Ауа – райы. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ


Пән: қазақ тілі 

Сынып: 7 

Бөлім/Тақырып 

Ауа – райы.

Оқыту мақсаты 

О3.Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату  

Ойлау дағдыларының деңгейі 

Түсіну және талдау 

Бағалау критерийі 

Қазақша ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және  

жанрлық ерекшеліктерін ажыратады 

Тапсырма  

 

 

 

Тапсырма.Мәтіндерді берілген кесте бойынша салыстырып, талдаңыздар. 

Екі мәтіннің ұқсастығы 

 

Екі мәтіннің айырмашылығы 

А мәтіні 

Ә мәтіні 

Мақсаты 

А мәтіні 

Ә мәтіні 

Мазмұны 

А мәтіні 

Ә мәтіні 

Стилі 

А мәтіні 

Ә мәтіні 

Тілі 

А мәтіні 

Ә мәтіні 

 

Бағалау критерийі 

Дескриптор 

Қазақша ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және  

жанрлықерекшеліктерін ажыратады 

Екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады 

 

Екі мәтіннің мазмұны мен мақсатын анықтайды 

 

 

Екі мәтінді стиль түріне, тіліне қарай талдайды 

 

А мәтін 

  Қазақ ұлты торғайлар арқылы ауа райының өзгерісін алдын-ала болжап біліп келген халық.Торғайлар топтаса ұшып, қайта-қайта ұшып қонып, денелерін әлсін-әлсін сілкінтуі жазда жауын көп жаууының, көктемде, қыста ауа райының бұзылуының белгісі болады.Жауын жауып жатқанда, торғайлар зуылдап ұшып жүрсе, кешікпей күн ашылады, жауын тоқтайды.Торғайлар топтаса ұшып жүрсе, жауын жауудың, биіктеу жерге тобымен қонып отырып, таранып, қауырсындарын сілки бастаса, күн жылынуының, бұта-бұтақтарға тығылып ықтаса, онда күн суытудың және борасын болатынының белгісі.Қыста торғайлар топтаса ұшса, күн жылынуының, торғайлардың қауырсыны үрпиіп көрінсе, жазда жауын жауудың, қыста қар жауудың белгісі болады.Ауа райы нашар күні торғай топтаса ұшса, күн ашылады.Торғайлар суды көп, ұзақ ішсе, жауын-шашынсыз, ашық күн болады.Бозторғай түнде әуендетсе, ертеңгісін тымырсық, ыстық күн болады.Егер кешке ағаштың бұтағына қонғыш келсе, тымық түн болады.Бұтаға бұққыш, тығылғыш келсе, кешікпей күн желдетеді. Дуадақ, тоқылдақ сияқты құстардың қылық, мінез-құлқы арқылы ауа райын алдын-ала болжайды.Дуадақтар беймаза құс.Олар жылы өлкелерге кетпей, жазда жүрген мекенінде қалып қойса, онда қыс жайдары, жұтсыз болады.Дуадақтың көбеюін заманның, яғни күннің жақсы болуына балайды.Ормандағы тоқылдақ құстар құрғақ ағаштарды тоқылдатып шоқыса, ауа райы бұзылатынының белгісі. 

Ә мәтін 

 Азаттық Алматыда жүрген селге байланысты табиғи апаттарды зерттейтін мамандармен онлайн-конференция өткізді.

 Тікелей трансляцияда көрсетілген онлайн-конференцияға қатысқан География институтының табиғи апаттар лабораториясының жетекшісі Виктор Благовещенский мен «Қазгидромет» мекемесінің аға ғылыми қызметкері Борис Степановтың таудағы мұздықтардың еруінен туындайтын селдің пайда болуы мен оның алдын алуға қатысты кейбір пікірлерін назарларыңызға ұсынамыз.

 Виктор Благовещенский: «Сел болуы мүмкін еді. Себебі жылда жаз кездерінде тауларымызда мұздықтар ерігенде сел жүру қаупі туады. Бұл қауіп жыл сайын қайталанады.«Қазселденқорғау» мекемесі мұздықтардың жай-күйін әуеден тікұшақпен тұрақты түрде бақылап отырады. Осыдан он күн бұрын бақылағанда жағдай соншалықты қауіпті емес болатын. Бірақ одан бері ауа температурасы + 37 градустан түспей ысып тұрды. Мұздықтарда температура ең жоғары деңгей – 20 градусқа жетті. Бұрын бұл бассейнде мұздық астындағы моренада көлшік пайда болғаны байқалмаған. Ал кешегі бөгет мұздық суларынан емес, жауын-шашын суынан жүретін селді тосуға арнап салынған.

 Алматыда шілденің 23-іне қараған түні қаланың бірнеше ауданы аумағында сел жүріп, жүздеген үйді су басқан. Адам шығыны болмағанмен, жер үйлер мен жолдар қатты бүлінген. Қалада ерекше зардап шеккен аумақ – былтыр құрылған Наурызбай ауданы. Ресми орындар Алматыда селге Қарғалы өзеніндегі бөгеттің жоғары жағында, яғни тау ішіндегі еріген мұздық пен жаңбырдан жиналған көлшік суының көтерілуі себеп болған дейді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу