Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017. Қазақ тілі, 9 сынып, таратпа материал. 5 сабақ.
Тәуелсіздік жылдарындағы мәдени жетістіктеріміз!
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, әсіресе 1990-2000 жылдар аралығы сөзсіз қазақ мәдениеті үшін жаңа кезең басталды. Мұндайда «өлгеніміз тірілді, ұмыт қалған мұрамыз жаңарды» дейміз. Мәдениетіміздің қайта түлеуіне, өткен ғасырлардан қазына боп қатталып, тарих боп тасада қалған барлық мұраларымыз Елбасының бастамасымен шетінен аршыла бастады.
Айтыс өнері қайта жаңғырды. Мәдениет пен ғылымда, өнер мен әдебиетте ұшан-теңіз еңбек атқарған Абай Құнанбаев, Құрманғазы Сығырбайұлы, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Жамбыл Жабаев, Мағжан Жұмабаев және басқа да тұлғалардың мерейтойларына арналған фестивальдар өтті. 1995 жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталынып өтті. 1997 жыл – репрессия құрбандарын еске алу жылы, 1998 жыл – халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы, 1999 жыл – ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы, 2000 жыл – мәдениетті қолдау жылдары болып жарияланды. Елбасының тікелей бастамасымен мәдениетті қолдау жылы аясында әбден тозығы жеткен кітапханалар мен мәдени ошақтар қайта салынды. Сол жылдары-ақ театрлар саны артып, 2 опера және балет театры, 33 драма театр, төрт музыкалық комедия театры, бес қуыршақ, 73 тұрақты және 266 көшпелі кинотеатрлар жұмыс істеді. 2000 жылдың аяғына Қазақстан бойынша 48 театр, 62 концерттік ұйымдар, 3529 кітапхана, 154 мемлекеттік мұражай, 2259 клуб типтес мекеме, сегіз мәдени-тарихи қорық-мұражайлар, 42 демалыс саябағы мен луна-парк, төрт хайуанаттар бағы есептелінді.
2000 жылы ЮНЕСКО шешімімен Түркістан каласының 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтілді.
2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының біргей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары көрермен назарына ұсынылып отыр.
Әзірлеген – Досжан Мейірбек.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы
2004 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді. Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Елбасы 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.
Ұлттық мәдени мұраны толық зерттеу жүйесінің құрылуы бағдарламаны құруда аса маңызды болмақ. Республика тәуелсіздік алғаннан кейін толық гуманитарлық білім беру қорын құру мақсатында мемлекеттік тілде алғашқы қадамдар жасалды. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан, Армения, Құрама Штаттар және Батыс Еуропа елдеріне ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сәулеті, этнографиясы, тарихы бойынша шамамен бес мың жазба және баспалар алынды. 350-ден астам кітап, олардың ішінде этнография, археология, тарих бойынша сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды.
«Қазақстан» орталық киноконцерт залы
Елбасы Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жеті бірдей жетістігіміз туралы айтып сол қатарға тіл мәселесі де кіретінін, қазақ тілі көршілес елдерде оқытылатынын атап өткен еді. Сондай-ақ, Тәуелсіздігіміздің басты жетістіктерінің бірі Астана қаласы екендігін айтты. Астана қаласының сәулеті, зәулім ғимараттары мен әсем көрінісі бүгінгі мәдениетіміздің ерекше көрінісі деуге болады. Үлкен фестивальдар мен опералық концерттер, кинокөрсетілімдер өткізу үшін 3500 орындық «Қазақстан» орталық киноконцерт залы салынды. Бұл ғимаратқа атауды Елбасы өзі ұсынған болатын.
Тағы бір жетістігіміз – бұл «Мәдениет» телеарнасының ашылуы. 2011 жылы 26 қыркүйекте отандық арналардың қатары «Мәдениетпен» толықты. «Мәдениет» арнасын ашудың негізгі мақсаты – көрермен қауымды отандық және әлемдік мәдениеттің нәрімен сусындату. Ол үшін жаңа телеарнада ең үздік қазақ киносы, Кеңес одағы кезінде шығарылған көркем туындылар, деректі фильмдер, әлемдік киноматографияның бірегей туындылары, атақты тұлғалардың өмірбаянына арналған бағдарламалар , опера және балет бағдарламалары, телеспектакльдер тағы да басқа мәдени жобалар көрсетіле бастады. Бүгінде бұл арнаның атауы – «Білім және Мәдениет» телеарнасы.
