Көшпенділер мәдениеті. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ : қазақ тілі | Мектеп: | |||||||||||||
Күні : | Мұғалім: | |||||||||||||
Сынып: 7Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||
Бөлім атауы | Көшпенділер мәдениеті | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Көшпенділер мәдениеті | |||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 7.Ж1. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру. | |||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Көшпенділер мәдениетіне қатысты жүйелі жоспар құра отырып, ұсынылған тапсырма жанрына сай жазба жұмыстарын орындау. | |||||||||||||
Ресурстар | Ғаламтор материалдары | |||||||||||||
Бағалау критерийлері: | Көшпенділер мәдениетіне қатысты жүйелі жоспар құра алады; жанрына сай жазба жұмыстарын орындайды және ойын еркін жеткізе алады. | |||||||||||||
Дескриптор | Жоспарды жүйелі құра алады; Мәтінді жанрына сай жаза алады; Жұмыс стиліне сай ойын еркін жеткізе алады. | |||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейлері | Қолдану | |||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Күнделік – адам жанының айнасы, көсемсөз жанры, шығарма жанры, дискуссия | |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Отансүйгіштікке, елжандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу | |||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет, тарих | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақ барысында оқушылар Рower Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады. | |||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | |||||||||||||
Сабақтың басы 12 мин
| Сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады, кезекшімен жұмыс. Оқушыларды 3-ке санату арқылы 3 топқа бөлу. Жанрлар туралы анықтама бұрышы. Жанр түрлерін түсінуде мұғалім мен оқушы бірлесе жұмыс істейді. Күнделік жанры: Француз жазушысы Жюль Ренар: «Күнделік – адам жанының айнасы» деген. Ал, surak-zhauap.kz сайтында Айдана есімді бойжеткен: «Күнделік-күнделікті өмірің! Әрбір адам өзіне күнде есеп беріп отырса, өмірде қателігі аз болады. Күнделік сенін сырласың, әрі досың. Интервью жанры: көсемсөз жанры, журналистің бір не бірнеше адаммен қандай да бір өзекті мәселе төңірегінде сұхбат жүргізуі интервью барысында белгілі бір оқиғаның, құбылыстың мән-мазмұны маман әңгімелесушінің түсіндіруі, айтуы бойынша терең ашылады. Интервью жанры, негізінен, хабарламалы интервью және түсіндірмелі интервью болып екіге бөлінеді. Әңгіме жанры: оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 мин
| Жазылым тапсырмасы: Астана қаласында «Көшпенділер мәдениеті» атты көрме өтіп жатыр.
Тапсырма түрлері: 1-топ. Күнделік жазыңыз. Сіздер осы көрмені тамашалауға келген 7-сынып оқушыларысыздар. Мұғалім сіздерге көшпенділер өмірінен алған мәліметтеріңізді күнделікке түсіруді тапсырды. Сөз көлемі-120 сөз. 2-топ. Интервью жазыңыз. Сіз өзіңізді осы көрмеге келген журналист маманмын деп ойлаңыз. Сіздің сұхбат алушыңыз көрмеге келген 7-сынып оқушылары. Көшпелі өмірді насихаттаушы 7-сынып оқушылары мен тілшінің рөліне еніп, интервью жазыңыз. 120 сөз. 3-топ. Қиял-ғажайып әңгіме жазыңыз. Сіз «Уақыт машинасы» арқылы көшпенділер заманына тап болдыңыз. Сондағы әсеріңізді әңгімелеп жазыңыз. Сөз саны-120 сөз. Тапсырма төменде көрсетілген қадамдар арқылы жүзеге асырылады. 1-қадам: жазылым жұмысына ең алдымен жоспар құрып алу. 2-қадам: сол жоспар негізінде жазылым жұмысын жасау. Қалыптастырушы бағалау. Екі жұлдыз, бір тілек арқылы топтар бірін-бірі бағалайды. Дифференциация. А деңгейіндегі оқушының жоспары жүйелі құрылған. Мәтін жанрына сай жазылған. В деңгейіндегі оқушы жоспарының құрылымында стилистикалық қателер кездеседі, мәтін жанрына сай. С деңгейіндегі оқушы жоспарында стилистикалық қателер бар, жанрдан ауытқыған.
| |||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Кері байланыс: «3-2-1» стратегиясы Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат; Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті; Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет. |
Қосымша ақпарат | ||
Қорытындылау Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары жетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқу атмосферасы қалай болды? Менің жұмысым жоспарлы болды ма? Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба? Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге? |
| |
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)? 1: 2: Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?