Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: 5

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Ж3 Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну

ӘТН1 Орфографиялық норма

Сабақтың мақсаттары

Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу.

Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу

Бағалау критерийлері

Жазылым бойынша:

  • Мәтін құрылымын сақтай отырып, жаза алады;
  • Графиктік мәтінді сипаттай алады;
  • Жалғаулар мен шылауларды ажырата отырып, орфографиялық нормаға сай жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Менің ойымша...

Менің пікірімше...

Қорытындылай келгенде...

Ақпараттарға көз жүгіртсек...

Осыған дейін меңгерілген білім

Ауа райы және климаттық өзгерістер

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

  • минут

Ұйымдастыру сәті. Сәлемдесу.

Сынып оқушыларын түгендеу.

Оқушылардың сабаққа даярлықтарын қадағалау.

Қызығушылықты ояту.

Жыл мезгілдері туралы жұмбақтарды шешу

  • Бұлттар төніп, жерге төгіліп,Дымқыл тұман басады.Шөп сарғайып, өңі тайып,Дала нұры қашады.Ойнай алмай,Денең мұздап тоңады.Бөбектерім айтыңдаршыБұл қай кезде болады? (Күз)
  • Гүл гүл жайнап жер аспанГүрілдейді сайда өзенГүлжазира жарасқанГүлдерімен қай кезең? (Көктем)
  • Жиын-терін болатын,Қамбаға астық толатын."Қызыл қырман" ойнайтынҚай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)
  • Айналамда ұшып жүр,Ақ мамық НЕ? себелеп.Қалт құлт еткен бейне бір,Ақ қанатты көбелек (қай мезгілде болады? Жауабы: қыс)
  • Астық пісіп, орақ түсіп,Қырман дәнге толады.Балаларым айтыңдаршыБұл қай кезде болады? (Жаз)

Ұсынылған жұмбақтар арқылы оқушылар сабақтың тақырыбына болжам жасайды және сабақ мақсаттарымен таныстырылады.

Слайд 1+2

Сабақтың ортасы

7 минут

15 минут

Жазылым алдындағы тапсырма.

«Менің қиялым» айдарында тапсырма. Жұптық жұмыс.

Онда оқушылар алдымен жұпқа бөлінеді. Жұптар бір-біріне арқаларын тиістіріп отырады. Бір оқушы табиғаттағы түрлі ауа райының құбылыстарын атайды, екінші оқушы соны шартты белгілермен А4 үлгідегі қағазға маркермен салады. Мысалы: қыс және қар туралы айтса, қыстың шартты белгісі ретінде жұлдызшалардың (***** ) суретін салады.

Үлгі ретінде:

  • Топтық жұмыс. «Сен жылдың қай мезгілін ұнатасың?»

Сыныптың 4 бұрышындағы «ЖАЗ», «КҮЗ», «ҚЫС», «КӨКТЕМ» деп жазылған жыл мезгілдерінің атауы ілініп тұрады. Әр оқушы өзі ұнататын мезгіл атауының қасына топтасады. Әр топ өзі жақсы көретін жыл мезгілдеріндегі ауа райы, климаты туралы әңгімелесіп алады. Әңгімелесу барысында ақпараттарын шартты белгі, сурет, сызба түрінде беруді ойластырып алулары керек.(яғни оқушылар графиктік мәтінді өздері құрастырады)

Әр топқа бағалау критерийлері ұсынылады:

Бағалау критерийлері

I

II

III

IV

1

Топ өз жыл мезгіліне сай графиктік мәтін құрастыра алады

2

Топ өз жыл мезгіліне сай тың және қызықты ақпарат бере алады

3

Басқа топтардан ұсыныс

  • «Сүйікті жыл мезгілім» айдары, яғни әр топ өз жұмыстарын бір-біріне таныстыра отырып, бір-бірімен араласып сұхбат алады. Сұхбат мазмұны сол оқушының өзі ұнататын жыл мезгілдеріндегі ауа райының, климаттың ерекшелігі, қасиеттері туралы болу керек. Ол ақпараттарды сұхбат алушыға шартты белгі, сурет, сызба түрінде беру керек. Сұхбат алушылар бұл белгілерді қағаздарына түсіріп алады.

Әр топ басқа топтардан алған ақпараттары туралы бөлісіп, талқыға салады.

А4 қағаздары, түрлі түсті маркерлер

А3 форматтағы қағаздар маркерлер (сыныптың 4 бұрышында тұру керек)

  • мин

15 мин

Кері байланыс

Сабақтың соңы

2 минут

Сергіту сәті. Қимылды ойын: «Құбылыстарды көрсет»Жел тұрды гуілдеп,Ағаш біткен уілдеп.Аспанды бұлт торлады,Найзағайлар ойнады.Жаңбыр жауды себелеп,Кемпір қосақ көрінді.Жарқыраған күн шықты. (оқушылар қимылмен көрсетеді)

3 Жеке жұмыс. Жазылым тапсырмасы:

Оқушыларға ауа райы мен климат туралы сұхбат берушілерден алынған ақпараттарды сөйлем түрінде сипаттап жазу міндеттеледі.

Жазу кезінде кіріспесі, жалпы мәлімет беру немесе детальді мәлімет жазуын ескертіп отыру керек.

Төмендегі ұсынылған жазылым тапсырмасы оқушыларға таратылады.

Оқушының аты-жөні: сыныбы: күні:

Тапсырма. Жыл мезгілдері туралы сұхбат берушілерден алынған ақпараттарды сөйлем түрінде сипаттап жазу.

/жазылым түрін оқушы өзі таңдайды, мақала т.б./ сөз саны-150

Мақсаты: Ж3. Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу.

ӘТН 1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу

(да, де, та, те, мен, бен, пен, т.б.)

Тақырыбы: __________________________________________________________________________________________________________________________________________

Кіріспе:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жалпы мәлімет:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Детальді мәлімет:

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қорытынды:

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Оқушылардың жұмыстарын жинап алынып, сабақтың соңында оқушылар:

  • 3-2-1 әдісімен бүгінгі сабаққа кері байланыс жасайды:

3 негізгі ақпарат 2 маңызды факті 1 қорытынды

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу