Жас өнертапқыштар. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 16 сабақ


Оқылым алдындағы тапсырма.

«ЕГЕР ҒАЛЫМ БОЛСАМ...».

Оқылым тапсырмасы.

Мәтін.

 Қазақтың қаршадай баласы ғылымға жаңалық енгізді. Астана қаласындағы №3 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Дінмұхаммед Серік бетонның жаңа түрін ойлап тапты. Жаңа бетон бұрынғы бетондарға қарағанда әлдеқайда сапалы әрі ыңғайлы. Өрімдей баланың өнертабысына Финляндияның «Construction design plant» (CDP) консорциумы ерекше қызығушылық танытып отыр екен. Отандық «Қазақмыс» компаниясы да Димашқа қолдау көрсетуге уәде беріпті.

 Мұндай жаңалықты естігенде қалай үнсіз отырмақпыз деп, Димашты іздеп Астанаға хабарластық. Қайдан екенімізді айтқанда, Димаш «білем ғой «Ұланды» деп қуанып қалды. Қазақтың даңқын шығарып, адамзатқа пайдалы жаңалықтар ашуды армандайтын тапқыр баламен әңгімеміз бірден жараса кетті.

Ұлан: Димаш, жақында сенің құрылыс технологиясында жаңалық ашып, бетонның жаңа түрін ойлап тапқаныңды естідік. Бұл бетонның бұрынғы бетондардан айырмашылығы неде? Пайдасы қандай?

Дінмұхаммед: Ең алдымен, коррозияға төтеп берер қабілеті жоғары. Сондай-ақ, бұл бетон түрі суды, ылғалды өткізбейді. Тағы бір ерекшелігі, бұл бетонды дайындау жолы оңай әрі экономикалық шығындары аз. Кез келген пішінге келе кететін қасиеті тағы бар.

Ұлан: Неге бетон түрін ойлап тапқың келді?

Дінмұхаммед: Өйткені, елімізде бетонның сапалы түрі жоқ десек те болады. Ал бізге керегі – су өткізбейтін, коррозияға төзімді түрі. Міне, осы ойлар мені нанобетонды ойлап табуға жетеледі. Сондай қасиеттері бар бетонды қалай шығаруға болатынын ойластыра бастадым. Сейсмикалық қауіпті аймақтарда осы бетон түрін қолдануға болады. Өзім оқитын мектепте және Астана қалалық Оқушылар сарайында түрлі сынақ-тәжірибелерін өткіздім. Ғылыми жетекшім – физика пәнінің мұғалімі Дәрия Баекина.

Ұлан: Байқауымызша, сенің бетоның аз уақыттың ішінде-ақ ірі компаниялардың сұранысына ие болып үлгерген тәрізді?

Дінмұхаммед: Иә, дәл қазір «Қазмұнайгаз» компаниясымен байланыс орнатып, бұл бетонның қасиеттерін іс жүзінде дәлелдемекпіз. Бұл күндері түрлі сынақтар жасап көріп, жобамызды пысықтаудамыз. Сонымен қатар, «Қазақмыс» компаниясымен келіссөздер жүргізудеміз.

Ұлан: Отбасыңда сенен басқа ғылымға ден қойған жан бар ма?

Дінмұхаммед: Ағам бар. Есімі – Әкімбек. Астана қаласының №3 орта мектебінің 10-сынып оқушысы. Ол да түрлі ғылыми зерттеулермен айналысып жүр. «Нанотехнология қорғаныста, эпиламирлеу бүгіні және ертеңі» атты тақырыпта зерттеу жүргізді. Біз үйде үш ағайындымыз. Кіші ініміз Бекболат – 3-сыныптың оқушысы. Оның да болашақта ғылымға ден қойғысы келеді. Екі көкесіне қарап қызығып жүрсе керек. Әкем Ержан – экономист әрі заңгер. Ал анам Нұргүл – жеке кәсіпкер, көбіне үй шаруасында.

1-тапсырма.

  • Мәтіннен ғылымға қатысты сөздерді іріктеп, жазып алыңыз.

Мысалы: зерттеу, ғылыми жетекші т.б

2-тапсырма. Ғаламтор бетінен осы сұхбатты оқыдың. Енді астына пікір қалдыр және смайликтің бірін таңдап, пікіріңнің жанына қалдыр.

Дескриптор:

  • Мәтінді түсінеді
  • Ғылымға қатысты сөздер мен тіркестерді іріктеп оқиды
  • Сұхбатқа пікір білдіреді


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу