Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.


1 -сабақ

Сабақтың тақырыбы: Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері

Сабақтың басы:

1-тапсырма. Суреттерді басшылыққа алып, төмендегі сұрақтарға жауап бер.

  • Көне түркі жазба ескерткіштерінің құпиясы не?
  • Қазақстандағы «Мәдени мұра» бағдарламасы қандай мақсатта құрылған?

Сабақтың ортасы:

2-тапсырма. Мәтіннен берілген үзіндіні тыңдап, көтерілетін мәселеге болжам жаса.

Мәтінмен жұмыс кезеңі.

2-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, өз болжамыңмен салыстыр.

Тыңдалым мәтіні:

 Күлтегін (684-731 жылдары өмір сүрген) – ежелгі түркі мемелекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, сол дәуірдің белгілі қоғамдық қайраткері ретінде көне тарихтан жақсы мәлім. Ол Құтлұғ (Елтеріс) қағанның кенже ұлы. Қапаған қаған 716 жылы қаза тапқаннан кейін бүкіл түркі әскерін басқарады. Қапаған соғыста өлген соң Күлтегін оның ұрпақтарын да қырып салып, өз ағасы Могилянді (кейінірек Білгі қаған деп атанған) Күллі түрік елінің қағаны етіп тағайындалады. Күлтегін талай-талай соғыстарда жеңіске жетіп, өз қабілетті қолбасшысы ретінде танылады.

 Міне, осы Күлтегін батыр, оны ағасы Білге қаған және қағанның кеңесшісі, ақылгөй қария Тоныкөк құрметіне VIII ғасырда тасқа қашап жазылған ескерткіш – жырларды әдебиеттану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеген кісі совет ғалымы И.В. Стеблева болды.Бұл аталған руналық жазбалық ескерткіштер әдебиет тану ғылымында ежелгі түркі халықтарының көне әдеби үлгілері, поэзиялық туынды ретінде танылады.

 Орхон ескерткіштерінің жанрлық ескерткіштері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келеді. Бірі – Күлтегін, Білгі қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме - дәл жазылған тарихы деп қарады. Екіншісі – руна жазуындағы бұл ескерткіштерде поээзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп танылды.

https://massaget.kz/forum/viewtopic.php?f=142&t=11714

Мәтінмен жұмыс кезеңі.

1-тапсырма. Тыңдалым мәтініндегі туындаған мәселені анықтап, жұбыңмен кестені толтыр Үлгі:

Көтерілген мәселе

Себептері

Менің пікірім

Күлтегін, Білгі қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ

Әдебиетші ғалымдар арасында екі түрлі көзқарастың болуы

Ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды

-

2-тапсырма. Грамматикалық тапсырма

Тыңдалған мәтіндегі жалқы есімдерді тауып, атауларын анықта.

3-тапсырма. Газет –журналдардан жалқы есімдерді тауып, атауларына қарай жікте.

Антропонимдер __ __ __ __ __ __ __

Топонимдер __ __ __ __ __ __ __ __

Зонимдер __ __ __ __ __ __ __ __ __

Астронимдер __ __ __ __ __ __ __ __

Хрононимдер __ __ __ __ __ __ __ __

Идеонимдер __ __ __ __ __ __ __ __

Сабақтың соңы:

1-тапсырма.

«Түркі әлеміне саяхат»

Ғарышкер, саяхатшы, тілші және суретші мамандықтарының бірін таңда.

Міндеттері:

-Ғарышкер өз жұмыстары немесе «ашқан жаңалықтары» бойынша есеп дайындайды.

-Саяхатшы Орхан –Енесей жерлеріндегі оқиға жайлы күнделік жазады.

-Тілші өзі көрген, куә болған жайлар туралы репортаж дайындайды.

-Суретші түркі сапары жайлы сурет салады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу