Робот адамдардың орнын алмастыра ала ма? Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 15 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Ғылым мен технология жетістіктері

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Жакыпжанова А.С

Сынып: 6

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Робот адамдардың орнын алмастыра ала ма?

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.4.1. эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

Тақырыпты ашып, эссе жазады

 Бағалау критерийлері

 

  • Эссе жазады
  • Құрылымын сақтайды
  • Келісу-келіспеу себебін көрсетеді
  • Абзацты жүйелі құрастырады.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Тыңдалым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Артықшылықтардың бірі…, Келесі артықшылығы…, Тағы басқа артықшылықтарына тоқталсақ…, Басты артықшылығы, Ең маңыздысы…, Ең басты артықшылығы…болып табылады, өйткені…

 Құндылықтар

Өмір бойы оқу

 Пәнаралық байланыс

Роботты техника

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылардың жазылым дағдылары алдыңғы сабақтарда дамытылды.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Мұғалім оқушыларға робот-мұғалім, робот-дәрігер, робот-тәртіп сақшының суретін көрсетеді. Оқушылар суретке қарап, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атап айтады. Сабақтың тақырыбын анықтап, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылайды.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

10 минут

20 минут

Жазылымға дайындық

Мәтінді оқып, төрт сөйлеммен пікір білдіріңіз.

Технологияның дамуымен көптеген жұмыстарды роботтарға беру тиімдірек – экономика жағынан да, пайда әкелу жағынан да. Бірінші кезекте механизмдер еңбек нарығынан көлік саласының өкілдерін (авицацияда 18%-дан көшеден қоқыс шығаруда 93%-ға дейін) және қоғамдық тамақтандыру өкілдерін (мейрамхана аспазшысы маманының 96%-ын); және тіпті сот мамандарының 40%-ы, зерттеу авторларының пікірінше, жасанды интеллектпен алмастырыла алады. Алмастыруға келмейтін мамандықтардың ішінде – бастауыш сынып мұғалімдері мен би жаттықтырушылары (0,4%), дәрігерлер (саласына байланысты көрсеткіштер 0,3%-14% аралығын қамтиды) және компьютер жүйесін құрастырушы жүйелік сарапшылар (0,6%).

  • Менің ойымша...
  • Мен оны былай түсіндіремін...
  • Мен оны мына мысалдармен дәлелдей аламын...
  • Мен осы мәселе бойынша мынадай қорытындыға келдім...

Жазылым тапсырмасы.

«Роботтар адамдарды жұмыссыз қалдыруы мүмкін бе ?» тақырыбында келісу-келіспеу себебін анық көрсетіп эссе жазады.

Дескриптор.

  • Эссе жазады
  • Құрылымын сақтайды
  • Келісу-келіспеу себебін көрсетеді
  • Абзацты жүйелі құрастырады.

Мұғалім оқушыларға дескрипторға сай кері байланыс береді.

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Рефлексия.

Оқушылар сұрақтарды оқып, жауап береді.

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу