Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзім жоспары

1-сабақ

Бөлім тақырыбы:

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты -жөні:

Сынып: 8

Сабаққа қатысушылар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері

Оқу мақсаттары

8.1.1.1 - мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;

8.4.1.1 - тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу.

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар:

 

  • күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу дағдыларын дамытады;
  • мәтіннен алынған дәйексөздерді түсініп, айтылмақ ойды одан әрі дамыта болжам жасайды

 Бағалау критерийі

  • дәйексөз бен тірек сөздерді анықтау

 

 Тілдік мақсат

Пәннің лексикасы мен терминологиясы: VIII ғасырда тасқа қашап жазылған ескерткіш, руналық жазба, антропонимдер топонимдер,зонимдер, астронимдер, хрононимдер, идеонимдер

Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс:

менің ойымша....., дегенмен....,

бұл пікір қаншалықты дұрыс деп ойлайсың?...

Жұптық тапсырмада көне түркі жазуы туралы әңгімелеседі.

Құндылықтарды

дарыту

 

Бұл сабақ оқушыларды тарихи жәдігерлерді құметтеуге жетелейді

 Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет

 Бастапқы білім

Көне жазба ескерткіші туралы алғашқы сабақ. Оқушылар бұған дейін қазақ әдебиеті, тарих пәндерінен Орхон –Енесей жазба ескерткіштері туралы хабардар. Бұл сабақта жалқы есімдердің емлесін Көне түркі жазба ескерткіштері туралы мәтіндерден анықтап, тілдік қолданыста пайдаланады.

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Қорлар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту:

«Суреттер галереясы» әдісі. Сынып қабырғасына көне түркі жазуына қатысты суреттер ілінеді. Оқушылар суреттерді кезегімен көріп, аралайды. Өзіне жақын тұрған оқушымен тарихи ескерткіштер, көне түркі жазуы туралы ойларын айтып әңгімелеседі.

Мұғалім оқушылардың ойын тақырыпқа алып келу мақсатында төмендегі сұрақтарды қояды:

  • Көне түркі жазба ескерткіштерінің құпиясы не?
  • Қазақстандағы «Мәдени мұра» бағдарламасы қандай мақсатта құрылған?

Тақырыпқа қажетті суреттер

Сабақ ортасы

1-тапсырма.

Алдымен, оқушылар мәтіннен берілген үзіндіні тыңдап, көтерілетін мәселеге болжам жасайды.

2-тапсырма.

Аудиомәтінді толығымен тыңдап, өз болжамымен салыстырады.

Мәтінмен жұмыс кезеңі.

Оқушылардың жұптық тапсырмасы:

Тыңдалым мәтініндегі туындаған мәселені анықтап, төмендегі кестені толтырады.

Үлгі:

Көтерілген мәселе

Себептері

Менің пікірім

Күлтегін, Білгі қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ

Әдебиетші ғалымдар арасында екі түрлі көзқарастың болуы

Ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды

---

---

---

---

---

---

---

---

---

Дифференциация: Әдебиетші ғалымдар арасында әр түрлі көзқарастың бірізділігіне зерттеу жүргізеді.

Грамматикалық тапсырма.

Оқушыларға бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу талаптары түсіндіріледі.

Жұптық тапсырма ретінде тыңдалым материалынан (аудиомәтін) оқушылар жалқы есімдерді тауып, атауларын анықтайды.

Мысалы,

Бағалау критерийі:

Т/А8.1.3.1 – Мəтіннен алынған дəйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мəселені болжау

Дескриптор

Білім алушы:

Дәйексөздерге сүйеніп, мәселені анықтау

Тірек сөздердің қызметін түсіну

Сұраққа дәлелді әрі дұрыс жауап беру

Сөйлеу мәдениеті

Балл

3

3

2

2

Барлығы 10

Аудимәтінге қажетті медиаматериалдар,

https://massaget.kz/forum/viewtopic.php?f=142&t=11714

Сабақтың соңы

«Түркі әлеміне саяхат» әдісі.

Оқушылар топта зерттеуші, саяхатшы, тілші және суретші мамандықтарының бірін таңдайды.

Міндеттері:

-зерттеуші өз жұмыстары немесе «ашқан жаңалықтары» бойынша есеп дайындайды.

-Саяхатшы Орхан –Енесей жерлеріндегі оқиға жайлы күнделік жазады.

-Тілші өзі көрген, куә болған жайлар туралы репортаж дайындайды.

-Суретші түркі сапары жайлы сурет салады.

Стикерлер, мамандық атаулары жазылған парақшалар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу