Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Қазақ тілі, 7 сынып, қалыптастырушы бағалау. 7 сабақ.
Оқушының аты-жөні: Сыныбы: Күні:
Оқу мақсаты: Ж5.Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу.
ӘТН5.Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану.
Домбыра – дала киесі
Сан ғасырлық тарихы бар қазақ елі небір қатал сындардан өтсе де халық рухының алтын діңгегі саналатын домбыра өнерін ешқашан жоғалтпады ұлттық көркемдік сипатын сақтады. Оны дамытып өркендетті. Оны әлемге паш етіп еліміздің рухын асқақтатты.
Қоғамдық өмірдің жаңғыруына байланысты орындаушылық дәстүр мен оның қызметтері де қазіргі уақытта өзгеріске ұшырады. Алайда домбыра күйлері бұдан жүздеген жыл бұрынғыдай халықтың рухани серігі болып жас ұрпақтың болашағына деген толғанысын арманы мен бақытына деген сенімін сақтап келеді. Себебі қай заманда болсын жан азабы жай таптырмағанда тұяқ дүбірі мен домбыра сарыны әлемді шарлап сарнап алған. Қай заманда болсын адамзат құсасын да қысасын да ән мен күйге шаққан домбыраға жүгінген. Сонау өткен ғасырдағы Ақсақ құлан Жошы хан аңызы жазушы Тахауи Ахтановтың Күй аңызы шығармасы домбыра өнерінің күйдің биік құдіретін оның қасиетін көрсететін туындылар. Ақсақ құлан Жошы хан аңызында Жошы хан баласының қайтыс болғанын көпшілік ордада бір домбырашы домбыра арқылы күймен естіртеді. Тахауи Ахтановтың Күй аңызы шығармасында Естеміс күйшінің қасиетті домбырасы ботасы өлген бозінгеннің тарамыс болған терісіне жан беріп суалып біткен желінін сүтке толтырады. Күмбірлеген күй ет жүректі адамды да тамылжыған табиғатты да толқындағы қайықтай шайқалтады шамырқандырады деп ата-бабамыз бекер айтпаса керек-ті.
Иә күй құдіретті, күй сиқыр. Күй әсері шексіз, күй құдіреті шетсіз. Оны түсіну игеру адамзат мәдениеті қанша жасаса сонша кезеңде жалғасып отырады. Күйдің өз тыңдаушысы оны жанымен ұғып бағалайтын өнерсүйер қауымы баршылық және олардың көкжиегі кеңейе түсуде. Қазақ күйі қазір өз отаны Қазақ елі шеңберінен шығып өзге елдердің салтанатты сахналарынан да естілуде. Қазақтың дархан даласынан шығып шет елдерде домбыра өнерінің шарықтауы өрістеуі көне заман саңлақтарының бүгінгі дарынды азаматтарымыздың арқасы. Осылайша киелі домбырамыз еліміздің өрісін биіктетіп өрісін шыңдауда. Мұның өзі біз үшін үлкен мақтаныш халқымыздың мәдени дамуына қосылған қомақты үлес.
Домбыра өнері қазақ күйі адам жанын тебірентеді, керемет сезімге бөлейді адамның жан жүрегін тербетіп көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Оның қасиеті де құдіреті де мәңгілік!
Тапсырма.
Мәтіндегі ақпарат желісін сақтап, тезис түрінде «Күй құдіреті» тақырыбында 80-100 сөз көлемінде жинақы мәтін жазыңыз.
Мәтіндегі қарамен берілген сөздердің орнына синонимдерін қолданыңыз және тыныс белгілерін дұрыс қойыңыз.
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі | Дескриптор | ||
Оқылым мәтіні бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазады |
| ||
Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолданады |
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?