жасөспәрәм және қылмыс. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Пәні: қазақ тілі

Мектеп: Семей қ. ФМБ НЗМ

Күні:

80 минут

Мұғалім: Нурпеисова Е.Б.

Сынып: 8 L1

Оқушы саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жасөспірімдер және қылмыс

Сабақ қамтитын оқу мақсаттары

8.1.3.1.

8.2.3.1.

Бағалау критерийлері

Мәтіннің мағынасы мен негізгі ойын түсінеді, астарлы мағынаны түсінеді, басқа сөздермен алмастыра алады. Әр жанрдың ерекшелігі мен құрылысын ажырата алады.

Сабақ мақсаты

Ж.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау. О.Мақала, презентация құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.

Тілдік міндеттер

Бұл бөлімде тіл қабілеттерінің оқытылуы жалғасады.

Алдыңғы білім

Жасөспірімдердің өмір салты мен тәртібімен танысып, талқылаған (мәтін редакциялады)

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Жоспарланған іс - әрекеттер

Дереккөздері

Басы

5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

«Кері шеңбер»

Оқушылар допты бір – біріне лақтырып бөлім тақырыбына қатысты тірек сөздер айтады, жалғастырып мағынасын ашады.

Топқа бөлу.

Түстермен бөлу.

5мин

5 мин

20 мин

3 мин

10 мин

25 мин

Бағалау

4 мин

Мағынаны тану «Миға шабуыл»

Өткен сабақты еске түсіремін. Жасөспірім шақтағы ең ауыр әрі маңызды шақ қай кезең екенін балалардан сұрау арқылы тақырыпты ашу:

  • Қазіргі кезде жасөспірімдер арасында қандай проблемалар кездеседі?
  • Жасөспірім шақтағы ең қиын қай кезең деп ойлайсыздар?
  • Өтпелі кезеңде ата-ананың кеңесін қалай қабылдайсыздар?

Айтылған пікірлер тыңдалады.

Тыңдалым

https://www.youtube.com/watch?v=8bGdjElw_8Q

(Жасөспірімдердің ішімдікке әуестігі және оның салдары)

Т/А5. Тапсырма 1

Ойды жалғастырып, жасөспірімдердің өтпелі кезеңде тап болатын проблемалары жайлы презентация жасаңыздар.

Презентация бойынша өтпелі кезеңде болатын проблемаларға байланысты дәлелдемелер, суреттер, бейнебаяндар көрсетеді. Бұл тапсырмада оқушылардың тіл мәдениеті бағаланады.

І-топ. Ата-ана мен бала арасындағы конфликт

ІІ-топ. Жасөсірім мен достарының қарым-қатынасы

ІІІ-топ. Жасөспірімнің қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауы

ІV-топ. Жасөспірім жастағы оқушылардың мұғалім арасындағы қарым-қатынас

Өнім форматын оқушылар өздері таңдайды.Топтар бірін-бірі бағалайды.

Дескриптор:

  • Тақырыптың толық ашылуы.
  • Дәлелдемелердің анықтығы, нақтылығы.
  • Тақырыптың шынайы өмірмен байланысы;
  • Топ мүшелерінің толық қатысуы.

Тапсырма 2. Жазылым алды тапсырма. Оқушыларды жұптарға бөлу (жіптің екі ұшы арқылы бөлу )

Топтарда оқушылар оларға басқалардан көрсетілетін қысымды анықтайды, талқылайды және келіседі.

Бұл қысымның түрі қандай?

  • отбасы
  • бұқаралық ақпарат құралдары
  • құрдастар
  • қарым-қатынастар

ЖЖ.

Жұптарда оқушылар осындай бірнеше қысымдарға қарсы ресуртарды қарастыру үшін SWOT (күшті жақтар, әлсіз жақтар, мүмкіндіктер, қауіптер) талдауын жасайды.

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Мүмкіндіктер

Қауіптер

Тапсырма 3

Жұптарда презентациялардың біреуін таңдап, қарама-қайшылықтарды анықтай отырып, «Өтпелі жас - оқушылар үшін ең қиын кезең»тақырыбында мақала жазады.(тақырыпты оқушылар өздерінің қалауына сәйкес ауыстыруларына болады.)Мақала жазу барысында төмендегі суреттерді пайдалануға болады. Оқушыларға көмек ретінде мақалалардан үзінділер беріледі.

Жазылған мақаланы басқа жұптың оқушылары қарастырады, бағалау жүргізеді.

Жұптарбір – бірін бағалайды.

Слайд №2

https://www.youtube.com/watch?v=8bGdjElw_8Q

 SWOT (күшті жақтар, әлсіз жақтар, мүмкіндіктер, қауіптер)

Рефлексия

3 мин

«Бәрі сенің қолыңда»

Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты

Сұқ саусақ – мына сұрақ бойынша мен нақты жауап алдым

Ортаңғы саусақ – мен үшін қиын болғаны (маған ұнамады)

Аты жоқ саусақ – мен психологиялық ортаны қалай бағалаймын

Шынашақ – мен үшін жеткіліксіз болды

Рефлексия шаблоны

Үйге тапсырма

Жасөспірімнің тәртібі, өзін-өзі ұстау мәдениеті туралы таныстырылым дайындау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу