Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017. Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Пән: қазақ тілі 8-сабақ

Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 Т1 Қатысқандар саны:

Уақыты: 45 минут Қатыспағандар саны:

Бөлім/ Сабақ тақырыбы:

Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017

Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер

Оқу мақсаты

9.4.4.1 құрмалас сөйлем жасалу жолдарын, түрлерін білу

Сабақ мақсаты:

Құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары мен түрлері туралы біледі, оны өз ойын жеткізуде дұрыс қолдана алады

Бағалау критерийлері:

Таныстырылымда (постер қорғауда) құрмалас сөйлемдерді орынды қолдана алады.

Құндылықтарды дарыту

  • өмір бойы оқу- білімін тереңдету, қажетті материалдарға талдама жасау
  • азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рух -сабақ мәнмәтінінде көтерілген мәселеге «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017» тақырыбында сыни ойларын арттыру
  • ынтымақтастық: бір-бірін қолдау, өзгенің пікірін сыйлау
  • жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет;

өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: Тәуелсіздік, ең басты, құндылығымыз, сан ғасыр бойы армандап жеттік, Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылдық.

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Мен мынадай дәлелдер келтіремін... Оның себебін... деп түсіндіремін. Біздің пікірімізше.... Олай ойлауға ..... себептер бар. Бұл сабақта оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы өзіндік пікірін білдіреді және дәлелдемелер келтіреді.

Пәнаралық байланыстар:

Тарих, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Өткен тақырыптарға шолу

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылығын ояту:

Сабақтың ортасы

35 минут

Мағынаны тану :

1-тапсырма. Жеке жұмыс.

Оқушыларға құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары және түрлері (Салалас құрмалас сөйлем) туралы теориялық мәлімет таратылады.

Теориялық мәлімет бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, оқып шығады.

«Құрмалас» деген сөз «құра, құрау» сөздерінен алынып, грамматикалық термин ретінде ғана қолданылады. Жай сөйлем жай бір ғана ойды білдірсе, құрмалас сөйлем - екі немесе одан да көп ойды, күрделі ойды білдіреді. Құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдер бір - бірімен қосымша шылау, орын тәртібі, өзіндік интонация арқылы байланысады. Мысалы:Жай сөйлем Құрмалас сөйлем Құрмаласу тәсіліЖаңбыр жауды. Жер көгерді. Күн шықты. Мал өріске кетті. Жаңбыр жауды да, жер көгерді. Күн шыққан соң, мал өріске кетті. Баяндауыштары тиянақты. Шылаулар арқылы байланысып тұр.Бет қаратпайтын болды. Қапан далаға бармады. Бет қаратпайтын боран болғандықтан, Қапан далаға бара алмады. Қосымша арқылы байланысқан, біріншісінің баяндауышы тиянақсыз.Іс бітті. Қу кетті. Іс бітті - қу кетті. Орын тәртібі - интонация арқылы байланысқан.

Сонымен құрмалас сөйлем екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіреді. Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір - бірімен салаласа және сабақтаса байланысады. Салалас байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып келіп, бір - біріне тәуелді болмай, тең дәрежеде байланысады. Ал сабақтаса байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақсыз келіп, бірі екіншісіне бағына, сабақтас байланысады.

2-тапсырма.Жұптық жұмыс.

Жұпта өз түсінгендерімен бөліседі.

3- тапсырма. Топтық жұмыс.

Оқушылар 1,2,3,4 деп санау арқылы топқа бөлінеді.

Топта «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан» бөлімі бойынша маңызы бар оқиғаны постер тақырыбы етіп алып, оны сурет ретінде салып, сыныптың алдында құрмалас сөйлемдерді қолдана отырып қорғайды.

«Төрт сөйлем» тәсілі бойынша талдаңыз.

  • Пікір: Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікір айту
  • Дәлел: Айтылған сөйлемді бір сөйлеммен дәлелдеу
  • Мысал: Пікірді өмірмен байланыстырып, мысал келтіру
  • Қорытынды: Тақырып бойынша қорытынды шығару

Дескриптор:

  • Тақырыпты ашады;
  • Тақырыпты ашу үшін құрмалас сөйлемдерді орынды қолдана алады;
  • Тақырыпты өмірмен байланыстырады;
  • Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Сабақтың соңы:

5 мин

Кері байланыс:

  • Сабақта мен үшін ... пайдалы болды.
  • Мені қызықтырған...
  • Маған түсініксіз...

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу