Көшпенділер өркениетінің қазақ тарихындағы маңызы. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
САБАҚ: 6 | Мектеп: |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып: 7 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар оқушылар саны: |
Бөлім атауы | Көшпенділер мәдениеті |
Сабақтың тақырыбы | Көшпенділер өркениетінің қазақ тарихындағы маңызы |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 7Ж4 Эссе жазу: Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу. (дискуссивті эссе). 7ӘТН1 Орфографиялық норма: Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу. |
Сабақ мақсаттары | Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап жазу; Жазылым барысында жалғаулар мен шылауларды қолдану, орфографиялық нормаға сай жазу. |
Бағалау критерийлері | Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап жазады; Жазылым барысында жалғаулар мен шылауларды қолданады, орфографиялық нормаға сай жазады. |
Дескрипторлар |
|
Тілдік мақсаттар | Жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: Менің ойымша, болашақта, ғалымдардың пайымдауына, зерттеулерге сүйенсек, жұртшылықтың қолдауымен, т.б. |
Құндылықтарды дарыту | Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру; Тәрбие: Елдің тарихын, мәдениетін ұмытпау, отбасы қадірін түсіну |
Пәнаралық байланыс | Тарих, әдебиет, өзін-өзі тану |
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтадан бейне материал тамашалайды, слайд арқылы тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланады. |
Жоспар
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер |
Сабақтың басы 15 минут | Үй тапсырмасы тексеріледі. Әр топ дайындаған жобаларын ұсынады. Әрбір топқа 5 минут уақыттан беріледі. «Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды. Зерттеу жұмысын критерийлерге сай жасаса, өзге топтың көңілінен шықса, алдындағы жасыл түсті стикерді көтереді. Ал жоба бойынша түсінбей қалған жері болса, орташа түсінсе, сары түсті көтереді, ал түк түсінбесе, сұрақтар туындаса, қызыл түсті стикерді көтереді. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады. | Слайд № 1 Слайд № 2,3 |
Сабақтың ортасы 5 мин 20 мин | С. Жазылымалды тапсырма. «Миға шабуыл» әдісі бойынша әр оқушы берілген сұрақтарға сөз тіркесімен немесе бір сөйлеммен жауап беруі тиіс.
Жеке жұмыс. «Көшпенділер өркениетінің қазақ тарихында қаншалықты маңызы бар?» деген тақырыпта 100-150 сөз көлемінде дискуссивті эссе жазу. Дескрипторлар:
| Слайд № 4 Слайд № 5 |
Сабақтың соңы 5 мин | Кері байланыс. «Пирамида» Пирамида бөліктеріне етістіктерді орналастыру арқылы оқу мақсатына қаншалықты жеткендігін білдіру. |
Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?