Леп белгісі, көп нүкте. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 22 сабақ


Тапсырма. Мысал келтіріңіз

1. Қандай, неткен есімдіктері

сұрау мəнің білдірмей, таңдану,

қуаныш мағынасын білдіріп тұрса,

сөйлемнің соңынан леп белгісі

қойылады.

2. Ғажап, тамаша, керемет

сияқты сөздерге де ерекше таңдану

мағынасын сыйғызып айтқанда дауыс

көтеріңкі шығады. Мұндай жағдайда

да леп белгісі қойылады.

3. Одағай сөздерден кейін жəне

құрамында одағай сөздері бар

сөйлемдердің соңына да леп белгісі

қойылады.

4. Қаратпа сөзден жəне көтеріңкі

дауыспен айтылған қаратпа сөзді

сөйлемдерден кейін де леп белгісі

қойылады.

Сөйлеуші белгілі бір

себептермен (қатты асып-сасу, енті-

гу, тұтығу, əлсіреу т.б.) сөздерін,

ойын бөліп-бөліп айтқанда, бір сөздің

ішіндегі əріптердің арасына немесе

сөйлем ішіндегі сөздердің арасына,

ал ойы бітпей қалғанда, сөйлемнің

соңына көп нүкте қойылады.

Алынған дәйексөздің арасынан сөйлем не сөздер қалдырылған жағдайда

Жазушы айтып келе жатқан оқиғаның жалғасын созбай тоқтатқан жағдайда

Тапсырма.

Мәтінді оқып, тыныс белгілерін қойыңыз.

Өткен айда Иә, өткен айда өзі – аппақ, өзі – сүп-сүйкімді, өзі – моп-момақан телефоным шыр-шыр етіп қоя бергені Мезгілсіз шырылдан шошынып, жүрегім тоқтап қала жаздады «Бір апта бұрын ғана интернеттің ақшасын төлеп едім ғой» дедім өз-өзіме күбірлеп «Енді мынаған не керек»

Безек қаққан телефонның тұтқасын көтеруге батылым жетер емес Мені іздеген адам қалта телефоным арқылы әп сәтте тауып ала қояды Туыстардан бұл нөмірді білетін адам жоқ. Туысты қойып, үйімізде үй телефон бар екенін әйелім ұмытып қалғалы қашан

Жүрегім атқақтап барады. Арғы жақта кім тұр Қоңырау шалған адам ба, жоқ әлде

Қолым дір-дір етеді

Тұтқаны көтеремін бе, көтермеймін бе Көтерсем, арғы жақтан бір сұмдық дауыс естілердей қорқып тұрмын. Айына бір рет қана шырылдайтын, ол шырылдың нені қалайтынын көтермей-ақ сезе қоятын мен бейбақ мына мезгілсіз қоңырауды неге жорырымды білмей рас састым

Өстіп, өң мен түстің ортасында біраз отырып қалсам керек, телефонның үні өшті. Үні өшті дегенім бекер екен, жарты сағаттан кейін тағы да безектеп қоя бергені

Дескриптор.

Тыныс белгісін дұрыс қояды.

Қойылу себебін түсіндіреді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу