Мәңгілік Ел – мұратым. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ: № | Мектеп: НЗМ Астана қаласы | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Меңдібаева С.А | |||||||
Сынып: 9 (Т1) | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Мәңгілік Ел – мұратым. | |||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 9.3.6.1 жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу, редакциялау
| |||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылардың барлығы орындай алады: Тақырыпқа сай абзац жаза алады Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Абзац түрлерін біледі Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Жазған абзацтарына түзету енгізіп, қайта редакциялай алады | |||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||
Тілдік мақсат | Пәнге қатысты сөздік қорлар мен терминдер: Жанр, лирика, лирикалық кейіпкер. | |||||||
Пәнаралық байланыс | тарих, қазақ тілі, мәңгілік ел идеясы | |||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар | ұлтжандылық, елжандылық тәрбие, ынтымақтастық, бір-біріне құрмет көрсетеді. | |||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Интерактивті тақтамен жұмыс | |||||||
Алдыңғы оқу | ||||||||
Жоспар | ||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөз дер | ||||||
Сабақтың басы 5 минут Сабақтың ортасы 5 минут 3 минут 3 минут 15 минут 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту «Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады, өйткені тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. Бұл, Елбасымыздың: «...біздің бір ғана Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсек, осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, 2050 жылы мұрат еткен «Мәңгілік Елге» жететінімізге сенімдімін..., ...өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бағытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгiлiк Ел», – деген сөздерімен толыға түседі. «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.» деген ой жазылған А4 қағазына жазылып, сынып қабырғаларына бірнеше жерден ілінеді, оқушылар топтасып оқиды, сынып ішін еркін аралап, ойларын бір-біріне айтады. Оқушылар жазғандарын оқып, орындарына жайғасқаннан кейін, топ ішінде осы ойларды талқылайды, дәлелдейді. Мұғалім сабақ мақсатымен таныстырғаннан кейін, бүгінгі сабақтың абзац жазуға ерекше көңіл бөлінетінін жариялайды. Мағынаны тану кезеңі Оқушылар абзац дегеніміз не, абзац не үшін қажет деген сұраққа жауап іздейді, жұпта ой бөліседі. 1-тапсырма. Абзац туралы оқы, абзац түрлерін бір-біріңе түсіндір.
2-тапсырма. Төмендегі мәтін үзінділерін оқы. Абзац түрін анықта. 1-мәтін Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» шығармасында бұл идеяның теориялық тұрғыдан тиянақталуы. Ұлы ғалым ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасаған болатын. Ғалым «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім – Әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. Мемлекет пен қоғамның кемелденуі туралы әлеуметтік-саяси теориясында мемлекет басқарушылары мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың негізгі механизмдері көрсетілді. 2-мәтін Бүгінде бізді «Мәңгілік Ел» құндылықтары: азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, оқымыстылық, толеранттық, шын берілгендік пен патриотизм біріктіреді», – деді. Шындығында, бірлігі мықты, іргесі бүтін елдің қашанда ырзығы мол. Еліміз осындай баға жетпес байлығы – татулығымен мақтана алады. Қазіргі таңда Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Олардың ішінде қазақ ұлтының үлесі - 63,6 %, орыстар – 23,3%, өзбектер – 2,9%, украиндар – 2%, ұйғырлар – 1,4%, татарлар – 1,2%, немістер – 1,1%, басқа ұлыстар 4,5% құрайды. 3-тапсырма. «Мәңгілік ел – мұратым» тақырыбында абзац жаз (суреттеу абзацы, мысал абзац, оқиға абзац т.б) Оқушылардың жазуына уақыт беріледі, осы сабаққа дейінгі оқыған мәтіндерін, жазған жазбаларын көмекке алуларына, еске түсірулеріне болады 4-тапсырма. Қарама-қарсы жұпта жазбаларын айырбастап, бірін-бірі тексереді, қасындағы жұптың жазғанына ауызша комментарий айт. 5-тапсырма. Жазған абзацтарыңды толықтырып, қайта түзетіп жаз. Бағалау Оқушыларға бағалау парақшасы таратылады. Оқушылармен бірігіп жасаған критериий бойынша бағалайды. | Таныстырылым Таныстырылым https://massaget.kz/blogs/11357/ | ||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Кері байланыс «Шағын сауалнама» Сабақта не қызық болды? Сабақта не пайдалы болды? Сабақта не қиын болды? | |||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||
Сұрақтардың қарапайымнан күрделіге қарай құрылуы, оқушылардың жауабының да әр түрлі болуын қамтамасыз етеді. | Оқушылардың өлең талдауы бойынша құндылықтарды анықтағандарынан аңғарамын. | Оқушылардың Елжандылық, Туған жерге деген құрметін қалыптастырады, өзіне деген жауапкершілікті арттырады. | ||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды