Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Қалмақтың Сарыарқаны жоқтап жылаған зары)
Қайран да, қайран, қайран тау,
Тиюші еді пайдаң тау.
Пайдасының белгісі -
Үйімде тұрған үлгісі.
Үлгісінің өрнегі:
Шаңырағым, уығым,
Үйде бақан, сырығым.
Ат ұстайтын құрығым,
Қазаныма қақпағым,
Желі бір қағар тоқпағым,
Арбама арыс білігім,
Ел қыстауға қонғанда,
Сиыр бір жатар шілігім,
Ат жүре алмас аралдым
Ішіңде бұғы, маралдым!
Бұғы да, марал жатқан жер,
Мергендер таңдап атқан жер.
Мерекеге батқан жер,
Артығын алып сатқан жер!
Үш атамыз өткен тау,
Үш мың қара біткен тау,
Әкем күйеу болған тау,
Шешем келін болған тау.
Ақ бүркеншек салынып,
Ала берен киген тау,
Ит жүгіртіп, құс салып,
Өзіме теңдік тиген тау!
Мұнарланып артымда
Қала бердің көрініп.
Ілгері қарай аяғым
Бір баспады-ау ерініп!
Көңіл еріп, жас келіп,
Кетті-ау өңім өзгеріп!
Бай төбетім маңқылдап,
Даусы құдай саңқылдап,
Байсал тауып үрген тау .
Балалы қаздай байпаңдап,
Бәйбіше дәурен сүйген тау.
Дуадақтай тоңқаңдап,
Тоқалдар дәурен сүрген тау.
Кетейін деп кетпедім.
Төңірегің толған жау.
Шабынды, қоға, қамысым,
Тамам жұртқа танысым,
Мына да көрген зорлықтан
Қалады-ау есіл қонысым!
Боранда малым шықпаған,
Үйімді дауыл жықпаған.
Шағыр бір жусан, изендім,
Сенен кетіп күйзелдім.
Байлаулы атқа пішенім,
Матаулы атқа кісенім.
Ат арқандар қазығым,
Балаларға азығым!
Кетейін деп, кетпедім,
Ойда - орыс, қырда қазақтан
Тынышым бір кетті-ау жазығың!
Қожыр, қожыр тастарым,
Сен есіме түскенде,
Көзімнен ақты-ау жастарым!
Ащының бойы ай татыр,
Балауса шөбің бал татыр ,
Балдырғаның май татыр.
Ақтылы қой айдаттыр,
Алалы жылқы жусаттыр!
Шыбышым лақ салмаған,
Тоқтым бір қысыр қалмаған.
Үш ай тоқсан соқса да
Малым жұтап қалмаған,
Желіні сыздап маңыраған,
Төлі шулап жамыраған.
Он екі қазылық, ой-Түндік,
Маңырап жаткан қой - Түндік!
Есіл-Нұра- екі су -
Еңкейіп одан бетің жу.
Бірің - шекер, бірің - бал,
Қайбіріңді айтайын?!
Бетеге, кәде, жауылша-
Шулап тұрған бәрің мал.
Кеуір келді-ау қиқулап,
«Аш құлақтан тыныш құлақ!» -
Кете бердім зар жылап,
Көбейген соң күнде шу.
Қарқаралы, Қазылық,
Жатушы едің жазылып!
Жазғытұры көшкенде,
Қалушы едің, қара жол,
Қабырғадан қазылып.
Күзгітұрым қонғанда,
Төрт түлік мал баурайда,
Жатушы еді жай тауып,
Құлашын керіп жазылып.
Егізімнің сыңары
Бірін сойсам, той болған.
Қалған бірі жетіліп,
Келер жылы өзіндей
Ыңыранып семіз қой болған.
Сойғанымның терісі
Илей білген шеберге
Бір өзі бір бой болған.
Илей білмес жаманға
Ел қыдырып кеткенде,
Кек ала шолак иттерге
Көкпары болып тартылып,
Зор мереке той болған.
Біз барармыз, барармыз,
Барып қайда оңармыз?!
Барсақ, залал тартармыз!
Сендей жерді жалғанда,
Іздеп қайдан табармыз?!
Егін де жайын білмесек,
Арып, шаршап, талармыз!
Тарының сөгін жалармыз,
Шөпшек теріп, шөп жиып,
Аштан өліп калармыз!
Тиюші еді пайдаң тау.
Пайдасының белгісі -
Үйімде тұрған үлгісі.
Үлгісінің өрнегі:
Шаңырағым, уығым,
Үйде бақан, сырығым.
Ат ұстайтын құрығым,
Қазаныма қақпағым,
Желі бір қағар тоқпағым,
Арбама арыс білігім,
Ел қыстауға қонғанда,
Сиыр бір жатар шілігім,
Ат жүре алмас аралдым
Ішіңде бұғы, маралдым!
Бұғы да, марал жатқан жер,
Мергендер таңдап атқан жер.
Мерекеге батқан жер,
Артығын алып сатқан жер!
Үш атамыз өткен тау,
Үш мың қара біткен тау,
Әкем күйеу болған тау,
Шешем келін болған тау.
Ақ бүркеншек салынып,
Ала берен киген тау,
Ит жүгіртіп, құс салып,
Өзіме теңдік тиген тау!
Мұнарланып артымда
Қала бердің көрініп.
Ілгері қарай аяғым
Бір баспады-ау ерініп!
Көңіл еріп, жас келіп,
Кетті-ау өңім өзгеріп!
Бай төбетім маңқылдап,
Даусы құдай саңқылдап,
Байсал тауып үрген тау .
Балалы қаздай байпаңдап,
Бәйбіше дәурен сүйген тау.
Дуадақтай тоңқаңдап,
Тоқалдар дәурен сүрген тау.
Кетейін деп кетпедім.
Төңірегің толған жау.
Шабынды, қоға, қамысым,
Тамам жұртқа танысым,
Мына да көрген зорлықтан
Қалады-ау есіл қонысым!
Боранда малым шықпаған,
Үйімді дауыл жықпаған.
Шағыр бір жусан, изендім,
Сенен кетіп күйзелдім.
Байлаулы атқа пішенім,
Матаулы атқа кісенім.
Ат арқандар қазығым,
Балаларға азығым!
Кетейін деп, кетпедім,
Ойда - орыс, қырда қазақтан
Тынышым бір кетті-ау жазығың!
Қожыр, қожыр тастарым,
Сен есіме түскенде,
Көзімнен ақты-ау жастарым!
Ащының бойы ай татыр,
Балауса шөбің бал татыр ,
Балдырғаның май татыр.
Ақтылы қой айдаттыр,
Алалы жылқы жусаттыр!
Шыбышым лақ салмаған,
Тоқтым бір қысыр қалмаған.
Үш ай тоқсан соқса да
Малым жұтап қалмаған,
Желіні сыздап маңыраған,
Төлі шулап жамыраған.
Он екі қазылық, ой-Түндік,
Маңырап жаткан қой - Түндік!
Есіл-Нұра- екі су -
Еңкейіп одан бетің жу.
Бірің - шекер, бірің - бал,
Қайбіріңді айтайын?!
Бетеге, кәде, жауылша-
Шулап тұрған бәрің мал.
Кеуір келді-ау қиқулап,
«Аш құлақтан тыныш құлақ!» -
Кете бердім зар жылап,
Көбейген соң күнде шу.
Қарқаралы, Қазылық,
Жатушы едің жазылып!
Жазғытұры көшкенде,
Қалушы едің, қара жол,
Қабырғадан қазылып.
Күзгітұрым қонғанда,
Төрт түлік мал баурайда,
Жатушы еді жай тауып,
Құлашын керіп жазылып.
Егізімнің сыңары
Бірін сойсам, той болған.
Қалған бірі жетіліп,
Келер жылы өзіндей
Ыңыранып семіз қой болған.
Сойғанымның терісі
Илей білген шеберге
Бір өзі бір бой болған.
Илей білмес жаманға
Ел қыдырып кеткенде,
Кек ала шолак иттерге
Көкпары болып тартылып,
Зор мереке той болған.
Біз барармыз, барармыз,
Барып қайда оңармыз?!
Барсақ, залал тартармыз!
Сендей жерді жалғанда,
Іздеп қайдан табармыз?!
Егін де жайын білмесек,
Арып, шаршап, талармыз!
Тарының сөгін жалармыз,
Шөпшек теріп, шөп жиып,
Аштан өліп калармыз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?