.

Оқыту әдісі дидактикада қандай сұраққа жауап береді:

A) Нені оқыту.

B) Қалай оқыту.

C) Қашан оқыту.

D) Не үшін оқыту.

E) Қайда оқыту.

Бағдарламалап оқыту мақсаты:

A) Тәрбие мақсаттарын шешу.

B) Оқушылардың оқу жетістіктерін анықтау.

C) Оқыту процесін басқаруды жетілдіру.

D) Автоматтандырылған қарама-қарсы байланыстарды қамтамасыз ету.

E) Оқушылардың оқу мүмкіндіктері туралы ақпарат алу.

Негізгі білім беруде олқылықтардың орнын толтыру бұл —

A) бейімделушлік

B) орын толтырушылық

C) интегративтілік

D) әмбебаптылық

E) түпнегізділік

Қауымның қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық тіл ретінде, шет тілін жаһандану экономикасына интеграциялау ретінде қолдануы айқындалған:

A) ҚР «Тілдердің үштұғырлық» жобасының мазмұнында

B) «Білім беру» мемлекеттік бағдарламасының мазмұнында

C) ҚР «Білім беру» туралы Заңның мазмұнында

D) ҚР білім беруді ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасының мазмұнында

E) «Қзахстан Республикасындағы балалар құқығы» туралы Заңның мазмұнында

Бәсекеге қабілетті болашақ мамандарды даярлау мақсатында Халықаралық «Болашақ» стипендиясы ҚР-сы Президенті тарапынан бекітілді:

A) 1993ж

B) 1998ж

C) 2000ж

D) 1997ж

E) 1991ж

 

Оқушылардың қызығушылықтары мен бейімділіктерін қанағаттандыруға бағытталған және жоғары сынып оқушыларының білім алуларын дифференциациялау мен жекелендіруге арналған оқыту жүйесі – бұл:

A) Бейіндік оқыту

B) Кәсіби оқыту

C) Бағдарламалық оқыту

D) Көптілдік білім беру

E) Проблемалық оқыту



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу