Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Сабақ: 3- сабақ | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 7 L1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағаны: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | 9-БӨЛІМ: ЖЕҢІС КҮНІ. ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | О7 Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары: | Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері: |
| ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Шексіз патриоттық сезім, құрметтеу құндылықтырын дарыту | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар: | Тарих, әдебиет | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, бейнематериал | ||||||||||||
Бастапқы білім | Жеңіс күні | ||||||||||||
Сабақтың кезеңдері | Жоспарланған жұмыс түрі | Дереккөздері | |||||||||||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 5 мин Сабақтың ортасы: 10 мин. 15 мин 10 мин | Сынып оқушылары: берілген мақал қиындыларын біріктіру арқылы 3 топқа бөлінеді. Біріктірген мақалдарын оқиды және мағынасын ашып, талқылайды. 1-топ: Ерлік білектен емес, жүректен. 2-топ: Ер есімі ел есінде. 3-топ: Еліңді сүйсең ерлік істейсің. Мақсаты: топта бірлесе жұмыс істеуге дағдыландыру, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Келесі бейнематериалға көңіл аударыңыздар. (3 мин). 1-тапсырма: «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша бейнероликтті талдайды Пікір. Тыңдаған бейнетаспа бойынша өзіндік пікір айтасыздар. Дәлел. Айтылған пікірді бір сөйлеммен дәлелдейсіздер. Мысал. Пікірді өмірмен байланыстырып, мысал келтіресіздер Қорытынды. Ролик бойынша қорытынды шығарыңыз. Мақсаты: оқушылардан берілген бейнематериалдан не ұққандарын, не мақсатпен көрсетілгендігін және қандай ойда қалғандарын білу. 2-тапсырма: «ГАЛЕРЕЯДА ОЙ ШАРЛАУ» Сынып қабырғасына (интербелсенді тақтада) Ұлы Отан соғысы жылдары ерлік көрсеткен ардагерлердің және майдан даласындағы көріністерден суреттер беріледі. Оқушылар берілген суреттермен танысады. «Еркін микрофон» әдісі бойынша әр топ 2 суретті таңдайды. Топ мүшелері шеңбер бойына тұрады. Мұғалім микрофонды алып, шеңберде тұрған оқушыларға сұрақ қояды. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
3-тапсырма. «Ұлы ерлікке тағзым» тақырыбында топпен бірлесе 5 сөйлемнен тұратын ойтолғау жазады. Бағалау: 3 топ бір-бірлерін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды. . | Мақалдар https://www.youtube.com/watch?v=Ay2F3DKBzkw Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында! | |||||||||||
Сабақтың соңы: 3 мин. Үй тапсырмасы: 2 мин. | «Мен танитын ардагер» тақырыбында бір ҰОС ардагері туралы қысқаша мағлұмат дайындау (мәтін, мақала, презентация – таңдау бойынша) | ||||||||||||
Саралау | Бағалау | Пәнаралық байланысқа сілтеме; Денсаулық және қауіпсіздік; | |||||||||||
Рефлексия | «Екі жұлдыз, бір тілек» және «Бағалау прағы» арқылы жүргізіледі. | Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлекция жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||
Сабақ мақсаттары Оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? Егер осы сабақты қайталап өткізсем нені өзгертер едім? Тақырыптың өмірмен байланысы болды ма? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?