Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
Қазақ тілі 8Т1
Пән: | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: 24 | Қатыспағандар саны: | ||||||||
| 4-бөлім: Ғарышты игеру жетістіктері | |||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу; | |||||||||
Оқу мақсаттары | 8.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу. | |||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||
Құндылықтар | Бұл сабақ академиялық тұтастық, бірлік пен командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған. Мәдениетті қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы жүзеге асырылады, топта жұмыс жасау арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді. Топтық жұмыстың нәтижесінде өз білімін жетілдіреді. | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Сөздер мен сөз тіркестер: ғарышты игеру жетістіктеріне байланысты өзіндік көзқарасын білдіруде ғарышқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін қолданады. Пән лексикасы және терминология: ғарыш, ғарыштың жетістіктері, ғарышкерлер, зымыран, Байқоңыр ұшыру айлағыт.с.с Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Біздің пікірімізше...... Себебі.... Бұған дәлел...... Қорыта айтқанда,.... | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Физика, астрономия,өзін-өзі тану, тарих сабақтарымен байланыс | |||||||||
Алдыңғы білім | Мақала мен резентацияның құрылымдық ерекшеліктеріне талдау жүргізіп, жанырын ажыратты. Қазақ ғарышкерлерінің жүргізген тәжірибелері туралы мәлімет алды.ғарыш жетістіктері туралы білімдерін толықтырды. | |||||||||
Жоспар | ||||||||||
Уақыт | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 3 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту «Түсті стикер» әдісі арқылы топты бөлу. Мұғалім әр оқушының маңдайына, қолына дәптеріне, кітабына стикерлер жапсырады. Бірдей түсті стикерлер бір топқа жайғасады. Стикер санын алдын ала дайындап қою керек.
Оқу мақсатымен таныстыру. Оқушылар 1минут топта оқу мақсатын талқылайды. Оқушылардың жауабы тыңдалады. Оқу мақсатын түсіну үшін бір-біріне көмектеседі. Бағалау критерийімен таныстыру, сыныппен бірге талқылау. | |||||||||
Сабақтың ортасы 7 мин 17 мин 8 мин | Мағынаны ажырату Ойқозғау. Жазылым алды тапсырмасы Оқушылар топта үйден қарап келген ақпараттарын қолданып, «Жинақы мәтін деген не? Оны қалай жазамыз?» сұрағына жауап әзірлейді, таныстырады. Таныстырып болған соң, «Анықтама бұрышына барады, жауаптарын салыстырады, жауаптарын толықтырады. Жинақы мәтіннің негізгі критерийлері:
Жинақы мәтінді жазудың тәсілдері.
Жинақы мәтін жазуда қолданылатын тілдік құралдар: Ауыстыру.
Алып тастау.
Біріктіру. Екі жай сөлемді мағынасы жағынан жақын болса, оларды біріктіріп, құрмалас сөйлем жасауға болады. Тапсырма сыныптық болғандықтан жауап бергісі келетін оқушылардан сұрауға болады. Ойды жинақтау .
Жазылым тапсырмасы. ҚБ ЖЖ/Ж Оқушылар тапсырманы жұпта, сосын жеке орындайды. Оқушыларға «Ғарыштағы қымыз» әңгімесі беріледі. Жинақы мәтіннің талаптарын орындай отырып, мәтінді қықсартып, аннотация немесе мәтіннің тезисін жазады. Оқушының қалауына байланысты орындалады. Тапсырма.
Бағалау критерийі: 1.Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды 2.Азат жолдағы ойларды біріктіріп, бір сөйлеммен береді 3. Мәтіннің негізгі ойын сақтайды, автор позициясын анықтайды 4. Жинақы мәтін жазуда қолданылатын тілдік құралдарды қолданады 5. Жинақы мәтінді талапқа сай орындайды Жазылымнан кейінгі тапсырма «Шеңбер бойымен» әдісі Бағалау. Жұмыстарын шеңбер бойымен жылжыта отырып, дайын бағалау критерийі бойынша бағалап шығады. Ұсыныстарын білдіреді. Кері байланыс. Мұғалім оқушыларға кері байланыс беру үшін «Түртіп алу» әдісін қолданады.Сыныпты аралап жүріп, оқушы жұмыстарының жақсы және жетілдіру тұстарын жазып алады. Әр оқушыға жеке тоқталып кері байланыс береді. Кері байланыс үшін
| Бағалау смайликтері https://ppt4web.ru/obshhestvoznanija/priemy-kompressii-teksta0.html Жинақы мәтін қалай жазылады? Захарова Л.Н http://bolisemin.blogspot.com/2016/04/blog-post_36.html Ә.Мархабаев «Ғарыштағы қымыз» әңгімесі Мадидің жеке блогынан алынды. | ||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия «Шығу парағы» әдісі. Мұғалім оқушыларға 5 сұрақтан тұратын шығу парағын таратады. Оқушылар сұраққа жауап жазады, мұғалімге өткізеді. 1.Оқу мақсатына жеттік пе? 2.Оқу мақсатына жету үшін не істедің? 3.Топтық жұмыстың көмегі болды ма? Неге? 4. Жинақы мәтін жазу сізге қиындық тудырды ма? 5. Жазылым тапсырмасын орындауда қандай қиындыққа тап болдыңыз? Мұғалім шығу парағындағы жауаптарды оқып, талдама жүргізеді, келесі сабағына өзгертулер енгізеді. Үй тапсырмасы: Сөз тіркестерінің тәсілдерін, түрлерін қайталап келу. | |||||||||
Қосымша мағлұматтар | ||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?