Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017. Қазақ тілі, 9 сынып, таратпа материал. 4 сабақ.
І топ. 1 мәтін.
Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің ең айтулы жетістіктері
Тәуелсіздіктің тұғырын биік ұстаған Қазақстан 27 жыл ішінде өте көптеген жетістіктерге жетті. Дегенмен мемлекет тарихында алтын таңба болып қалатын елеулі оқиғалар легі қандай? 24 жылды артта қалдырған Тәуелсіздік еліміздің басты оқиғаларына көз жүгіртейік.
1991 жыл — Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялауы
1991 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді ел деп жарияланды. Сол жылы 17-желтоқсанда Алматыдағы Орталық алаңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жариялануына және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының бес жылдығына арналған митинг болып өтті.
1992 жыл. 1992 жылдың 2 -наурызында Қазақстан БҰҰ-ның мүшесі атанды. Сол жылдың басында Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін: әнұран, елтаңба және туды жасауға конкурс жарияланды. 1992 жылдың 4 маусымында ҚР Президенті «ҚР мемлекттік Туы», «ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы», «ҚР Мемлекеттік Әнұраны туралы» заңға қол қойды.
1993 жыл. 1993 жылдың 28 қаңтарында Жоғары кеңес Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясын қабылдады. Қазақ тілі енді ресми түрде мемлекеттік тіл деп саналады. Сол жылы ұлттық валюта енгізу жөніндегі Мемлекеттік комиссия құру туралы шешім қабылданды. Оның төрағасы болып премьер-министр Сергей Терещенко тағайындалды. Сонымен бір мезгілде Ресеймен ортақ рубль аймағы туралы келісімге қол қойылды. Дербес ақшаның енгізілетіні туралы Қазақстан халқына небары үш күн бұрын ғана хабарланды.
1994 жыл. 1994 жылы Байқоңыр ғарыш айлағы Ресейге жалға берілді. Келісім бойынша, көршілерге оны пайдалану жылына 115 миллион долларға түспек. Бірақ республика алғашқы нақты ақшаны тек 1999 жылы ғана алуға қол жеткізді. Шілде айында ғарышқа екінші қазақ — Талғат Мұсабаев ұшты, бірақ ол Ресей федерациясының азаматы ретінде ұшқан еді. Ғарышқа екінші рет ұшып барған соң Талғат Мұсабаев Ресей федерациясының батыры және Қазақстанның «Халық қаһарманы» атағына ие болды.
1995 жыл. 1995 жылдың 30 тамызында қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясы қабылданды. Ол бойынша республика президенттік басқару түріне көшеді, енді заң шығарушы органды тек мемлекет басшысы ғана тарата алады.
1996 жыл. 95-ші жылы күзде Қазақстанда ұлттық әуе тасымалдаушы пайда болды. «Эйр Қазақстан» компаниясына азаматтық авиацияны тұрақтандырып, жаңадан ұшақтар алынып, ішкі және халықаралық бағыттарға әуе қатынастары көбейтеді деген үміт артылды.
1997 жыл. 1997 жылдың 10 ҚР Президенті Н. Назарбаев «Қазақстан — 2030:Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауын жариялады.
1998 жыл. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы реформасы басталды. Мемлекет зейнетке шығу жасын да ұлғайтты. Егер посткеңестік Қазақстанда әйелдер мен ер адамдар зейнеткерлікке тиісінше 55 және 60 жаста шығып келген болса, енді олар 58 және 63 жаста шығатын болып белгіленді.
1999 жыл. 1999 жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Сайлауда дауыс бергендердің 79,78 % қолдауына ие болған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетіп, тағы жеті жыл мерзімге сайланды.
2000 жыл. 2000 жылдың 10 қазанында Астанада халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды. Қауымдастықты құру туралы келісімге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Тәжікстан қол қойды. Кейіннен қауымдастық Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына байланысты алынып тасталды.
2001 жыл. Еліміз Тәуелсіздіктің 10 жылдығын атап өтті. Сол жылы Рим папасы Иоанн Павел II Астанаға келді.
2002 жыл. 2002 еуро айналымға енгізілді. Осы жылдың қаңтар айында «Қазкоммерцбанк», «БанкТұранАлем» және «Халық банк» 30 млн еуроны аалып келді. Бұл кезде еуро құны Ұлттық банк есебіне сәйкес 150,97 теңгеге, ал доллар 154,10 теңгеге тең болды.
2003 жыл. 2003 жылы 10 мың теңгелік номиналды банкнот айналымға енгізіліп, Қазақстандағы ең ірі купюра болды.
2 топ. 2- мәтін.
Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің ең айтулы жетістіктері
2004 жыл. 2004 жылдың 28 мамырында Шығыс Қазақстан облысында Перизат Ускембаева есімді Қазақстанның 15 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. Ал оның егізі қазақ санының 16 миллион есебін ашты.
2005 жыл. 2005 жылдың 4 желтоқсанында кезекті Президент сайлауы өтті. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 91,15% дауыспен үшінші мәрте Мелмекет басшысы болды.
2006 жыл. Осы жылы теңгенің жаңа үлгілері айналымға шығарылды және «Самұрық» мемлекттік қоры құрылды. Кейін «Қазына» қорымен бірігіп, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ болды.
2007 жыл. Бұл жыл еліміз үшін ғана емес бүкіл әлем үшін тарихтағы ең ірі қаржылық дағдарыспен есте қалды. Экономикалық дағдарыс Қазақстанды да шарпып өтті.
2008 жыл. Осы жылы 13 қазанда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамға айналды.
2009 жыл. Қаңтар айында Ұлттық банк басшысы болып Григорий Марченко қайта келді. Осы кезде доллар бағамы 150 теңге деңгейіне жетті.
2010 жыл. Қазақстан Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтвмақтастық Ұйымына төрағалық етіп, желтоқсан айында елімізде саммит өткізілді.
2011 жыл. Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары өті. Қазақстандық спортшылар 70 медаль иеленді. Оның ішінде 32 алтын, 21 күміс және 18 қола алды.
2012 жыл. Осы жылдың 22 қарашасында 2017 жылғы Әлемдік көрмеге елімізде өткізу құқығына ие болғаны туралы белгілі болды. Халықаралық көрме бюросының мүшелерінің қатысуымен Астана 103 дауыс жинады.
2013 жыл. 24 тамыз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының XX мерейтойлық сессиясы болып өтті.
2014 жыл. 2014 жылдың тамыз айында Үкіметте қайта құрылымдау болды. 17 министрлік пен 9 агенттіктің орнына елде 12 министрлік және шамамен 30 комитет құрылды. Қаржы полициясы жабылды, оның қызметін мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес істері жөніндегі агенттік алды. ТЖМ қызметі Ішкі істер министрлігіне берілді. Сонымен қатар, Энергетика министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігі құрылды.
2015 жыл. Биыл 27 шілдеде Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды.
3 топ. 3- мәтін.
«Жасыл энергия» - болашағымыз
Энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің біріне айналды. Өнеркәсібі дамыған әлемнің барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу шаралары дұрыс жолға қойылған. Өйткені көмірмен және көмірсутегімен жұмыс істейтін жылу электр станциялары түбі бір экологиялық проблемалардың асқынуына әкеп соқтыратыны белгілі жайт. Сондықтан әлем қайта қалпына келетін жергілікті энергия көздерін энергия үнемдеудің басты қайнар көзі ретінде қабылдап отыр. Соңғы жылдары елімізде де қалпына келетін энергия көздеріне энергетикалық кешенді дамытудың бір тармағы ретінде қарай бастады. Мемлекет пен бірқатар бизнес құрылымдар тарапынан оны қолданысқа енгізуге зор күш салынып жатыр. Оның өз жөні бар. Ең алдымен, қайта қалпына келетін қуат көздерін тиімді пайдалану энергияны үнемдеуге мүмкіндік берсе, екіншіден экологиялық мәселелердің түйінін тарқатады деуге болады. Қазақстанда қалпына келетін энергия көздерінің тұрақты кешенін құру мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асатын шаруа болғандықтан, бұл мәселе үкімет деңгейінде қолға алынған.
Қазақстан қалпына келетін энергия көздерін пайдалануда зор әлеуетке ие. Аға-апаларымыздың зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстанның жалпы су әлеуеті жылына 170 млрд кВт/сағатқа жетеді екен. Бұл салада жүргізілген жұмыстар нәтижесіз емес, Қазақстан Мойнақ СЭС-і, Кербұлақ СЭС-і мен Бұлақ СЭС-і сияқты ірі жобаларды іске асыруды бастап кетті. Географиялық орналасуы жағынан Қазақстанның жел энергетикалық әлеуеті де жоғары. БҰҰ-ның Жел энергетикасы бойынша даму бағдарламасы аясында жүргізілген зерттеулер Қазақстанның бірқатар өңірлерінде желдің жылдамдығы 6 м/с-тан асатынын дәлелдеп берді. Бұл ретте, Балқаштың климаттық жағдайы ерекше маңызға ие. Балқаш өніріңде Сарыарқаның аңызық желі үздіксіз соғып тұрады.
Қазақстанның климаттық жағдайы күн энергиясын да пайдалануға қолайлы болып табылады. Елімізде күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына 2,5 млрд кВт/сағатқа бағалануда. Қазақстан солтүстік ендікте орналасқанына қарамастан, республика аумағындағы күн радиациясының әлеуеті өте жоғары. Сонымен қатар, өңірде күн энергиясы электр қуатын өндіру үшін ғана емес, жылу алу үшін де пайдалануға болады. Ол үшін орталық электр және жылумен қамтамасыз ету жүйелерінен шалғай жатқан аудандарда күн қондырғылары орнатылуы тиіс.
Қазақстанда қайта қалпына келетін және баламалы энергетика саласы кенже қалған. Елімізде соңғы жылдары осы саланы қолдауға бағытталған заңнамалық базалар мен бірқатар салалық бағдарламалар қабылданды. Республикамыз қайта қалпына келетін энергия көздерін дамытуды заңдық тұрғыдан мықтап бекітіп алған. Нақты жұмыстар атқарылуда. Ендеше, баламалы энергетиканы қолдану ел экономикасын жаңғыртудың маңызды факторына айналатын күн де алыс емес деген сөз.
4 топ. 4- мәтін.
Күн сәулесі – болашақтың сарқылмас энергиясы
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтылған энергетикалық тапшылық – бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі. Жер қойнауында, әсіре Қазақстанның ұлан-ғайыр, әрі бай жер қойнауында қазба байлығының мол болғанына қарамастан, адамзат оны жылдан жылға игеріп жатыр. Алайда, шикізат көзі өлшеусіз емес, бір күні ол да шегіне жетеді.
Әсіресе, бүгінде жоғарыда айтылғандай,отынның таптырмайтын түрлері мұнай мен газдың қоры жыл санап кему үстінде. Ғалымдарымыздың жуықтаған есептеулері бойынша қазіргі қарқынды тұтыну екпіні жалғаса берсе, табиғаттағы газ қоры шамамен 50 жылға, мұнай қоры 40-50 жылға ғана жететін сияқты. Сондықтан Күн энергиясын қолдану өркениеттің дамуының негізгі факторы болып табылады. Біз энергияның қосымша көзінің бірі – Күн сәулесі деп ойлаймыз және осы ой аясында біраз зерттеулер жүргіздік.
Қосымша энергия қоры ретінде Күнді пайдаланудың мәні және пайдасы зор. Өйткені, оның экологияға зияны жоқ және Жер бетіндегі тіршілікке үйреншікті энергия көзі. Адамзат, күн энергиясының ағынын өз бақылауына алып, қолдану арқылы жердің климатын сақтап қана қоймай, сонымен бірге энергияны да көп мөлшерде үнемдейді.Әлемнің шырағы атанған Күн планетасы бізге жақын орналасқан алып термоядролық реактор. Оның қайнаған «қазанында» әрбір секунд сайын төрт миллион тонна сутегі жанады. Осының арқасында әлем кеңістігіне өте көп энергия бөлінеді.Күн сәулесі энергиясының 30 % — і ғарыш кеңістігіне тарайды да , 70 % — і жер бетіне түседі. Күннің жерге түсетін мол энергиясының бір бөлігі атмосфераға, мұхит пен құрлықтарға сіңеді. Екінші бөлігі сулардың булануына және олардың айналып, қайта түсуіне шығындалады. Үшінші бөлігі теңіз және атмосфералық ағындарды туғызады. Ал төртінші – бір кішкене ғана бөлігін өсімдіктер бойына сіңіреді. Сөйтіп, жер бетінде ғажайып фотосинтез реакциясы жүреді.
Күн сәулесінен энергия алу дегеніміз – дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі. Ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген. Күннің сәулеленуі – Жердегі энергия көзінің негізгі түрі. Күн сәулесі арқылы тікелей жылытуға немесе фотоэлементтер көмегімен энергияны қайта өңдеу арқылы электр энергиясын алуға не басқа да пайдалы жұмыстарды атқаруға болады.
БАҒАЛАУШЫ ПАРАҒЫ ТОП- | |
1.Сарапшы (негізгі идея мен көтерілген проблеманы анықтайды) | |
2.Баяндаушы (қысқаша мазмұнын айтады) | |
3.Сұрақ қоюшы (1-нақты, 2-проблемалық, 1-шығармашылық) | |
4.Тілші (тілдік ерекшеліктерді атап кетеді) |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?