Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


САБАҚ: 5

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.ӘТН2; Орфоэпиялық норма.

Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсінеді;

Көптеген оқушылар

  • Мәтіннен логикалық екпінге мысал келтіреді;

Кейбір оқушылар

  • Логикалық екпінді қолданады.

Бағалау критерийлері

  • Мәтіндегі интонация мен кідірісті анықтайды.
  • Мәтіннен логикалық екпін түскен сөзді табады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: домбыра, күй, құдірет, күйші, мәдениет, адамгершілік

Пәнаралық байланыс

Музыка, тарих, әдебиет

Мектеп құндылықтары

Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық

Ынтымақтастық

Жауапты азаматтық ұстаным

Осыған дейін меңгерілген білім

«Ұлтымыздың ұлы аспабы» тақырыбы аясында оқушылардың сөздік қорын жетілдіру, әртүрлі мәтіндер, ақпарат көздерімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру мақсаттарымен ұштастырылады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

5 мин.

Ұйымдастыру:

-оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- сабақ мақсатымен таныстыру.

Алдыңғы біліммен байланыс:

Нағыз қазақ – қазақ емес,

Нағыз қазақ - ...

«Бетпе-бет» әдісі

Оқушылар бір-біріне бетпе-бет тұру арқылы өлең жолындағы қажетті сөзді атап, өткен сабақтағы домбыра туралы алған мәліметтерін тізбектейді, ақпаратпен бөліседі.

1-слайд

Сабақтың ортасы

5 мин.

10 мин.

5 мин.

10 мин.

5 мин.

С. Тыңдалымалды тапсырма.

Оқушыларға сабақтың тақырыбын болжатуға бірнеше суреттер ұсынылады.

Оқушылар пікірлері тыңдалады. Сабақ тақырыбын тапқан оқушы жұлдызшамен бағаланады.

Бағалау критерийі таныстырылады:

Бағалау критерийі

Дескриптор

Оқушы...

Мәтіндегі кідіріс түрлерін анықтап, логикалық екпінді табады.

кідіріс түрлерін белгілейді.

мәтіннен логикалық екпін түскен сөзді анықтайды.

Ж.Тыңдалым тапсырмасы.

https://www.youtube.com/watch?v=84lrnxyYZRY

«Ақсақ құлан» тақырыбындағы мультфильмді көреді.

Мәтін мазмұны не туралы?

Мазмұнға қатысты қандай тақырып қоюға болады?

Кейіпкерлер кімдер?

Кет-Бұға күйші әмірші сарайында неге отыр?

Күйші қаһарлы Шыңғыс ханға сүйікті ұлы Жошының қазасын қалай естіртті?

Кет-Бұға күйшіні ажалдан арашалап қалған қандай құдірет?

Кейіпкердің сөйлеу тілінен нені байқауға болады?

Дәлел ретінде мысал келтіріңіз.

Кері байланыс: Қандай ой түюге болады?

Ж. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасымен жұмыс.

Мәтін үзінділері арқылы кейіпкерлердің сөйлеу тілінен логикалық екпін түскен сөздің астын сызу.

Кідіріс белгісін қою.

(.)-қысқа кідіріс, (..)-ұзақ кідіріс

  • Кімде кім, менің баламның қайғылы хабарын естіртсе, соның көмейіне қорғасын ерітіп құямын,- деп халыққа жар салыпты.

Тақта мүлгіп отырған хан сәл басын көтеріп:

  • Мынау ненің үні? Барып біліңдерші? Егер менде шаруасы бар адам болса мында алып келіңдер! – деп уәзірлерінің біріне әмір етеді.

Уәзір әлгі домбырашыны ханның алдына алып келеді. Хан оған:

  • Қайдан жүрген адамсың мұнда келу мақсатыңды айт! – дегенде домбырашы:
  • Тақсыр! Көптен көңілімде жүрген  бір күйім бар еді, соны сізге сынатқалы келіп едім, — депті.
  • Е, олай болса домбыраңды тарт! – депті хан.

Бұл сөзді естуі сол-ақ екен, күйші домбырасының бұрауын қоңыр дауысқа келтіріп, әрбір қығысын салмақпен қағып, бір күйді тарта беріпті. Күйдің алғашқы дыбысынан басталған қатал үн, бірте-бірте қоюланып, «мені естисің бе, хан ием, қайғылы хабар айтамын» дегендей, алдын ала негізгі тақырыбынан, айтпақ ойынан хабар береді.

  • Ұстаңдар, мына  күйшіні! – деп, уәзірлеріне әмір етіпті. Сонда күйші ханға қарап:
  • Уа, тақсыр! Мен аузымды ашып, ештеме де айтқаным жоқ едім ғой, жазығым өзіңіздің ұлықсатыңызбен күй тартқаным ба? Барлық сырды ашып, айтып берген мынау домбыра емес пе? – депті.

Хан осы жерде сөзден жеңіліп, берген жарлығын орындау үшін «кім болса да бәрі бір, қаралы хабар әкелгеннің үні өшіп, жазасын алсын» деп, бұйырып, домбыраның қақпағынан көмей тесігін жасап қорғасын ерітіп құйғызыпты. Содан бастап домбыраның көмей тесігі пайда болған екен деседі.

ЖЖ. Оқушылар жұптаса отырып жазба жұмыстарын тексереді.

Кері байланыс. Кім кідіріс түрлерінің белгісін дұрыс қолдана алды?

Логикалық екпіннің ерекшелігі қандай?

Оқушылар пікірі тыңдалады. Жазба жұмыстарына кешіктірілген кері байланыс беріледі.

2-слайд

Жапсырма жұлдызшалар

https://www.youtube.com/watch?v=84lrnxyYZRY

4-слайд

А4 форматты қағаздар

Сабақтың соңы Рефлексия

5 мин.

Ризамын-

Ойланамын-

Түзетемін-

стикер

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Дарынды баламен жұмыс:

Мақсатты аудиториясы

Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу