Оқушылардың ғылыми жетістіктері. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 21 сабақ


Тапсырма.

Мәтінді оқып, тыныс белгілерін қойыңыз.

Мәтін.

Бүгінгі балалардың немен қызығатыны туралы білесіз бе Бүгін ғаламтордан басқа нәрсеге қызығатын жастар туралы сөз етеміз Бразилияда өткен халықаралық ғылыми жұмыстар байқауында астаналық оқушылар алтын медальға ие болды.39 қазақстандық оқушы Бразилияның Нову Гамбург қаласында өткен халықаралық ғылыми жұмыстар байқауында бақ сынады

Байқау 33-ші "Mostra Internacional de Ciência e Tecnologia" (Mostratec) халықаралық білім беру жәрмеңкесі аясында ұйымдастырылды Mostratec көрмесінің мақсаты - оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын ынталандыру,ғылым мен техниканың түрлі салаларындағы шығармашылық қызметке тарту, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қолдау көрсету және оқушылармен жұмысқа мамандарды тарту болып табылады. Қазақстандық оқушылардың ғылыми жұмыстары жоғары бағаға ие болды

Тапсырма.

  • Мәтіндегі хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып жазыңыз.
  • Мәтін бойынша талқылау сұрақтарын құраңыз.

Нақтылау сұрағы – сенің ойыңша ... деп ойлайсың?

Дескриптор.

  • Тыныс белгісін дұрыс қояды.
  • Қойылу себебін түсіндіреді
  • Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырады.
  • Нақтылау сұрағын құрайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу