Мәңгілік Ел – мұратым. Қазақ тілі, 9 сынып, нұсқаулық. 8 сабақ.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

Төмендегі әдіс-тәсілдерді осы сабақта қолдану арқылы сабақтың сапасын, оқушылар қызығушылығын арттыра түсуге болады:

 «Бұл кім?» (сипаттау мәтінін меңгерту үшін)

 Жүргізуші ( мұғалім немесе әдейі дайындалған оқушы) сыныптағы бір оқушыны ауызша сипаттайды: оның бет әлпетін, сыртқы пішінін, киімін, сөйлеу мәнерін, әдеттерін т.б.келтіреді. Әрине, ол оқушының есімін атауға болмайды  және де сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы керек, мұнда оқушыны мақтаған дұрыс. 

 Бір-екі сипаттан кейін жүргізуші оқушылардан: «Бұл кім? Сіздер таптыңыздар ма?» деп сұрап, олардың жауаптарын тыңдайды. Оқушылар таппаса, сипаттауды әрі қарай жалғастыра береді. 

 Мысалы, «Бұл оқушының күлкісі өте әдемі. Ол ақ жейде киген...Ол кім?... Бұл оқушыны жолдастары сыйлайды. Оның қолында қаламсап бар... Ол кім?...». 

 Бұл ойсергек оқушылардың бір-біріне деген ынта-ықыластарын арттыруға бағытталған: оқушылар өздері және өзге жолдастары туралы әңгімелерді өте ұнатады. 

«Жауап беретін сыныптас» 

 Жұптармен немесе сыныптаспен жұмыс істегенде ауызша бағалау. Оқушылар әріптесті немесе топты өз жұмысына түсініктеме беруге немесе талқылауға шақырады.  Бұл үдеріс  тиімді жүруі үшін оқушылар оқу мақсаты мен бағалау критерийін білуі қажет.  Олар сонымен бірге жауап беретін сыгыптасын бағалауы – оқу мақсаттарына сәйкес құрылымды және жағымды кері байланыс ұсынуы тиіс.   Оқушыларға жұмысты орындап жатқан адамға қоятын сұрақтар тізімі берілуі мүмкін.       

 

  «Қайтадан құрастыру» 

 Сабақ уақытын жұмысты қайта өзгерту үшін қолданыңыз.  

Бұл оқушыларға жақсартуға бағытталған кері байланысқа назар аударуға мүмкіндік береді.   Бұл үдеріс сонымен бірге кері байланыстың құнды екендігін қуаттайды және оқушыларға қолайлы атмосферада жұмыс істеуге мүмкіндік береді.  

 

«Кері байланыс бутерброды» 

Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін. 

Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл: 

1) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру; 

2) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....  



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу