Технология дамуы адамзатқа оң әсерін тигізеді. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 25 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Ғылым мен технология жетістіктері

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Жакыпжанова А.С

Сынып: 6

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Технология дамуы адамзатқа оң әсерін тигізеді.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.4.1.Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.

6.4.5.1. Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін түсіну(даралаушы), дұрыс қолдану.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

Эссе жазады.

Тыныс белгілерін дұрыс қойып жазады.

 Бағалау критерийлері

 

Тақырыптан ауытқымай, эссе жазады.

Абзацты жүйелі құрастырады.

Келісу-келіспеу себептерін дәлелдеп жазады.

Тыныс белгілерін дұрыс қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Тыңдалым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Артықшылықтардың бірі…, Келесі артықшылығы…, Тағы басқа артықшылықтарына тоқталсақ…, Басты артықшылығы, Ең маңыздысы…, Ең басты артықшылығы…болып табылады, өйткені…

 Құндылықтар

Өмір бойы оқу, ашықтық, құрмет

 Пәнаралық байланыс

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы бөлімдердегі тапсырмалар арқылы оқушылардың жазылым дағдылары дамытылды.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Мұғалім сабақтың тақырыбын, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырады. Бірге талқылайды.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

10 минут

20 минут

5 минут

Жазылымға дайындық.

Мұғалім оқушыларға болашақ туралы бейнеатериал көрсетеді. Оқушылар қарап, өз пікірлерін білдіреді.

  • Сенің ойыңша, болашақта өмір осындай бол ма? Әлде бұл жай қиял ма?
  • Егер өміріміз дәл бейнематериалдағыдай болса, қандай қиындықтар туындауы мүмкін?
  • Қандай жағымды жақтары бар екені туралы ойланып көр.

Бейнематериалды басшылыққа ала отырып, өздерінің бір күнін елестетіп, күн тәртібін жазу тапсырмасын ұсынады. Оқушылар технологиялар өмірімізге белсенді араласса не болады деген сұрақты негізге алып, күн тәртібін құрап жазады.

Мысалы: Мені сағат 7:00 де роботтар ұйқымнан оятады. Осы ойды ары қарай жалғастырып жаз.

Сағат

Күн тәртібі.

Жазылым тапсырмасы.

Мұғалім оқушыларға «Технология дамуы адамзатқа оң әсерін тигізе ме?» тақырыбында эссе жазуды тапсырады. Оқушылар келісу-келіспеу себептерін дәлелдеп ессе жазады.

Дескриптор.

  • Тақырыптан ауытқымай, эссе жазады.
  • Абзацты жүйелі құрастырады.
  • Келісу-келіспеу себептерін дәлелдеп жазады.
  • Тыныс белгілерін дұрыс қолданады.

Жазған жұпта бір-біріне оқиды. Дескрипторға сай бағалайды.

https://www.youtube.com/watch?v=w2TkTyuH6Gk

Сабақтың соңы

3 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу