Достық байланыстар. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Қазақстандағы ұлттар достастығы

Сабақтың тақырыбы

Достық байланыстар

Сабақтың түрі

Қайталау, алдынғы білімді бекіту сабағы.

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу.

7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану

Сабақтың мақсаты

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме жазу дағдысын дамыту.

Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің қойылу мәнін түсіндіру, оқушылардың мәтінді мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.

Барлық оқушылар:

Стиль, жанр ерекшеліктерін түсініп, теориялық білімін тәжірибеде қолдана алады

Оқушылардың көбісі:

Жазба жұмысын сауатты орындайды, көркемдегіш құралдарды орынды қолдануға тырысады, сөйлеу тіліндегі интонацияның логикалық екпіннің қойылу себебін түсіндіре алады

Кейбір оқушылар:

Көркемдегіш құралдарды еркін қолданады, публицистикалық стильмен қатар авторлық стильді байланыстыра алады, мәтінді мәнерлеп оқиды.

Бағалау критерийлері

  • Мәтінді стиль, жанр ерекшеліктеріне сәйкес жазады;
  • Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің қойылу мәнін түсіндіреді

Дескриптор

  • Жазылған мәтін (мақала, әңгіме, нұсқаулық) жанр талаптарына жауап береді.
  • Интонация, кідіріс, екпін терминдерінің мағынасын түсіндіреді.
  • Мәтінді мәнерлеп оқиды.

Тілдік міндеттер

Лексикалық минимум

Шаңырақ, бірлігі жарасқан, бауыр басу, шаттығы таусылмайтын, арманға жетелейтін; бірлік болмай,тірлік болмас; тілі басқа болса да, тілегі бір; атасы басқа болса да, Отаны бір; жүзі басқа болса да, жүрегі бір т.б.т.б.

Сөйлеу мәдениетін жетілдіру үшін қолдануға ұсынылған тілдік оралымдар

Менің ойымша, біріншіден, сонымен қатар, қорытындылай келе т.б.

Құндылықтар

Бірлік болмай,тірлік болмас!

Мұғалім оқушыға тапсырманы өздігінен таңдауға мүмкіндік береді, кері байланыс беру арқылы қолдау көрсетеді

Осыған дейін меңгерілген білім

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

Оқушылар «Достық» деген сөзге ассоциативті карта сызып, ойларымен бөліседі. Мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. ОМ мен ЖК танысады.

  • Достық байланыстарға нені жатқызуға болады?
  • Халықтар достығы дегенді қалай түсінесіздер?
  • Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарға мысал келтіріп көріңіздер

Слайд №1-2

Сабақтың ортасы

3 мин

25 мин

12 мин

Оқушыларға «РАФТ» әдісіне негізделген тапсырмалар ұсынылады. Тақырыптың біреуін ғана таңдауға болатыны ескертіледі. Авторлық стильді таңдауға еркіндік беріледі. Кестені көлденең оқу керек.

Роль

(мәтін кімнің атынан жазылады?)

Аудитория

(кімге арналып жазылады?)

Форма

(мәтіннің түрі)

Тақырып

(қандай тақырыпта жазу керек?)

Әңгімедегі негізгі кейіпкер/автор атынан

Көпшілік оқырман

Шағын әңгіме

Татулық – достықтың бесігі.

Достық Үйінің қызметкері

«Шаңырақ» газетінің оқырмандары

Шағын мақала

Қазақстан –ортақ үйіміз.

Мектеп көшбасшысы

7-сынып оқушылары

Нұсқаулық

Дос болайық бәріміз!

Жазылымға дайындық жұмысы

«Екі жақты күнделік». Оқушылар «Достық байланыстар» атты бейнебаянды тамашалап, жазба жұмысының идеясын ашуға мәлімет жинайды.

Бейнебаяннан алынған мәлімет

Жазба жұмысымда қалай қолданамын

Бір жанұя

Қазақстан халқы бір үлкен жанұя

Ауырлықты көтере алу

Бірлік бар жерде тірлік бар

...

...

«Күнделікті» толтырып болған соң, жазба жұмысын орындауға кіріседі.

Алдын ала әзірленген шаблондар/жоспар оқушыларға нұсқаулық немесе мақала жазуға көмек келтіреді.

Шаблон үлгісі:

  • Алғы сөз (Құрметті...)
  • Күн тәртібіндегі мәселеге тоқталу (қазіргі жастар арасында ...)
  • Мәселенің өзектілігі
  • Мәселені шешу жолдары (нақты қадамдар көрсетіледі)
  • Қорытынды (үндеу)

Сыныптан 3-4 оқушының жұмысы жаппай тексеріледі. Оқушы жұмысын өзі дауыстап мәнерлеп оқып береді. Сыныптастары мәтіннің стиль, жанр ерекшеліктеріне сәйкес жазылғанын қадағалап, сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің қойылу мәнін түсіндіруге дайын отырады. Өзара бағалаудың «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі қолданылады.

Мұғалімнің кері байланысы.

Тексерілмеген жұмыстар мұғалімге тапсырылады.

https://www.youtube.com/watch?v=nzF43Ir77Ko Достық байланыстар.

Сабақтың соңы

3 мин

Кері байланыс

«Плюс, минус» әдісі бойынша ауызша кері байланыс береді

Плюс

Минус

Сұрақ

Үйге тапсырма

Достық туралы мақалдарды жаттау.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.

Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады.

Пәнаралық байланыс – Қазақстан тарихы.

Бірлік болмай,тірлік болмас!

Мұғалім оқушыға тапсырманы өздігінен таңдауға мүмкіндік береді, кері байланыс беру арқылы қолдау көрсетеді

Интерактивті тақта сабақ материалдарын демонстрациялау мақсатында қолданылады

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың оқу мақсаттары жүзеге асты. Оқушылар белсенділік танытты. Оқу атмосферасы жағымды болды. Саралау принциптері жүзеге асты.

Келесі сабақта оқушылар мақалдарды жатқа айтып, мағынасын өз сөзімен түсіндіреді.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: таңдалған ресурс көздері

2:топтық жұмыс

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: жұптық жұмыс формасын қолдану

2: ресурстармен өзара бөлісу

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Мақала мен нұсқаулық жазу талаптарына



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу