Көне түркі жазба ескерткіштері. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 6 сабақ.
6 – сабақ. Көне түркі жазба ескерткіші
Жауап нұсқасы
Қазақстан жеріне алғашқы тайпалық мемлекет | соңғы үйсіндер дәуірінде (ІІІ – VI ғ) құрылды |
Атақты ғалым Абел Ремюзеннің пікірінше | үйсіндер Орхон жазуын пайдалана білген |
Үйсіндер кейінгі Түркі қағанаты кезінде | Орхон жазулары олардың мемлекеттік жазуына айналған |
Орхон жазуларымен түркі қағандары | Иранға, Византияға, Қытайға елшілік хат жазып жіберген, құлпытасқа жоқтау жырларын ойып жазып отырған |
Көне түркі жазбалары | парсы әдебиетімен тығыз байланыста дамыды |
Көне түркі жазба ескерткіштері
Қазақстандағы жазудың тарихын бір кезде ғалымдар тек ислам дінінің тарауымен ғана байланыстыратын еді.Орхон жазуы ашылған соң кейінгі зерттеушілер бұл пікірді жеткіліксіз деп тапты.Ғалымдардың байқауынша, Орхон жазуын түсіруге тас, түсті металл, былғары, ағаш, сүйек, жібек сияқты нәрселер қолданған. Сөйтіп, біздің жазба мәдениетіміздің түп тамыры халқымыздың өз жерінде туды. Оның негізі – ежелгі ұлыс тайпаларынан алғашқы тайпалық одақ құрылған кезінде қаланған. Тұрмыс мұқтаждығы, ел, хандық, не тайпа қажеттері жазудың тууына негізгі себепкер болды.
Жазудың пайда болуы сауда қатынасының дамуына да тығыз байланысты еді.Сауда, айырбас, ақша белгілері мен тауар бағалары да жазуға мұқтаждық туғызды. Ал ел аралық, хандықтар мен мемлекет аралық қарым –қатынас, дипломатиялық істер жазу мұқтаждығын одан әрі арттыра түсті. Тарихтан түркі қағандарының Византия мен Иран мемлекеттерімен VI ғасырда хат жазысып тұрғаны мәлім.
«Көне түркі әдебиеті туралы зерттеулер» Классикалық зерттеулер 6-том, Алматы 2012ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?