«Астана Опера»
Тікелей Елбасының бастамасымен Астана қаласында «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры бой көтерді. «Астана Опера» – әлемдегі ең бір техникалық жарақтандырылған сахналардың қатарына кіреді. Орталық Азиядағы теңдессіз мәдени ғимараттардың бірі.
Әзірлеген – Досжан Мейірбек.
«Еуразия» халықаралық кинофестивалі
Мәдениет туралы сөз еткенде кино өнеріне тоқталмай өтуге болмайды. Алматы қаласында дәстүрлі түрде өтетін «Еуразия» халықаралық кинофестивалі – ТМД мен Балтық елдері аумағындағы ең маңызды, Халықаралық продюсерлер қауымдастықтарының федерациясы (ФИАПФ) аккредиттеген Орталық Азиядағы жалғыз кинофорум. Film Guide» - «Халықаралық Киногид» жыл сайынғы басылымы «Еуразия» ХКФ әлемнің 35 көшбасшы кинофестивальдерінің қатарына қосты. Фестивальдің концепциясы Батыс пен Шығыс мәдениеті түйіскен елдің геосаяси орналасуына саяды. Сондықтан байқау бағдарламасы Еуропа, Азия, ТМД және Орталық Азия елдерінің фильмдерін қамтиды.
Тарихи фильмдер
Отандық фильмдер дүркін-дүркін жарық көре бастады. Оның ішінде авторлық және имидждік фильмдер де бар. Қазақстанның тарихы негізінде түсірілген, мәдениетімізді әлемге әйгілейтін фильмдер жарық көрді. 2003-2005 жылдарда қазақ-американ кинематографистері (Голливуд, Қазақфильм) «Көшпенділер» кинофильмін түсірді. Бұл алғашқы маңызды халықаралық жоба еді.
Сондай-ақ, 2012 жылы патриотизмге тәрбиелейтін «Жаужүрек мың бала» тарихи фильмі де көрермен көңілінен шықты.
ҚР Ұлттық музейі
2014 жылы Астана күні қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ресми түрде ашылды.
Музей халықаралық стандарттарға сай жабдықтармен жарақтандырылған. Экспозициялар үшін заманауи көрме технологиялары: бірегей иілгіш экран, медиа-еден, қазіргі Астананың орталық бөлігінің серпінді макеті, көптеген медиаэкрандар, голограммалар, диодты жарығы бар LED-техника, сенсорлы дүңгіршектер, мультимедиялық жолсерік қолданылады.
«Музей біздің ұлттық рухымызды көтеру жағынан ғана емес, елімізді әлемге таныту тұрғысынан да белгілі болады. Біздің тарихымыз мақтан етуге лайықты. Ерлік пен елдіктің тарихы. Мыңжылдықтар қойнауынан бастау алатын қазақ шежіресі - адамзат тарихының ажырамас бөлігі», – деді Мемлекет басшысы.
74 мың шаршы метрден асатын Ұлттық музейге Қазақстанның ерте ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі археологиялық, этнографиялық жәдігерлері мен мәдени ескерткіштері жинақталған. Атап айтқанда, 14 мың шаршы метр аумақта экспозициялар алаңы орналасқан.
Ұлттық музейдің құрамында Астана, Тәуелсіз Қазақстан, Алтын, Ежелгі және ортағасыр тарихы, Этнография, Тарих, Заманауи өнер залдары бар.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік мекемесі Президенттің Жарлығымен 2013 жылғы 30 мамырда құрылған.
Әзірлеген – Досжан Мейірбек.
http://old.prosveshenie.kz/1728-tuelsz-azastanny-sporttay-zhetstkter.html
Тәуелсіз қазақстанның спорттағы жетістіктері
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз "тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің "Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде. Адам өмiрiнде спорттың алатын орны ерекше. Ал мемлекеттiк тұрғыдан қарайтын болсақ, ол – абырой! Oсы жыл қазақстандық спортшылар үшін жеңісі де, жеңілісі де, қуанышы да, әттеген-айы да көп жыл болды. Көптеген қыз-жігіттеріміз Олимпиадаға қатысу үшін әлемдік деңгейдегі жолдамалар сарапқа салынатын халықаралық додаларда бақтарын сынады. Бағы жанғандар төртжылдық додаға қатысу мүмкіндігіне ие болса, бабы келіспегендер әлі де келесі жылдан үміт күтіп жүр.
Елiмiздiң даңқын асқақтатып жүрген саңлақтарымыз баршылық. Күнi кеше өткен Рио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар қаншама рет көк туымызды көкте желбiреттi. Осынау байрақты бәсекеде әлемнiң 200-ден астам елiнiң арасынан 24 орынды иелендiк. Қалай мақтансақ та жарасады. Қазақстан құрамасы Олимпиада Ойындарында 2 алтын, 5 күміс 9 қола еншілеп, бұл жолы да ел үмітін ақтады. Бұрын ел аузында болмаған жас спортшылар толағай жетістіктерге қол жеткізіп, ағалар ізін жалғастырып кетті. Төрт жылдың ішінде олардың тәжірибесі толысып, күш-қуаттары арта түсетіні анық. Алдымызда 2020 жылы болатын Токио Олимпиадасында осы жас спортшылардан көп үміт күтеміз! Саңлақтарымыздың сол кездегi жеңiстерi талай өскелең ұрпақты спорт кешендерi мен алаңдарына жетелегенiне сенiмiмiз мол.
Дегенмен соңғы кезде ауыл спортының ахуалы адамдарды көп алаңдатуда. Қазіргі күні қазақтың қарадомалақ балалары ауылда бостан-босқа құм кешіп жүр. Солардың ішінен спортқа бейімі бар жас-тарды іріктеп алып, облыс орталықтарына әкеліп, оларды тегін тамақтандырып, жатын орынмен қамтамасыз етсек, қаншама ауыл балалары үлкен спортқа қадам басар еді. Кезінде қазақ спортының абыройын асқақтатып, әлемдік аренада ел намысын қорғаған спортшылардың басым бөлігі ауылдан шыққан десек қателеспейміз. Әмин Тұяқов, Ғұсман Қосанов, Октябрь Жарылғапов, Әлжан Жармұхамедов, Әбілсейіт Айханов, Әбдісалан Нұрмаханов, Қабден Байдосов, Жақсылық Үшкемпіров, Аманжол Бұғыбаев, Дәулет Тұрлыханов, Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбрайымов, Мәулен Мамыров сынды спортшыларымыздың барлығы ауылда туып өсті. Осы саңлақтарымыз спорт әлемінде қазақ деген халықтың мықтылығын тек КСРО көлемінде ғана емес, бүкіл әлем алдында сан мәрте дәлелдеді.
Қазақ елі алғаш Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдары ауыл спортының дамуы бәсеңдеп қалғанын жасыра алмаймыз. Дегенмен, соңғы жылдары ауыл спортының дамуы қайта жолға түсті. Бұған ел Үкіметі мен спорттағы басшылардың осы салаға қайта бет бұрып, қолдау көрсеткені себеп болды. Аудан орталықтарында спорт мектептерінің жұмыстары қайта жүріп, ауыл спортының тынысы кеңейе бастады. Бойына қан жүгірді.
Егемен елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ десек, олардың білімді де білікті, жоғары мәдениетті, парасат-пайымы мол, сапалы азамат болып жетілуі тәлім-тәрбие беретін ұстазға, ата-анаға, өскен ортасына байланысты. Сондықтан да білім саласын қазіргі заманның ұрпағын тәрбиелеуші орта ретінде оқушылардың бойына арнайы адамгершілік және мәдениеттілік құзіреттіліктерін қалыптастыру мен жандандыру күн тәртібіндегі басты мәселе.
Төрткүл дүниедегі адамзат баласын жақындастырып жіберетін сиқырлы күштің бірі – үлкен спорт додасы. Әрі спорт – бейбітшілік пен тұрақтылықтың ең басты насихатшысы. Спорттың дүниежүзілік дүрбелеңдерге тоқтау салғаны да, қырық жыл қырғиқабақ болған елдерді араластырып та жібергені де айтылып та, жазылып та келеді.
Eлубаев Қаллыбек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?