Киелі сахна. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 7 сабақ.


http://bilimdiler.kz/kazakh_tili/4485-resmi-is-kagazdar-tili.html

Стиль түрлері  1. Ғылыми  стиль Ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда қолданылады

Заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру.

Дәлелді, зерттелген тура мағынада алу. Ғылыми терминдерді қолдану, хабарлы сөйлемде қолданылады. 2. Ресми іс-  қағаздар  стилі

Іс қағаздары дегеніміз жеке адамның, ұжымның, фирмалардың, мекемелердің атқаратын қызметтеріне байланысты пайда болатын жазбаша (ауызша) қарым-қатынас құралы.

Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зоремлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда із қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады. Құжаттар фактілерді, уақиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.

Іс қағаздары басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді.

Құжаттау дегеніміз кез келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толықтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс та, мекеме ішінде дайындалған құжаттармен жұмыс та, сырттан келген құжаттармен жұмыс та, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға даярлау, архивке дайындау сияқты толып жатқан жұмыстар кіреді.

Адам өмірі де құжаттармен тікелей байланысты. Адам дүниеге келгенде оған алғашқы құжат-тууы туралы куәлік жазылады. 16 жасқа келгенде жеке басын растайтын құжат-жеке куәлік алады. Мектепті бітіргендігі-орта білім туралы аттестатпен расталады. Жоғарғы оқу орнын бітірген шақта диплом беріледі. Жұмысқа орналасу барысында да өтініш, түйіндеме, жеке іс парағы т.б. іс қағаздарын жазады. Ал еңбек жолын бастағандығы еңбек кітапшасында жазылады. Өмірдің түрлі жағдайында сенімхат, қолхат жазуға, еңбек келісімін жасауға, өмірбаян мен мінездеме, жазуға жеделхат, телеграмма, факс жіберуге тура келеді.

Қазақ ресми іс қағаздар стилі халықтың қоғамдық өмірімен, мәдени өркендеуімен, әдеби тілдің дамып, жанрлық тармақталуымен, қоғамдық қызметінің артуымен байланысты дамып, жетіліп отырған. Қазақ ресми іс қағаздар тілінің тарихына шолу жасай отырып, оның екі түрлі арнадан сусындағанын байқауға болады. Бірі-сонау көне дәуірден бері үзілмей келе жатқан хан жарлықтары және басқа да құжат үлгілері. Екіншісі-қазақ жерінің Ресей мемлекетінің қол астына кіруімен байланысты қазақ тіліне аударылып таратылған орыс әкімшілік орындарының бұйрықжарлықтары, заңдары, қатынас қағаздары. Яғни, қазіргі қазақ ресми іс қағаздар тілі жоқ жерден пайда бола салмаған, өзіндік тарихы бар құбылыс.

XVIII ғасырдағы қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарының тілі.

Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларыны, старшиналарының патшаға және орыс әкімшілік орнына жазған хаттары жатады. Бұлардың бірқатары Қазақстан тарихына, қазақ орыс қатынастарына, қазақ хандықтарының тарихы, сол кезеңдегі саяси құрылыс туралы т.б. жинақтарда жарияланды. Бұл ресми іс қағаздары сол кезеңдегі қазақ даласының саяси әлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен қатар, бізге сол ғасырдағы қазақ ресми іс қағаздарының тілі қандай болғанын көрсетеді. Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарында түрлі дәрежедегі лауазымды адамдарды, әкімдерді дәріптейтін тұрақты эпитеттердің қолданылуы шарт болды. Және лексикалық ерекшеліктері: араб парсы элементтерінің өте көп кездесетіндігі мен қазақ жерінің Ресей империясына бағынуына байланысты орыс сөздерінің қолданыла бастауы.

XIX ғасырда қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарының тілі.

Бұл кездегі ресми іс қағаздар тіліндегі гармматикалық, синтаксистік, лексикалық ерекшеліктер XVIII ғасырдағы ресми іс қағаздар тіліне ұқсас болғанымен, бұл кезеңдегі ресми іс қағаздар тілінің халыққа біршама түсінікті, әрі қарай дамыған, нормалана түскен тіл болып қалыптаса бастағанын байқауға болады. Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарды мазмұны мен адресаттарына қарай мынадай топтарға бөлуге болады: 1) патша үкіметі тарапынан жазылған бұйрықжарлықтар; 2) заң, сот істеріне байланысты бұйрықтыр, анықтамалар; 3) жеке адамдардың ресми органдарға жазған арыз, өтініштері;.

XX ғасырдағы ресми іс қағаздар тілі.

XX ғасырдағы қазақ халқының өміріндегі саяси әлеуметтік дамуға ғылым мен жалпы мәдениеттегі әр алуан өнер білім саласындағы өзгерістерге байланысты, сондайақ орыс тілінің әсерінен де түрлі жаңа атаулар, тың ұғымдар, терминдер, терминдік сөз орамдары, аударма ыңғайында баламалар пайда болды. Осы жағдайлардың бәрі қазақ әдеби тілінің, оның ішінде ресми іс қағаздар тілінің жалпы қалыптасу барысында ізсіз қалған жоқ. Демек, қазіргі қазақ тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық нормалары біртендеп даму үстінде болды. Әрдайым екшеліп, үнемі сұрыпталып отырды.

Іс қағаздарының түрлерімен таныстыру.

Іс қағаздары мазмұны мен қызметіне қарай жеке адамға қатысты және қызметтік болып бөлінеді. Қызметтік іс қағаздары мекеме немесе сол мекеменің жауапты адамының атынан, ал жеке іс қағаздары жеке азаматтар атынан жазылады. Жеке адамға қатысты іс қағаздарына мыналар жатады: өмірбаян, арыз, сенімхат, қолхат, төлқұжат, куәлік, білімі туралы куәлік т.б. Қызметтік іс қағаздарына мекемелер мен ұйымдардың іс жүргізу барысында дайындайтын барлық құжаттарын жатқызуға болады.

Іс қағаздары формасына қарай типтік, трафеттік және еркін мәтінді болып бөлінеді. Типтік іс қағаздары деп қалыптасқан мәтін үлгі бойынша жазылатын іс қағаздарын айтамыз. Мысалы: арыз, өтініш т.б. Трафеттік іс қағаздары деп мәтіннің белгілі бір бөлігі алдыг ала типографиялық әдіспен басылып дайныдалған құжаттарды айтамыз. Мәтіннің алдан ала дайындалғаг бөлімінде өзгермейтін ақпарт жазылады. Мысалы: оқушының белгілі бір оқу орнында оқитынын растайтын анықтама. Мұнда оқушының аты жөні, оқитын мектебі мен сыныбы жазылатын арнайы орын қалдырылып, қалған бөлігі типографиялық әдіспен басылып шығарыладыркін мәтінді іс қағаздарына қалыптасқан үлгі бойынша емес оны жазушы адамның еркінше жазылатын құжаттар жатады. Мысалы: пікір.

Шығу, жасалу деңгейіне қарай іс қағаздары түпнұсқалық және көшірмелік болып бөлінеді. Түпнұсқалық іс қағаздарына кез келген құжаттың бірінші рет жасалған нұсқасы жатады. Ал көшірмелік іс қағаздарына түпнұсқаның мәтіні сол күйінде, өзгеріссіз сақталынып алынған толық нұсқасы немесе ьелгілі бір бөлігі жатады. Көшермелік ісқағаздарына кез келген құжаттың көшірмесін, үзіндісін, дубликатын жатқызуға болады.

Іс қағаздары мазмұн жағынан әртүрлі болып келгенімен олардың барлығына ортақ жалпы сипаты болады:

  • Белгілі бір қалыптасқан үлгіде баяндау тәсілімен жазылады.
  • Лексика фразеологиялық құрамы өзгеше болып келеді.
  • Ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылады.

3. Публицистикалық стиль Іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен кеңсе құжат тарында қолданылады

Газет-журналда, жиналыстарда, бұқаралық ақпараттық құралдарда қолданылады.  Хабарлау, анық мәлімет беру. Көпшілікке әсер ету, құбылыстардың, оқиғаның мәнін ашу, оларға көпшіліктің назарын аудару. Ресми, анық, дәл. Шақыру, үндеу, нақтылық. Кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, терминдер 4. Көркем  әдебиет  стиліКөркем шығармаларда қолданылады.

Құбылыстар мен заттарды суреттеу, бейнелеу. Образды, эмоционалды, экспресивтіАуыспалы мағына, көркемдік тәсілдерін, суреттеме құралдарын пайдалану /теңеу,мета-фора,эпитет, метонимия синекдоха т.б.

 5. Ауызекі  сөйлеу стиліАдамдармен еркін әңгіме кезінде қолданылады

Қатынас жасау Сөздер мен сөз тіркес-терін еркін қолдану.

Қарапайым сөздерді еркін қолдану, сұраулы, лепті сөйлемдерді жиі қолдану, диалогқа құрылу 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу