Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017

Мектеп:

Пән: қазақ тілі

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні:

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Келмегендер:

Сабақ тақырыбы

Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу;

Сабақ мақсаты:

Белгілі бір мақсат үшін оқу түрлерін меңгере отырып, берілген рөлдерді таңдау арқылы оқылым стратегияларын тиімді қолдана біледі.

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана біледі

Мәтінді түсініп оқиды.

Сарапшы негізгі идея мен көтерілген проблеманы түсіндіре алады.

Баяндаушы қысқаша мазмұнын жеткізеді.

Сұрақ қоюшы1-нақты, 2-проблемалық, 1-шығармашылық сұрақ дайындайды.

Тілші тілдік ерекшеліктерді атап кетеді.

Тілдік міндеттер

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Мен мынадай дәлелдер келтіремін... Оның себебін... деп түсіндіремін. Біздің пікірімізше.... Олай ойлауға ..... себептер бар. Бұл сабақта оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы өзіндік пікірін білдіреді және дәлелдемелер келтіреді.

Негізгі тақырып бойынша лексикалық минимум:

Неге? Қалай? Қашан? сұрақтарын пайдалану арқылы айтылым алды дайындық сөйлесуін жүргізеді.

Мен осы көзқараспен келісемін/келіспеймін. Өйткені ...

Құндылықтарды дарыту

 

  • өмір бойы оқу- білімін тереңдету, қажетті материалдарға талдама жасау
  • азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рух -сабақ мәнмәтінінде көтерілген мәселеге «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017» тақырыбында сыни ойларын арттыру
  • ынтымақтастық: бір-бірін қолдау, өзгенің пікірін сыйлау
  • жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет;
  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

Пәнаралық байланыс

Мәтін мәнмәтінінде географиямен, физикамен, жаһанмен байланысты танымдық ақпараттар беріледі

АКТ –ны қолдану дағдылары

Интерактивті тақта мүмкіндіктері

Алдыңғы білім

Өткен сабақта өз тобында берілген мәтіндер бойынша өзінің жазып келген сыни ойымен бөліседі.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурс

тар

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту

Төрт топқа 4 мәтін таратылады.

Олар мәтін не туралы екенін білу үшін мәтінге көз жүгіртіп шығады. 2 мин.

Мәтін не туралы, кім туралы болатынын айтады.

Болжам жасайды.

Болжау, сабақ тақырыбын, оқу мақсатын айқындау.

Кері байланыс. Бұрынғы білетін білімдерін еске түсіру және алдағы жұмыстарды жоспарлау

Оқушы дәптері

А4, маркерлер

Сабақтың ортасы

20 мин

10 мин

Мағынаны тану.

1-тапсырма. Топтық жұмыс.

Оқылымалды тапсырма

беріледі. Әр топ мүшесі мәтіннің мазмұнымен таныс болғаннан кейін өздеріне бөлінген рөлді атқарып, тапсырманы орындайды.

1-топқа. Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің ең айтулы жетістіктері. (1991- 2003 жж.)

2-топқа. Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің ең айтулы жетістіктері. (2004- 2015 жж.)

3-топқа. «Жасыл энергия» - болашағымыз.

4-топқа. Күн сәулесі – болашақтың сарқылмас энергиясы.

Топ мүшелері: Берілген рөлдерді таңдату арқылы оқушыларды саралап оқыту әдісін (дифференциация) қолдану.

1. Сарапшы (негізгі идея мен көтерілген проблеманы түсіндіреді)

2. Баяндаушы (қысқаша мазмұнын айтады)

3. Сұрақ қоюшы (1-нақты, 2-проблемалық, 1-шығармашылық)

4. Тілші (тілдік ерекшеліктерді атап кетеді)

5. Бағалаушы (әр топ мүшесіне тоқтала кете, топтық жұмысты бағалайды).

Топ-

1. Сарапшы (негізгі идея мен көтерілген проблеманы түсіндіреді)

2. Баяндаушы (қысқаша мазмұнын айтады)

3. Сұрақ қоюшы (1-нақты, 2-проблемалық, 1-шығармашылық)

4. Тілші (тілдік ерекшеліктерді атап кетеді)

Оқушылар тапсырманы орындайды. Жұмыстарын қорғайды, бағалайды

Бағалау әдісі- «Детальді талдау». Бағалаушы әр топ мүшесінің атқарған рөлі бойынша талдау жасау арқылы бағалайды.

Бағалау критерийлері:

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана біледі

Мәтінді түсініп оқиды.

Сарапшы негізгі идея мен көтерілген проблеманы түсіндіре алады.

Баяндаушы қысқаша мазмұнын жеткізеді.

Сұрақ қоюшы1-нақты, 2-проблемалық, 1-шығармашылық сұрақ дайындайды.

Тілші тілдік ерекшеліктерді атап кетеді.

2- тапсырма.

Бүгін өзің топта талқылаған мәтінгежазбаша тезис жаз.

Оқушылар 2-3 сөйлеммен тезис жазады, топ ішінде бір- бірімен сағат тілімен ауыстыра отырып, бір- бірін ауызша бағалайды.

Оқылым таратпа материалдары

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия.

Кері байланыс

Үйге тапсырма: Жағдаят: Сіз анаңыз екеуіңіз (не досыңызбен) Астанада өткен «ЭКСПО 2017» көрмесіне бардыңыз. Барлық павильондарды араладыңыз. Көрмені аралап жүргендегі өзіңіздің әсеріңіз, көңіл-күйіңіз, эмоцияңыз қандай болғанын сипаттаңыз.

Дифференциация – қалай жүзеге асырылды.

Көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Мақал- мәтелдерді қолдандыруға көбірек көңіл бөлу. Селқостық танытатын оқушыларға көшбасшылық қызмет жүктеу.

Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?

Қабілетті оқушыларға зерттеу, жинақтау тапсырмаларын беруге баса назар аудару

Бағалау.

Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау критерийлері мен дескрипторлар бойынша

топ топты бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау;

Жайлы атмосфера қалыптастыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсаттарына жетті ме? Егер оқу мақсаттарына жетпесе, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүзеге асты ма?

Сабақ кезеңдері уақытқа сәйкес келді ме?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін қолданыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуғажәнеүйренугеқатысты

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту мен оқуға қатысты ойланыңыз)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқыту мен оқуға қатысты ойланыңыз)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?

БАҒАЛАУШЫ ПАРАҒЫ

ТОП-

1.Сарапшы (негізгі идея мен көтерілген проблеманы анықтайды)

2.Баяндаушы (қысқаша мазмұнын айтады)

3.Сұрақ қоюшы (1-нақты, 2-проблемалық, 1-шығармашылық)

4.Тілші (тілдік ерекшеліктерді атап кетеді)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу