Электронды үкімет. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша ресурс. 18 сабақ


Тыңдалым дағдысы

     Тыңдалым дағдысы бойынша: негізгі ойды түсіну, ақпаратты анықтау, түсінгенін практикада қолдана білу бағаланады;      Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғышарты – тыңдалым әрекеті болып табылады.Өйткені күнделікті өмірде оқушы көптеген ақпаратты сағат сайын естіп, көріп тыңдайды. Бірақ кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсіну сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Егер оқушы өзіне керек мәліметті тыңдау арқылы тауып үйренсе, ол басқа үш дағдыны (айтылым,жазылым,оқылым), яғни айтылып жатқан мәліметті түсінеді; өз пікірін білдіре алады және басқалармен қарым-қатынас жасай алады; тақырыпқа қатысты деректі түсініп оқиды; көтерілген мәселеге өз көзқарасын жазбаша жеткізе алады. Ал тыңдалым дағдысы дегеніміз не? «Тыңдалым – «аудирование» деген терминнің білдіретін мағынасы – «есту арқылы түсіну». Бұл айтылған не техникалық ақпараттарға жазылған аудио мәтіндегі сөздерді, сөйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау және түсіну деген ұғым». Ал «Шет тілдерді игерудің жалпы еуропалық құзыреттері: зерттеу, оқыту, баға» кітабында тыңдалымға келесі анықтама берілген: «Тыңдалым кезінде тілді меңгерген тыңдаушы бір не бірнеше адам айтқан ауызша ақпаратты қабылдап өңдейді».      1.Тыңдалымның мақсаты оқушыны: аудиожазбаның мазмұнын түсінуге, белгілі бір ақпаратты қабылдауға, мәтін детальдарын түсінуге, айтылған ойды толық түсінуге, сөйлеушінің сөзін еш қиындықсыз ұғынуға, ауызекі, анық құрылмаған сөйлеу тілін өзге адамдардың көмегінсіз түсінуге, бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадиобағдарламаларды еркін, түсініп қабылдауға, таныс және бейтаныс тақырыптағы сөйлесімнің негізгі ойын түсінуге, т.б. үйрету.      2.Тыңдалымға арналған белсенді жұмыс түрлері: оқушыларды қоршаған ортадағы кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсінуге бейімдеу керек. Ол үшін сабақ барысында түрлі белсенді жұмыс түрлерін пайдалану көп септігін тигізеді. Оқушыда тыңдалым дағдысын қалыптастыру үшін белсенді жұмыс түрлері өзекті, қызықты, әр түрлі болуға тиісті. 

     Тыңдалым дағдысын қалыптастыруға арналған белсенді жұмыс түрлері:      «Айқайлап диктант оқу»: сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. Бірінші топ оқушыларды мәтінді айқайлап оқиды. Екінші топ оқушылары бір ғана оқушыны тыңдап,диктант жазуға тырысады. Осы арқылы оқушылар ерікті зейінді қалыптастырады әрі өмірге бейімделеді. Оқушылар аудиоматериалды екі рет мұқият тыңдайды (ол сюжетті мәтін,өлең,публицистикалық ақпарат болуы мүмкін).Тыңдалымнан өздеріне таныс емес сөздерді жазып алады,сөздік арқылы аударады. Аудионы тағы екі рет тыңдап, жазбаның мазмұнын толық түсінуге тырысады. Сыныппен ой бөліседі. Осы әдісті жүйелі қолдану – оқушылардың тыңдау арқылы түсіну дағдысын қалыптастырады.      Суреттеу: оқушылар аудиожазбаны (сөздік диктант) тыңдай отырып, мағынасына қарай сөзді суретпен бейнелейді. Осы арқылы оқушылардың зат пен атауды байланыстыра алу қабілеті қалыптасады.      «Синонимдерді тап»: оқушыларға сөздер ұсынылады.Олар тыңдалған мәтіннен осы сөздердің синонимдерін тауып, жауап парағына белгілеуі керек. Осы арқылы оқушылардың тыңдау әрекеті мен сөздік қоры дамиды.      3. Тыңдалымға арналған аудиожазбалар мәтіндері. Бұған әр сыныптың, әр оқушының жас ерекшелігіне байланысты мәтіндер алуға болады.      Аталған дағдылардлы қалыптастыруда келесі әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады: оқытудағы басты принцип – оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру, барлық оқушының сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту, өз ойын жеткізуге, өзіндік таңдау жасауына мүмкіндік тудыра отырып, оқушының танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту, проблемалық оқыту арқылы оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру, сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану, мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, мәселені талқылау, ой қорытындылау, өз ойын ашық айта білуге тәрбиелеу, сабақ процесінде оқушының белсенді іс-әрекеті белсенді ойлауға, белсенді оқытуға бағытталады. Оқушы өз көзқарасын қалыптастырып, басқалардың да пікірін ескереді. Жаңа идеялар ұсынуда және жаңа мүмкіндіктерді көруде, мәселелерді шешуде ұжымдық оқыту технологиясының маңызы зор, ұжымдық оқыту технологиясының мақсаты – оқушының қабілетін дамыту, еңбекке баулу, ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, өзін-өзі басқару. Сабақты өткізуде мұғалім келесілерді ескеруі қажет: сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже анық болуы тиіс, тілдік төрт дағдыны (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) дамыту, белсенді оқыту түрлерін қолдану арқылы оқушы уәжін арттыру, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс, оқу жетістігін критериалды жүйе арқылы бағалау.      Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалады: ынтымақтастыққа үйренеді, жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренеді, өз ойларын еркін жеткізуге үйренеді, өзіне-өзі баға беруге, сыныптастарын бағалауға үйренеді, бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренеді. Қазіргі кездегі білім берудің барлық жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты – білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. 

http://www.rusnauka.com/15_KPSN_2015/Pedagogica/2_193427.doc.htm



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу