Қазақстан халқы ассамблеясы. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары.


  • САБАҚ: Қазақ тілі
  • Мектеп:
  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Сынып: 7 Т1
  • Қатысқан оқушылар саны:
  • Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Қазақстандағы ұлттар достастығы

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан халқы ассамблеясы

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/А5 Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау.

ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: сұрақтар дайындайды, мәселені анықтай алады, жауап береді, салыстырады, ойларын жеткізе алады.

Көптеген оқушылар: Оқушылардың көбі ақпараттар бойынша сұрақтарға жауап береді, салыстырады, ойларын әсерлі жеткізеді, бағалайды

Кейбір оқушылар: Қабілеті жоғары оқушылар ұтымды ойлар айтады, мәселені жан-жақты талдай алады, сезімін ерекше жеткізеді және бағалауда нақтылық көрсету

Бағалау критерийлері

  • Мәселелер негізінде сұрақтар әзірлей алады.
  • Деректерге сүйене отырып, сұрақтарға жауап бере алады.
  • Интонация және логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады.

Дескрипторлар

  • Блум жүйесі негізінде сұрақтар тізбегін құрастыра алады.
  • Сұрақтарға дәлелдер келтіре отырып, жауап бере алады.
  • Ұлт өкілдері ретінде:

- тапсырманың мазмұнын аша алады.

- екпін, интонациясы, сөйлеу мәнері назар аударта алады.

- 8-10 сөйлем көлемін сақтайды.

- топ мүшелері толық қатысады.

Тілдік мақсаттар

Лексикалық минимум: халықтар ассамблеясы, биік рух, қонақжайлық, бірлігі бар ел озар, бірлік бар жерде тірлік бар, ауызбірлік, қарапайым түсіністік, 1995 жыл 1Наурыз, 130-дан астам ұлт өкілдері т.б

Тілдік оралымдар: менің ойымша, қалай ойлайсыз? Не себепті? Қалай? Не үшін? Қайтіп?

Осыған дейінгі меңгерілген білім

Өткен тоқсандағы бөлімдер бойынша тілдік дағдыларды дамыту, байланыстыру

Құндылықтар

  • Адами қасиет, тәлім-тәрбие, достық, татулық;
  • Зерттеген мәселе бойынша өмірлік ұстаным;

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, әдебиет

АКТ дағдыларын дамыту

Бейнеролик

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушылардың қызығушылықтарын ояту.

Сабақтың тақырыбын анықтау

Слайд 1

Сабақтың ортасы

Оқу мақсатымен танысу, бағалау критерийлерін талқылау

Тыңдалым алды тапсырмалары:

  •  Ассамблея деген не?
  •  Қазақстан халықтар достығы туралы не білесіздер?
  •  «Бірлігі бар ел озар» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесіздер?

Оқушылар осы сұрақтар төңірегінде пікір алмасып, ой қозғайды.

Оқушылар жұпқа бөлінеді.

Бейнероликпен танысады.

https://www.youtube.com/watch?v=RuNvptwZIIo

Тапсырма №1

ЖЖ (жұптық жұмыс)

Тыңдалған мәтінді негізге ала отырып, БЛУМ жүйесі негізінде сұрақтар құрастыру

  •  Кім? Не? (білу)
  •  Қашан? (түсіну)
  •  Не үшін? (қолдану)
  •  Қалай? (анализ)
  •  Не себепті? Неге? (синтез, бағалау)

Сауалдары негізінде сұрақтар әзірлейді. Көршілес отырған жұптар әзірлеген сұрақтарымен алмасып, жауап береді. Жауаптарын тексеріп, өзара бағалайды, салыстырады, талқылайды.

Бағалау: жұптар өзара бір-бірі тексеріп бағалайды. 80%-дық үлестің орындалуы.

Келесі кезең.

Оқушылар 5 топқа топтасады. (бірге жұмыс жасаған жұптар бір топ болуына болады)

Қазақ, орыс, уйғыр, татар, неміс, кәріс, өзбек, қырғыз, шешен сияқты ұлт атаулары тақтада көрсетіледі. Олар топпен келісіп, ұлт атауларын таңдап алады.

Тапсырма №2

Өздері таңдап алған ұлт өкілдері атынан «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында ой-толғауларымен, мақтаныш сезімдерімен бөліседі.

Дауыс ырғағына, интонацияға, сөз мәнеріне ерекше көңіл аударулары қажет.

Бағалау: Дескрипторлар негізінде топтар сағат тілімен бір-бірін бағалайды.

Мұғалім сөйлеушілерге де, бағалаушыларға да кері байланыс беріп отырады.

Слайд 2

https://www.youtube.com/watch?v=RuNvptwZIIo

сұрақтар парағы

Слайд 3

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар «ДОСТЫҚ БӘЙТЕРЕГІНЕ» татулық, достық, бірлікке қатысты бүгінгі сабақтан түйген өзіндік ойларын, тұжырымдарын жазып іледі.

Бәйтерек сызбасы

Кері байланыс

« + » - плюс

« - » - минус

« ! » - қызықты

Оқушылар кері байланыстарын қалдырады.

Кері байланыс парағы

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс

Барлық оқушылар: сұрақтар дайындайды, мәселені анықтай алады, жауап береді, салыстырады, ойларын жеткізе алады.

Көптеген оқушылар: Оқушылардың көбі ақпараттар бойынша сұрақтарға жауап береді, салыстырады, ойларын әсерлі жеткізеді, бағалайды

  •  Кейбір оқушылар:

Қабілеті жоғары оқушылар ұтымды ойлар айтады, мәселені жан-жақты талдай алады, сезімін ерекше жеткізеді және бағалауда нақтылық көрсету

Сабақта дескрипторларға негізделген жүйеде бағаланады.

  • Мұғалімнің кері байланысы
  • Бірін-бірі бағалауы

Әдебиет, өзін-өзі пәндерімен тақырып арқылы байланысады.

Сабақта АКТ бейнеролик көрсету мақсаты мен сабақ барысыныда тапсырмалар үшін қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу