Жаһандану мәселелері. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал.
Тапсырма
- Публицистикалық стильдің тілдік ерекшелігін оқыңыз.
- Топта талқылаңыз.
Т. 2-тапсырма.
- Төмендегі мәтінді оқып стильдік ерекшелігіне талдау жасаңыздар.
- Мәтіннің тіліне талдау жасаңыздар.
Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен дарып қалыптасқандықтан, «ана» деген ардақты атпен «ана тілі» деп атаймыз. Бүгінгі технология және жаһандану заманында көптілді меңгеру жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік.
Көптілді меңгеру деген ұғым - қазақ дүниетанымында бұрыннан бар түсінік. Кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі дәл бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай. Тарихи деректерге жүгінсек, әлемде Аристотелден кейін екінші аға ұстаз аталған ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз өз өмірінде 70-ке жуық ұлттың тілін жетік білгендіктен, артына мәңгі өшпес мол рухани құнды мұра қалдырып кеткендігі анық.
Көптілді меңгерген адам әуелі өз тілінде ой қорытып, туған халқына өнеге болып, өзге жұртпен бәсекеде ырықты орынды иеленіп, сан мәдениетті санасына салып сараптай алса, онда ол өз өмірін қалайда мағыналы өткізетін айтулы тұлға болып жетілері анық.
Көптілділік біздің қоғам үшін 2006 жылғы Елбасының «Тілдердің үштұғырлылығы» – «Триединство языков» - «Trinity of languages» тұжырымдамасынан бастау алғаны мәлім. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Үш тілді меңгеру – біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Қазақстанды әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек», - деген болатын. Ендеше, Қазақстанның білім беру жүйесінде үштілді оқыту мәселелерінің көтерілуі заман талабынан туындап отырғаны айқын.
3-тапсырма.
Талдауларын өзге топтағы оқушыларға түсіндіреді.
Топтар бір-бірлерін ауызша комментарий арқылы бағалайды.
4-тапсырма.
«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл»- деген тақырыпта мәтін құрастырыңыз.
Дескриптор бойынша өзін-өзі бағалау
Оқушыларға дескриптор парақшасы таратылады. Оқушылармен бірігіп жасаған критериий бойынша бағалайды.
(Мұғалім бағалау парақшасын сынып ерекшелігіне қарай өзгертеді).
Дескриптор | |
Публицистикалық стильдің ерекшелігін біледі | |
Мәтінге стильдік талдау жасайды | |
Тілдік талдау жасайды | |
Мәтін құрастырады |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?