Классикалық музыка. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 4 сабақ.


4 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мәдени орындар

https://kazakh-tv.kz/kz/view/society/page_192151_classical-music-concert

1-мәтін:

Классикалық музыка кеші

Вагнердің увертюрасы, Прокофьевтің скрипкамен орындалатын шығармасы және Шуберттің симфониялық сазды сарындары. Елордалықтар мен қала қонақтарының назарына аты әлемге мәшһүр орыс және еуропа классиктерінің жауһар туындылары ұсынылды. Әуенді де әуезді кештің жетекшісі танымал неміс дирижері Михаил Юровский. Маэстро көпшіліктің талғамына сай келу үшін  бағдарламаға түрлі дәуірлер мен әр қилы ырғақты музыканы кірістіріпті. 

МИХАИЛ ЮРОВСКИЙ, ДИРИЖЁР /ГЕРМАНИЯ/:

 - Әртүрлі жанрда болғанымен сәйкестігіне орай негізделіп құрылған бағдарлама. Оркестр сан түрлі мәнердегі ырғақты дыбыстарды орындау арқылы бар шеберлігін ортаға салсын деген ниетім болды. Мен монографиялық яғни бір ғана композитордың шығармашылығымен шектеліп қалатын  бағдарламалар жасаудан аулақпын. Астана қаласына шақырту алғаныма өте қуаныштымын. Алғаш келіп бірден осындай оркестрмен жұмыс істеу қатты ұнады.

Халықаралық дәрежедегі дирижер және «Солистер Акакдемиясы» оркестрінің сүйемелдеуімен еліміздің атын әлемге танытып жүрген скрипкашы Айман Мұсақожаева кештің көркін аша түсті. Халық әртісі мен шебер музыканттардың үндестігі талғамы биік тыңдарманды бей-жай қалдырмағаны анық.

АЙМАН МҰСАҚОЖАЕВА, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ:  

- Есептік концерт мамыр айында өткіземіз. Сол мамыр айында біздің хорымыз. Симфониялық оркестр, халық аспаптар оркестрі, біздің шәкірттеріміз бәріміз бірігіп 300 адамдай концерт береміз Қазақстан концерт холында.

Айта кетейік, «Айман Мұсақожаева ұсынады...» концерттер топтамасы Астана қаласының 20 жыддығы мен Елордамен түйедей құрдас Ұлттық Өнер университетінің мерейтойына арналған музыкалық тартулар шеруі. Мақсат қазақстандықтарды әлемдік және отандық сазгерлердің өшпес туындыларынан сусындату.

Қосымша ақпарат алу үшін: https://kazakh-tv.kz/kz/view/society/page_192151_classical-music-concert

Кез келген сайт ақпараттарын қолдану тек Kazakh-tv.kz сілтемесі болған кезде рұқсат етіледі.

2-мәтін:

Қазақстан тұрғындарының үштен бір бөлігі мәдени орындарға бармайды...

Таяуда «Demoscope» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Астана, Алматы қалалары және Қазақстанның 14 облысы тұрғындарын қамтыған сауалнама жүргізді. Оған барлығы 2 мың адам қатысқан. Сұрақ қою әдісі телефон арқылы және онлайн режимде жүзеге асты. Сауалнама қорытындысында:

  • Сауалнамаға қатысқан ел азаматтарының үштен бір бөлігі (35,1 %) театр, мұражай, галерея және классикалық музыкаға арналған кештерге бармайтындығы белгілі болды.
  • Демалыста театр қойылымдарын тамашалағанды Алматы (34,6 %), Қызылорда (38,7 %) және Орал (31,6 %) қалаларының тұрғындары айрықша ұнатады екен.
  • Сауалнамаға қатысушылардың 19,1 пайызы классикалық музыкаға арналған кештерге барғанды қалайды.
  • Мәдени іс-шараларға ең жиі баратын халық Павлодарда тұрады.
  • Қазақстанның әрбір бесінші тұрғыны театр, мұражай және концерттерге бірнеше жылда бір рет қана барады екен.
  • Жауап берушілердің 38,4 пайызы мәдени оқиғалар жайлы ақпаратты теледидардан алады. Одан кейінгі кезекте ғаламтор (25,6%) және  көшедегі афишалар мен билбордтар (22%) тұр.  Сондай-ақ, алматылықтар үшін мәдени жаңалықтардың негізгі ақпарат көзі теледидар емес, ғаламтор боп саналатыны белгілі болды.
  • Респонденттердің 8,9 пайызы мәдени жаңалықтарды газет-журналдардан оқиды. Ал олардың 2,3 пайызы жақындары мен әріптестерінен естиді. Мәдени жаңалықтарды радиодан тыңдайтын қатысушылар үлесі тым аз болып шықты: небәрі 2,2 пайыз.

«Алматы ақшамы» газеті, №155 (4873), 26 желтоқсан, бейсенбі, 2013 жыл

3-мәтін:

А)Классикалық музыка ( лат. classicus - «үлгілі» ) ұғымын көбіне классицизм кезеңіндегі, оның кейінгі Ағарту дәуіріндегі жазылған музыкамен байланыстырады. Әсіресе Еуропаның дәстүрлі музыкалық өнерінің туындыларымен.

Егер де классикалық музыка деп Еуропадан басқа жерге қатысты қолданса - бұл түсінік қазіргі заман музыкасынан тыс, ертеден келе жатқан дәстүрлі музыканы айқындайды. Мысалы, классикалық араб музыкасы, классикалық түрік музыкасы, классикалық қытай музыкасы, т.б.

Ә) Классикалық музыка кері ортағасырлық рет, бәлкім, музыка танысу ерте өнер нысандарының бірі болып табылады. Классикалық музыка ортағасырлық және Ренессанс дәуірдің бастап, содан кейін ортақ тәжірибе кезеңдері барокко, классикалық және романтикалық дәуірінің болып табылатын ең ерте музыкалық музыка кезеңге дейін жасалған және дамыды болды. Классикалық музыка бүгін музыка көптеген жаңа жанрлар құрылған және көптеген жолын қаланды музыка және басқа да стильдер. Классикалық музыка бүгінгі музыка ең танымал жанрлардың бірі болып қалуда. Мұнда олардың музыка бірге жоғарғы 10 классикалық композиторлар өз дәуірінің сәйкес болып табылады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу