Көші-қон. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ. 2 нұсқа.


Стиль

Мақсаты/ қолданылу аясы

Тілдік ерекшеліктері

Сөз деңгейі

Жанры

Сөйлем деңгейі

Ғылыми стиль

Ғылыми ақпараттың нақты берілуі; ақпарат беру, сендіру мақсаты

Терминдер, бейтарап лексика, абстракт мағыналы сөздер (құндылық, зерттеу, мағына), тура мағыналы сөздер, қыстырма сөздер (біріншіден, екіншіден, алдымен), экспрессияның аз кездесуі, ауыспалы осы шақ тудыратын көсемшенің -а,-е,-й жұрнақтары, ырықсыз етіс (-ыл, -іл, -л; -ын, -ін, -н)

Сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің сақталуы, себеп-салдар бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер, түсіндірмелі сабақтас құрмалас сөйлемдер

Халықтың көші-қоны

 Халықтың көші-қоны – адамдардың бір ауданнан екінші ауданға тұру үшін қоныс аударуы болып табылады. Көші-қон (миграция) – өте күрделі әлеуметтік процесс. Бұл тек қана көшіп бару емес, барған жеріңе бейімделуің керек. Осы кезде адамның жинақылығы, шыдамдылығы, кәсіпшілігі және жаңа жердің жағдайына үйренісуі байқалады. Сондықтан да халықтың көшіп қонуы – мемлекеттің даму деңгейін көрсетеді. Көші-қонның қоғамдағы рөлі ерекше орында. Ол қазақ халқының қалыптасуына, мәдениетіне, тіліне үлкен әсер етті. Бұл процеске қазір де үлкен мән берілуде:

 Бағыты бойынша миграцияны ішкі және сыртқы деп бөледі. Сыртқы көші-қонға эмиграция (елден кету), иммиграция (елге келу) және реэмиграция немесе репатриация (лат. patria - отан) (көшіп кеткендердің елге қайта оралуы) жатады. Көшіп келгендер мен көшіп кеткендердің арақатынасы халықтың механикалық өсімін анықтайды. Оны көші-қон сальдосы (итал. caldo - қалдық) деп атайды. Оң белгілі сальдо халықтың өсімін көрсетеді, ал теріс белгілі сальдо халықтың азаюын көрсетеді. Адамдардың қоныс аударуының ең көп таралғаны экономикалық-әлеуметтік себептер, яғни олардың өмір сүру деңгейі жоғары жерлерді іздеуі, окуға бару, отбасылардың туысқандарына барып қосылуы, т.б. Ірі көші-қон барысы саяси себептерге, атап айтқанда соғыс, мемлекеттік шекара өзгерісіне байланысты. Мысалы, мемлекеттің құлауы немесе бірігуі нәтижесінде ауқымды репатриацияның пайда болуын жатқызуға болады.

 Экологиялық көші-қонға - халық қоршаған ортасы лас аудандар мен экологиялық апат аймақтарынан басқа жақтарға қоныс аударуы жатады. Көші-қон ұзақтығына қарай тұрақты және уақытша деп екіге бөлінеді. Уакытшаға - вахталық (ауыспалы) жұмысқа келу жатады. Ол көбінесе табиғи ресурстарды игеру аймақтарына тән. Келесі мысал — маусымдық, құрылыс және ауыл шаруашылық жұмыстарына келу. Уақытша көші-қонды туристер, жас еңбек отрядтары, гастарбайтерлер (шетелдік жұмысшылар) қалыптастырады. Формасына қарай - ерікті және еріксіз деп бөлінеді.

 Ерікті түрде көшу - өз еркімен (ұйымдаспаған көші-қон) және мемлекет ұйымдастырған (ұйымдасқан көші-қон) жағдайда болады. Мысалы, тың және тыңайған жерді игеруді, шет елдегі қандастарға елге оралуды мемлекет тарапынан ұйымдастыру.

 Еріксіз көші-қон - сталиндік репрессия тұсындағы халықты отырған жерінен күшпен көшіріп жіберу. 1937-44 жылдар аралығында Қазақстанға корейлер, поляктар, немістер, шешендер, ингуштар, балқарлар және басқа халықтар күшпен кешіріліп әкелінді. Барлығы 1 млн адамға жеткен Сыртқы көші-қонның бірдей деңгейдегі 3 ағымы бар.

 Біріншісі - ұлғаюшы ағым. Шетелден қандастардың көшіп келуі (репатриация). Ол көрші елдерде қалыптасқан. Бұл елдерде 3,5 млн қазақ бар. Көшіп келушілердің 9/10 бөлігі Өзбекстаннан, Ресейден, Қытайдан және Моңғолиядан келуде. Олар барлық аймақтарға

 бөлінгенімен, көбінесе оңтүстік-батыс аймақтарда қоныстануда.

 Екінші - саябырсыған ағым - орыс және украиндардың Ресейге, немістердің Германияға көшуі. Олар көбінесе Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстан тұрғындары. Олардың 9/10 бөлігі Ресейде орналасуда.

 Үшінші - еңбек күші ағымы (гастарбайтерлер). Батыстағы мұнай-газ өндірісіне жұмыс істеуге келгендер. Ішкі көші-қонның масштабы сыртқы көші-қоннан үш есе

 артық. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап халықтың 1/3 бөлігі мекенжайын ауыстырған. Қазақстан халқы дүние жүзіндегі ең икемді халықтың бірі болып шықты.

 Облыс ішіндегі көші-қонның екі ағымы бар:

 1) ауыл халқының қалаға көшуі;

 2) кіші-гірім қалалардан үлкен қалаға көшу.

 «Қаладан - ауылға», «ауылдан - ауылға» ағымдарының мөлшері әте аз. Облысаралық көші-қон арасында 2 көшбасшы қала бар, олар - Астана және Алматы. Көшіп кеткендердің жартысы осы қалаларға қоныс тебуде. Даму әлуеті жоғары болғандықтан, бұл қалаларға көшіп келушілер саны болашақта да арта бермек. Мемлекеттің көші-қон саясаты екі мәселені шешуге бағытталған.

 Бірінші мәселе - көші-қон көлемін төмендегі жағдайлар бойынша көтеру:

 1) репатрианттар - қандастар;

 2) реэмигранттар - бұрынғы Қазақстан азаматтары;

 3) экономикалық және экологиялық жағдайы қолайсыз аудандардан көшіру.

 Екінші мәселе - мемлекетті модернизациялау үшін халықты тиімді орналастыру және емір сүру сапасын жоғарылату. Бұл шаралар жаңадан шыққан «Нұрлы көш» бағдарламасында қарастырылған.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу