Ғылыми прогресс заманы. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Ғылым мен технология жетістіктері

Мектеп: Астана қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Сынып: 6

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Ғылыми прогресс заманы

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.4.1 - эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • Абзац түрлерін жүйелі құрастырады
  • Келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп, эссе жазады.

 Бағалау критерийлері

 

  • Эссе жазады
  • Құрылымын сақтайды
  • Келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады
  • Абзацты жүйелі құрастырады.

 Тілдік мақсаттар

Жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан …., Менің көзқарасым бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны, …, Мен шын мәнісінде сенемін…, Ал маған келер болсақ …,

 Құндылықтар

Азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу

Жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіру

 Пәнаралық байланыс

Роботты техника

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылардың жазылым дағдылары алдыңғы бөлімдерде дамытылды.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту

Тезистер» ойыны

Мұғалім түрткі тезистерді айтады, топтың ортасына «+» және «-» белгілері жазылған қағаздар тасталады. Жауап беретін оқушына мұғалім таңдайды, таңдалған оқушы ортадан таңба таңдайды, алу белгісін алса, оқушылар бұл тезиске қарсы көзқарас береді, қосу белгісін алса тезиске келісетіндігін, неліктен келісетіндігін түсіндіреді.

«Тезистер:

1.Ғылыми технологияның адам үшін пайдасы зор.

2.Ғылыми технологияның адамға әкелер зардабы мол.

3. Ғылыми технологиясыз адамдар өмірін елестете алмайды.

4. Ғылыми технологиясыз адам бейбіт өмір сүре алады.

5. Ғылыми технология адамның жеке өмірін де өзгертеді.

6. Ғылыми технологиялардың пайдасынан денсаулыққа тигізер зияны көп.

7. Ғылыми технологиялар адам өмірін жеңілдетті.

8. Қазір көптеген пайдасыз ғылыми технологиялар көп.

Сабақ тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері айтылады. Оқушылармен бірге талқыланады

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

5 минут

20 минут

5 минут

Жазылымалды тапсырма:

Оқушылар Канадалық оқушы Куинн Каллендердің хатынан үзінді оқылады.

«Менің роботым»

Менің роботым менің жақын досым болады. Оның аты – Макс .Ол әрқашан менің жанымда болып, маған көмектесіп жүреді. Менің сырымның бәрін тыңдайды, кеңес береді, оны ешкімге айтпайды. Менің өмірімнің жақсы кездерінде де, жаман кездерімді де жанымда болады.Ол менің жанымда болса, мен ешкімді де іздемеймін, ештеңе де қажет емес...

Түрткі сұрақ:

Сіз өзіңіздің жеке роботыңыздың болғанын қалайсыз ба?

Оқушылар ойларын ортаға салады.

Жазылым тапсырмасы

Жұптағы екі оқушы бір тапсырманы орындайды, бірақ жеке – жеке.

Тапсырмалар:

1-жұп:

Үй шаруасындағы робот - көмекшінің пайдасы мен зиянын жазыңыз. (50-60 сөз)

2- жұп:

Робот – достың пайдасы мен зиянын жазыңыз.

(50-60 сөз)

3- жұп:

Робот – ұстаздың пайдасы мен зиянын жазыңыз (50-60 сөз)

4- жұп:

Робот ата – ананың пайдасы мен зиянын жазыңыз. (50-60 сөз)

5-жұп:

Робот заңгердің пайдасы мен зиянын жазыңыз. (50-60 сөз)

Дескриптор:

  • Эссе жазады
  • Құрылымын сақтайды
  • Абзацты жүйелі құрайды
  • Келісу-келіспеу себебін дәлелдейді

Жазылымнан кейінгі тапсырма:

«Автор орындығы»

Оқушылар жазғандарын ортаға салады, салыстырады, бір-бірін бағалау критерийлері арқылы бағалайды.

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Кері байланыс: Стикерге өз ойларын жазып, тиісті суретке жабыстырады.

  • Барлық ақпаратты өзіммен бірге әкетемін;
  • Әлі қорыту үстіндемін;
  • Мен үшін артық ақпарат.

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу