Сұранысқа ие мамандықтар. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары | Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің ТАӘ: Камбелова У | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Сұранысқа ие мамандықтар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | О1 Тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері
|
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Тұтас емес мәтін, аралас мәтін, графиктік мәтін Жазылымға қажетті сөз тіркестері: Салыстырсақ, жоғары,төмен, лауазым, жоғары мәртебелі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Ашықтық, құрмет | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы», «Азаматтық құндылықтар және әлем мәдениеті» бөлімдері арқылы тілдік дағдылары дамытылды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
5 минут | Кабинеттің қабырғаларында постерлер ілініп тұрады. 1-постерде «мамандық» сөзі, 2-постерде «мамандықты таңдаудың критерийлері» сөз тіркесі, 3-постерде «Майталман маман болу үшін не істеу қажет?» сұрағы жазылып тұрады. Оқушыларға осы 3 мәселе бойынша ойлануға уақыт беріледі. Оқушылар 1-постерге мамандық сөзіне ассоциацияларын, 2-постерге критерийлерді, 3-постерге іс-әрекеттерді жазады. | Таныстырылым | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
10 минут 15 минут 5 мин | Оқылым тапсырмасы. Оқушыларға Қазақстандағы және Ресейдегі сұранысқа ие, жоғары жалақылы мамандықтардың атаулары, жалақы мөлшері көрсетілген 2 кесте беріледі. Қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар кесте мазмұнымен жұмыс жасаулары қажет, кестелердегі ақпараттарды салыстырулары керек. Жеке жұмыс. 1-тапсырма. Кестелерді зерттеңіз. Кесте бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз:
Дескриптор: 1. Сұрақтарға кесте мазмұны бойынша жауап береді. 2. Жауаптарына кестелерден дәлел келтіреді. Оқушылар жауаптарын кестеге толтырады. Сағат тілімен жұмысын келесі оқушыға береді, оқушы сыныптасының жауаптарын тексереді.
2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Оқушыларға жоғары жалақыға ие маманық иелері туралы ақпарат беріледі. Оқушылар мәтінді оқып, өзері түсіндірген ақпараттармен салыстырады. Тапсырманы венн диаграммасына орындатуға болады.
Дескриптор: 1. Кестелердегі ұқсас мәліметті анықтайды. 2. Кестелердегі айырмашылығы бар ақпараттарды табады. 3. Кестелердегі ұқсастықтар мен айырмашылықтардың орын алу себебін мемлекет экономикасына, саясатына сүйене отырып түсіндіреді. 4. Әр кесте бойынша сол мемлекеттің экономикалық жағдайын сипаттайтын қорытынды тұжырым жасайды. Оқушылар 2 жұптарға бірігеді. Мәліметтерін тыңдап, бір-бірін бағалайды, кері байланыс береді. | http://www.proprof.ru/stati/careera/vybor-professii/o-professiyah/oplachivaemye-professii
https://aikyn.kz/2018/07/28/62347.html | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Оқушылар сұрақтарға сүйеніп, кері байланыс береді. | Кері байланыс парағы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?