Қазақстанның тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері. Қазақ тілі, 9 сынып, қосымша материал.


Экспо туралы не білеміз?

ЭКСПО бұл өнертабыстар алаңы.Бүкіләлемдік көрмелер немесе ЭКСПО осымен бір жарым ғасырдан аса уақыттан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында олардың танымалдығы өте артты – тіпті көрмелерді әлем чемпионаттарымен және Олимпиада ойындарымен салыстыратын болды. Сарапшылардың есептеуінше, 1851 жылы Лондонда алғашқы көрмені өткізгелі бері, ЭКСПО-ға бүкіл әлемнен миллиардтан аса адам келген. Жұртшылықты техникалық жаңалықтарды бірінші болып тамашалау мүмкіндігі қызықтырады. Дәл осы ЭКСПО-дан кейін телефон, рентген аппараты, сыдырма ілгек, балмұздаққа арналған вафлядан жасалған стақан, телехабар тарату, сенсорлық экран және т.б. дүниелер біздің күнделікті тұрмысымызға жол тартқан. Ал ЭКСПО-2017 бізді қандай жаңа техникалық дүниелерімен таңқалдырмақ? Өнертапқыштар қазір өз дүниелерін Астанада көрсетуге дайындалуда. 

Қазақстанның астанасы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрме өткізілетін орын болып сайланды. Астана – жеңімпаз қала. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болмақ.. Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Әрбір қазақстандық біздің жеңіске жететінімізге сенеді және

Көрмелердің халықаралық бюросы делегаттары оң жауап береді деген үмітте. Өйткені біз үшін жеңіс маңызды.

Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру

барысында Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.

2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізужөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды.Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады.Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.

ЭКСПО -2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін.

Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.

Халықаралық көрмелердің тарихыАлғашқы халықаралық көрмені лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2012 жылы 161 жыл толыпты.

Олардың басты мақсаты – жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі. Мысалы, соңғы Сарагосадағы өткен EXPO-2008 көрмесінің тақырыбы: «Су және тұрақты даму» болды. Мұнда көрме тақырыбы міндетті түрде тек Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ғана емес, басқа да бүкіләлемдік ұйымдармен, соның ішінде БҰҰ-мен келісілуі тиіс. Қазақстан өткізуге үміттеніп отырған кезекті Халықаралық мамандырылған көрме 2017 жылы болады.

Қазақстан  мен EXPO 1997 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық Көрме Бюросына мүше-ел болып табылады.

Мемлекетіміз Экспо Көрмелерінде 2005 жылдан бастап белсене қатысады. Экспо Сарагоса Көрмесінің нәтижесінде, қатысушы "C" категориялы елдер ішінде, Қазақстан Республикасы жүлделі үшінші орынды алып, қола медальмен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, осындай шараның Астана қаласында өткізу маселесін, алғаш рет Экспо Сарагоса көрмесіне ресми сапары кезінде айтқан болатын.Казахстанның EXPO көрмелеріне қатысуы туралы мәліметтер:«EXPO 2005, Аичи» Жапония • Келушілердің саны: 370 000 адам• Қазақстан экспозициясының алаңы: 324 ш.м.• Тақырыбы: «Табиғат даналығы»«EXPO 2008, Сарагоса Испания Корольдігі Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі безендіру критерийлері бойынша Қолажүлдеге ие болуы;• Келушілердің саны: 361 500 адам• Қазақстан экспозициясының алаңы: 590 ш.м.• Тақырыбы: «Су және тұрақты даму»«EXPO 2010, Шанхай» Қытай Халық Республикасы • Келушілердің саны: 446 000 адам• Қазақстан экспозициясының алаңы: 1500 ш.м.• Тақырыбы: «Астана – Еуразия жүрегі»

Көрмелердің тақырыбы.

Көрменің тақырыбы

1988 жыл

Лиссабон

«Мұхиттар – болашақтың мұрасы»

2000 жыл

Ганновер

«Адам.Табиғат.Технология»,

2005 жыл

Нагоя

«Табиғат даналығы»

2008 жыл

Сарагос

«Ауыз — су мәселесі»

2010 жыл

Шанхай

«Көрікті қала- үздік өмір»

2015 жыл

Милан

«Планетаны тамақтандыру,өмірге арналған энергия»

2017 жыл

Астана

 «Болашақтың энергиясы»

ЭКСПО — ның пайдасы қандай?                                                                    

    Баламалы энергия көздері бойынша ғылыми зеттеулер жасап жүрген ғалымдарымыз үшін маңызды.Халықаралық көрме барша әлемге осы саладағы қазақстандық ақыл- ойдың қуаты мен әлеуетін паш ететін болады.Бұдан басқа, ЭКСПО нысандары үшін жол салу,қоғамдық көлік, коммунальдық шаруашылық, әуежай, вокзал тәрізді инфрақұрылымдық жұмыстар өркендейді.Бұл дегеніңіз жаңа жұмыс орындары.Екіншіден, Астана мен оның маңындағы аймақтарда шағын және орта бизнестің дамуына және ішкі туризмнің артуына серпін бермек.Үшіншіден,елімізге шетелдік туристер ағыны күшейетіні белгілі.Көрмеге үш айда 100 елден  5 млн. адам (күн сайын 50 мыңдай) келеді деп күтілуде.Төртіншіден,ЭКСПО болашақта Қазақстанды ірі несиелер құюға болатын халықаралық ақпараттық- экономикалық алаң ретінде тануға мүмкіндік береді.

http://present5.com/ekspo-degenimiz-ne-ekspo-atauy-өziniң-aty/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу