Көне түркі жазбалары. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Қысқа мерзім жоспары
1-сабақ
Бөлім тақырыбы: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты -жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Сабаққа қатысушылар: Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Көне түркі жазбалары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 8.1.1.1 - мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау; 8.4.1.1 - тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат | Пәннің лексикасы мен терминологиясы: VIII ғасырда тасқа қашап жазылған ескерткіш, руна жазуы, құлыптас Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс: менің ойымша....., дегенмен...., бұл пікір қаншалықты дұрыс деп ойлайсың?... Жұптық тапсырмада көне түркі жазуы туралы әңгімелеседі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Бұл сабақ оқушыларды тарихи жәдігерлерді құметтеуге жетелейді | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, әдебиет | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Көне жазба ескерткіші туралы алғашқы сабақ. Оқушылар бұған дейін қазақ әдебиеті, тарих пәндерінен Орхон –Енесей жазба ескерткіштері туралы хабардар. Бұл сабақта жалқы есімдердің емлесін Көне түркі жазбалары туралы мәтіндерден анықтап, тілдік қолданыста пайдаланады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Қорлар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Қызығушылықты ояту:
| Тақырыпқа қажетті сөздер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ ортасы | 1-тапсырма. «Көне түркі жазбалары» тақырыбында бейнефильм көреді. Тыңдалым мәтініне байланысты болжамдарымен салыстырады.
-Көне жазбаларға Страленбергтің қатысы туралы не білесің? -Көне жазбалар қандай себептен «Руно» жазуы аталған? -1893 жылдың 25 қарашасында қандай оқиға болды? -«Тәңірі», «Түрік» сөздері туралы не білесің? -«Күлтегін» жыры туралы мәтінде не айтылды? -Көне түркі ескерткіші туралы алғашқы мәлімет берген ғалым кім? Бағалау критерийі:
2-тапсырма. Оқушылардың жұптық тапсырмасы: Тыңдалым мәтініндегі туындаған мәселені анықтап, төмендегі кестені толтырады. Үлгі:
Дифференциация: Әдебиетші ғалымдар арасында әр түрлі көзқарастың болуына зерттеу жүргізеді және өзіндік тұжырым жасайды Грамматикалық тапсырма. Оқушыларға бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу талаптары түсіндіріледі. Күрделі сөз деп кемінде екі я онан да көп дара сөзден құралып, ырғақ жағынан бірыңғай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексикаграмматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөзді айтамыз. 3-тапсырма: Жұптық тапсырма ретінде тыңдалым материалынан (аудиомәтін) оқушылар жалқы есімдерді тауып, атауларын анықтайды. 4-тапсырма: Сынып оқушылары төмендегі шығармаларды емле ережесі бойынша жазып, авторларын анықтайды. «асыл арналар»,«кең өріс», «ақбілек», «жапандағы жалғыз үй», «шұғаның белгісі», «бақытсыз жамал», «үркер», «жас түлектер», «құлагер», «бай баласы мен жарлы баласы», «москва үшін шайқас», «оянған өлке», «ақ жайық», «көшпенділер», «батыр баян», «қызыл жебе», «каһарлы күндер», «ботагөз», «қилы заман», «тар жол, тайғақ кешу», «қалың мал», «аласапыран», «инеш», «қан мен тер», «алтын сақина», «қамар сұлу». | https://www.youtube.com/watch?v=e2eO_Xkkw6c Көне түркі жазбалары | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Неге?Неге?Неге? Шеңберді айналдыра тұрып, бүгінгі сабақтың түйінді идеяларын еске түсір. Осы сабақта не үйренгеніңді айтып, сөйлеміңді «неге?» деген сұрақпен аяқта. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, жауабын «неге?» деген сұрақпен аяқтауы тиіс. Үлгі: 1-оқушы: Төл рухани мәдениетіміздің бастауыкөне түркі жазба ескерткіші болып табылады. Неге? 2-оқушы: Құлпытастардағы түсініксіз жазу руна деп аталды.. Неге? 3-оқушы: -------- --------- ---------- Неге? 4-оқушы: -------- --------- ---------- Неге? 5-оқушы: -------- --------- ---------- Неге? | Стикерлер, мамандық атаулары жазылған парақшалар |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?