Қасым Аманжолов (Туған жер)

 Қасым Аманжолов (Туған жер)

Шықшы тауға, қарашы кең далаға
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?

Уа, дариға, алтын бесік туған жер
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей
Ақын болмай тасың болсам мен егер

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің
Нендей күйге жүрегімді бөледің
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім

Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім
Қызығыңды көріп еркін келемін
Сен де аямай бердің маған барыңды
Мен де аямай барым саған беремін

Болдым ғашық туған дала мен саған
Алыс жүрсем, арманым - сен аңсаған
Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың
Өз советім - өзім туған босағам

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Гүлжанат Жексембай
    1 + 3 -
    Тыныс белгілері неге дұрыс емес?
  2. ХАЛИМА
    ХАЛИМА 16.12.2020 12:41
    2 + 2 -
    Касым Аманжоловтын баска туган жердеген олендери барма?

Ілмектер: қасым аманжолов Туған жер өлең стихи на казахском касым аманжолов казакша олен, қасым аманжолов өлеңдері, стихи на казахском языке касым аманжолов, касым аманжолов олендери, Туған жер, Қасым Аманжолов өлеңдері. Стихи на казахском языке Касым Аманжолов, Қасым Аманжолов өлеңдері. Стихи на казахском языке Касым Аманжолов, қасым аманжолов өлеңдері әдеби әлем, Қасым Аманжолов өлең, қасым аманжолов Өркендей бер Отаным өлең стихи на казахском касым аманжолов казакша олен, Өркендей бер, Отаным, Өркендей бер Отаным, отан туралы олен, отан туралы олендер жинагы, отан туралы олен казакша, отан туралы өлеңдер жинағы, туган жер туралы олендер жинагы, туған жер туралы өлеңдер тақпақтар