Сүйіспеншілік пен достық. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.
Хат жанры ықылым заманнан бері бүгінгі күнге дейін әлеуметтік маңызы зор жанрлардың бірі.Хат мәтіні-мәдени және тарихи мәні зор жанрлардың бірі, жазба тілдің ежелгі формаларының бірі. Көптеген ғалымдар хатты «Эпистолярлық стиль», «Эпистолярлық әдебиет», «Эпистолярлық жанр» деп атап жүр.Эпистолярия грекше (epistole) «хат» деген мағынадан шыққан.Қазақ Совет энциклопедиясында: «Эпистолярлық әдебиет, эпистолография( грекше жолдау, үндеу) –сан алуан хат түрінде жазылған шығарма.Эпистолярлық әдебиетке жеке адамдардың бір-біріне жазған, мәдени маңызы бар, әдеби мұраға айналған хаттары да жатады...», деп түсінік береді. Ал, орыс ғалымы Е.М.Виноградова «Функцоналдық және құрылымдық белгілері бар кез-келген тексті эпистолярлық деп атайды.
Рабиға Сыздықова аталған стиль туралы: «Бұл стиль жеке адамдардың бір-біріне жазысқан хаттарының тілін танытатын сөз мәнері. Әдетте бұл салада зерттелуге тиісті материал кез-келген адамның күнделікті тұрмысқа, үй ішіне, қара басына қатысты жайларды сөз еткен хаттары емес, белгілі қоғам қайраткерлерінің, қалам иелерінің, ғылым-білім өкілдерінің, көбінесе әлеуметтік не өзге де мәні бар мазмұндағы корреспонденциялары болуға тиіс»,-дейді.
Хат деп белгілі субъектінің екінші біреуге, бірлестікке, қоғамға, мекемеге арнап жазған жеке туындысын айтамыз.
Хат жазу барысында нақты тұрақталған үлгісі болмаса да, белгілі бір жазу мәнері бар. Хат бірінші жақтан баяндалады. Нақтылы адресант( хатты жазушы) пен адресаттың ( хат жолдаушы) болуы керек.
Хат жазудың үлгісі:
1.Адресант сәлемдесу түрін анықтауы қажет.(хат жолдаушының жасын, әлеуметтік жағдайы мен қарым-қатынасын есепке алуы керек.)
2.Жазу барысында:
а) хат жолдаушының өзіне, қызметіне қызығушылық тудыратын тәсілді анықтау.
б) Мазмұнды баяндауды анықтау.
в) Қорытынды жасау.
г) Авторға тілек айту.
д) керек болған жағдайда "P.S" белгілеу (посткритум-хатта үлгермеген хабарлаулар)
е) хаттың безендірілу мәдениетіне көңіл аудару (күні, қолы, сауаттылығы, тазалығы, қағаздың сапасы).Бұл деңгей хат авторын, оның адресатқа деген көзқарасын анықтайды.
Мысалы:
Құрметті Қадыр!
Бауырым, мен сенімен сырттай таныс болғанымен сырласың емеспін. Сондықтан, саған арнап жазып отырған бұл хатымды егде ағаның ежіктемесі деп қарайсың ба, әлде қамқор көңілдің қанағаттанғандық белгісі екен деп қарайсың ба-ол арасын өзің білесің.
Негізгі бөлімнен: « Тағы бір шындығымды айтайын.Сен бір өлеңіңнен екіншісіне дейін, бір құйындата самғаудасың, биіктен биікке, асқардан асқарға көтеріліп барасың.Осыныңа қуанам, риза болам. Сенің әрбір өлеңінде ( басқа құрдастарында аз кездесетін ) үлкен ой, тұжырымды түйін жатады.»(2а,б)
Мен сенің бұдан былайда творчестволық жаңа табыстарға жете беруіңе белестен белеске көтеріле беруіңе шынкөңілден тілектеспін...(в, г)
P.S. Саған осы хатты жазып болған бойда мына бір жеңіл әңгіме есіме түсе қалғаны.Соны да қоса салайыншы...
http://4student.kz/referat/kazakhskiy-yazyk/khat-zhanry1
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?