Леп белгісі, көп нүкте. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша ресурс. 22 сабақ


Леп белгісі

1. Қандай, неткен есімдіктері

сұрау мəнің білдірмей, таңдану,

қуаныш мағынасын білдіріп тұрса,

сөйлемнің соңынан леп белгісі

қойылады.

Əрі ақылды, əрі сұлу болып, құс

падишасы атанудың өзі қандай!

Неткен сұлу, сүйкімді құстар еді!

(Ы.Кененбаев)

2. Ғажап, тамаша, керемет

сияқты сөздерге де ерекше таңдану

мағынасын сыйғызып айтқанда дауыс

көтеріңкі шығады. Мұндай жағдайда

да леп белгісі қойылады.

Қарап отырсаң, құмырсқалар

тіршілігінің өзі – адам ақылына сый-

майтындай ғажап бір керемет

нəрсе! (Ы. Кененбаев).

3. Одағай сөздерден кейін жəне

құрамында одағай сөздері бар

сөйлемдердің соңына да леп белгісі

қойылады.

Қазақстан!

Пай,пай, пай!

Ардағым-ай!

Сен менің Шолпанымсың жанған

ұдай,

Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,

Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!

(М.Мақатаев.)

4. Қаратпа сөзден жəне көтеріңкі

дауыспен айтылған қаратпа сөзді

сөйлемдерден кейін де леп белгісі

қойылады.

Апырмай,

Туған жер-ай!

Теңдесер кім,

Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.

(М.Мақатаев).

5. Тілек, өтініш сарынындағы

бұйрықты сөйлемдерден соң да леп белгісі қойылады.

- Айғанша апа, пана бола

көріңіз! (Ғ.Мүсірепов)

6. Зілді, қатаң бұйрық

мағынасындағы сөйлемдерден кейін

леп белгісі қойылады.

Сол арада Ербол, Абылғазы,

Дəркембайдың үндері саналы ызамен

екіленіп, бірлесе шықты:

- Құлат мына үйлерді! Жық!

Домалат! Ал жұлып

баспанасын! - десті.

(М.Əуезов).

7. Алғыс, рақмет, бата, тілекті сөйлемдерден соң леп белгісін қою

қажет.

Есік жақтағы Иіс кемпірден

бастап барлық қартаң əйелдер:

- Айналайынелінжан, өркенің

өссін!

Көп нүкте.

Көп нүкте аяқталмай, айтылмай қалған, іште кеткен ойды тұспалдайды.

Көп нүктенің қойылатын орындары:

Сөйлеуші белгілі бір

себептермен (қатты асып-сасу, енті-

гу, тұтығу, əлсіреу т.б.) сөздерін,

ойын бөліп-бөліп айтқанда, бір сөздің

ішіндегі əріптердің арасына немесе

сөйлем ішіндегі сөздердің арасына,

ал ойы бітпей қалғанда, сөйлемнің

соңына көп нүкте қойылады.

Құдайберді есікке көзімен

нұсқап:

- Адам бола ма?!. Болар ма!..

Інілерің міне... Кім боларын...Не

көрерін қайдан...білейін,-деді

(М.Əуезов.)

Алынған дәйексөздің арасынан сөйлем не сөздер қалдырылған жағдайда

Қол еңбектің органына айналумен бірге, өзі де еңбек процесінде жетіліп дамиды: «... қол еңбек органы ғана емес, ол сонымен қатар еңбектің жемісі де». (К.А.)

Жазушы айтып келе жатқан оқиғаның жалғасын созбай тоқтатқан жағдайда

Кім біледі, бұл түнгі жортуылдар әлі қаншаға созылар еді, егер де мына бір жағдай болмаса... (Ш.А.)

Айтып келе жатқан ойға кенет, тосын, күтпеген не алшақ жатқан нәрсе қосылып кетсе, оның алдынан қойылады

Сол жылы қызылшадан көп өнім алдық. ... Жарықтық балажан еді ғой.

Сөйлеушінің белгілі бір себептермен (ентігу, тұтығу, асып-сасу т.б.) сөздерін, ойын бөліп айтқанда

– Мен ұл туған жоқ ... тек, осы қызым ... Ақбалам болмаса ... – деп Сүйеу үйде, түзде бірдей мақтанатын. (Ә.Н.)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу