Мұсабек Байзақұлы (Табиғат тамашалары)

 Мұсабек Байзақұлы (Табиғат тамашалары)

Ақ бұлыт пен көк бұлыт,
Аспан жердің арасы.
Суда сең де жүреді,
Қай жаққа болса барасы.
Қанатпен құсты ұшырған,
Құдіретіне қарашы.
Жаңбырын жүктеп баһардың,
Суға толған сабасы.
Жылжып барып себілер,
Қай жерге болса жауасы.
Көңілін ашар адамның,
Көктемгі күннің ауасы.
Болғанда көктем жыл басы,
Аспаннан жаңбыр себелер.
Ақ бұлыт пен көк бұлыт,
Аспан жердің арасы.
Суда сең де жүреді,
Қай жаққа болса барасы.
Қанатпен құсты ұшырған,
Құдіретіне қарашы.
Жаңбырын жүктеп баһардың,
Суға толған сабасы.
Жылжып барып себілер,
Қай жерге болса жауасы.
Көңілін ашар адамның,
Көктемгі күннің ауасы.
Болғанда көктем жыл басы,
Аспаннан жаңбыр себелер.
Өлген шөптер тіріліп,
Жердің жүзі көгерер.
Құрт-құмырсқа қимылдап,
Бәрінің көңілі елірер.
Тарбаңдап жүрер уақыты қош,
Тасбақалар, кенелер.
Асыл гүлдер жалтырап,
Аспан мен жер кенелер.
Жердің жүзі түрленіп,
Жап-жасыл адыр-төбелер.
Неше алуан түрімен,
Түрлі-түрлі шөп өнер.
Қатып қалған мұз еріп,
Жылжып ағып жөнелер.
Күн де жылы жүзбенен,
Жер жүзіне нұр беріп.
Сұлу қыздай сыланған.
Бәйшешектер бүрленіп,
Шақпағын жағып жарқырап.
Күркіреп бұлт күңіреніп.
Жақсылығын көктемнің,
Жанның бәрі тұр көріп.
Жақсылықтың белгісі,
Неше алуан сыр беріп.
Сыбдыр қағып күйменен,
Сулар ағып, сылдырап.
Жасыл шөптер шайқалып,
Біткен жері елжіреп,
Қызыл, жасыл, ақ гүлдер,
Ашылып бәрі албырап.
Тербетіп шөпті өсірген ,
Мысалы желдер дүркіреп.
Аспаннан жаңбыр болып тұр,
Күн сайын күні күркіреп.
Арасында бүргеннің,
Торғайлар ашып балапан.
Амал, сәуір, зауза өтсе,
Жетеді жылжып сарыатан.
Жапырағы жайқалып,
Ағашқа бітер түрлі сән.
Сырттан байқап қарасам,
Дарақтың ата-енесі,
Тәрбият қылып ауасы,
Әртүрлі пісер мәуесі.
Жұлдыздай болып жалтырап,
Көргеннің кетер әуесі.
Таразы жұлдыз туғанша,
Ағаштар толар денесі.
Сүмбіле, мизан салқынын,
Көрген соң кетер зәресі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі