Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017

Мектеп:

Пән: қазақ тілі

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні:

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Келмегендер:

Сабақ тақырыбы

Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.2.1. Қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (дәріс, интервью) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау;

Сабақ мақсаты:

Әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (дәріс, интервью) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдайды

және айтылымда қолданады

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Сұхбаттағы мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдайды

сұхбаттағы тақырып пен мақсатты аудиторияны анықтайды;

мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдайды;

бұл сөздердің сұхбат мазмұнын ашудағы рөлін талдайды;

уақытты тиімді қолданады (5-10 мин)

Тілдік міндеттер

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Мен мынадай дәлелдер келтіремін... Оның себебін... деп түсіндіремін. Біздің пікірімізше.... Олай ойлауға ..... себептер бар. Бұл сабақта оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы өзіндік пікірін білдіреді және дәлелдемелер келтіреді.

Негізгі тақырып бойынша лексикалық минимум: Ғылыми жаңалықтар (ашылулар ) мен технология, Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017», «Энергия», «Жаңармалы энергия»

Қоғам. Жаңалық.Құндылық.Неге? Қалай? Қашан? сұрақтарын пайдалану арқылы айтылым алды дайындық сөйлесуін жүргізеді.

Мен осы көзқараспен келісемін/келіспеймін. Өйткені ...

Құндылықтарды дарыту

 

  • өмір бойы оқу- білімін тереңдету, қажетті материалдарға талдама жасау
  • азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рух -сабақ мәнмәтінінде көтерілген мәселеге «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017» тақырыбында сыни ойларын арттыру
  • ынтымақтастық: бір-бірін қолдау, өзгенің пікірін сыйлау
  • жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет;
  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

Пәнаралық байланыс

Мәтін мәнмәтінінде қоғаммен, елтанумен, жаһанмен байланысты танымдық ақпараттар беріледі

АКТ –ны қолдану дағдылары

Интерактивті тақтадан бейнебаян көру арқылы тыңдалым дағдысы жетілдіріледі, назарын шоғырландырып дағдыланады

Алдыңғы білім

Алдыңғы бөлімдер бойынша білгендерін бір-бірімен сөйлескенде пайдаланады.

Сабақ барысы

Жоспарлан

ған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурс

тар

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту.

Тыңдалым алдындағы тапсырма.

Тірек сөздер: Ғылыми жаңалықтар (ашылулар ) мен технология, Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017», «Энергия», «Жаңармалы энергия»

«Әңгімелеуші –тыңдаушы» әдісі.

Қатысушылар екі-екіден жұптасып, қолдарына берілген тақырып бойынша суреттер мен тірек сөздерді пайдаланып, қолындағы сурет жайлы не білетінін жұптағы сыңарына түсіндіруі тиіс. Сонан соң рөл ауысады.

Осы суреттер арқылы тақырыпқа шығады.

Болжау, сабақ тақырыбын, оқу мақсатын айқындау.

Кері байланыс. Бұрынғы білетін білімдерін еске түсіру және алдағы жұмыстарды жоспарлау

Оқушы дәптері

Суреттер

Сабақтың ортасы

5 мин

10 мин

10 мин

5 имн

Мағынаны тану.

1-тапсырма. Тыңдалым тапсырмасы.

 Оқушылар https://www.youtube.com/watch?v=b9Wx0oPX8U4 сілтемесінен Елбасының EXPO 2017 туралы сұхбатын көреді. ( 02.35. мин.).

Сұхбат мазмұнын талқылау.

  • Қандай тақырып туралы сөз болды? (Қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми)
  • Мақсатты аудитория қандай? Кімдерге бағытталған?
  • Қандай тірек сөздер мен көркемдегіш құралдарды естідіңдер?

2- тапсырма. Талда- жұптас- бөліс.

Оқушылар өз еріктерімен жұптасады (екіден, үштен болуы да мүмкін).

Оқушыларға «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерімен сұхбатынан үзінділер таратылады.

Тапсырма: Өздеріңе берілген сұхбат бөліктеріндегі тақырып пен мақсатты аудиторияны анықта, көркемдегіш құралдардың астын сыз, бұл сөздердің сұхбат мазмұнын ашудағы рөлін талда.

  • Тілшінің сұрақ қою әдісін талқыла;
  • Көтерілген мәселені анықта;
  • Мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талда, мысалы, сөздердің лексика- семантикалық топтарының қолданысы; ғылым, энергия саласындағы атаулар, көптік мағынада жұмсалған атаулар т.б.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Сұхбаттағы мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдайды

сұхбаттағы тақырып пен мақсатты аудиторияны анықтайды;

мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдайды;

бұл сөздердің сұхбат мазмұнын ашудағы рөлін талдайды;

уақытты тиімді қолданады (5-10 мин)

3- тапсырма.

  • «Кешкі шай», «Бай-қуатты болайық!», «Бетпе-бет», «Сыр сұхбат», «Айтуға оңай» бағдарламаларының бірінің форматын таңда;
  • Бірің сұхбат беруші рөлінде, бірің тілші рөлінде сұхбат дайында.
  • Көшедегі адамдардан интервью алу үлгісін де көрсетуге болады.
  • Мәтінде берілген ақпаратты, тірек сөздерді қолдан.

Жұптар бір- біріне жұмыстарын рөлде ойнап көрсетіп, келесі жұп ауызша кері байланыс беріп бағалайды.

Тыңдалым материалы

Слайд

https://www.youtube.com/watch?v=b9Wx0oPX8U4

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия. «3-2-1» әдісі

3 маңызды ақпарат

2 қиындық туғызған мәселе

1 көңіл күйіңізді танытатын сөз

Кері байланыс

Үйге тапсырма: Теледидардан осы бағдарламалардың бірінен үзінді көріп, олардың әңгімесіне пікір жаз.

Дифференциация – қалай жүзеге асырылды.

Көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Мақал- мәтелдерді қолдандыруға көбірек көңіл бөлу. Селқостық танытатын оқушыларға көшбасшылық қызмет жүктеу.

Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?

Қабілетті оқушыларға зерттеу, жинақтау тапсырмаларын беруге баса назар аудару

Бағалау.

Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау критерийлері мен дескрипторлар бойынша

топ топты бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау;

Жайлы атмосфера қалыптастыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсаттарына жетті ме? Егер оқу мақсаттарына жетпесе, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүзеге асты ма?

Сабақ кезеңдері уақытқа сәйкес келді ме?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін қолданыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуғажәнеүйренугеқатысты

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту мен оқуға қатысты ойланыңыз)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқыту мен оқуға қатысты ойланыңыз)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу