Марстағы өмір. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша ресурс. 26 сабақ


Мәтіннің (формасы) нысаны 4 — ке бөлінеді.

1. Тұтас мәтін ( көркем әдебиет мәтіндері, репортаж, өлең, пьеса, мақала, жұлдыз жорамал, техникалық мәтін, заң, ғылыми негіздемелер, нұсқау)

2. Тұтас емес мәтін (графика, кесте, сурет, диаграмма, жарнама, сканворд, хабарландыру, карта, анкета, құттықтау, комментарий)

3. Аралас мәтін (тұтас және тұтас емес мәтіндердің сипатын біріктіреді, авторлық веб – парақтар).

4. Құрамдас мәтін (бір тақырып, бірақ әр автордың пікірі, ойы. Мысалы, аққу тақырыбына жазылған әрбір ақынның туындысы немесе әр газеттегі бірдей тақырыпқа жазылған материал және бірнеше тақырыпты қамтитын үзік –үзік мәтіндер).

Мәтіндер

Тұтас мәтіндерТұтас емес мәтіндер

Тұтас мәтіндер – құрылымы бар, сөз, сөйлем, абзацтардан құралған мәтіндер.

Тұтас емес мәтіндерге кесте, сызбалар,суреттер, графиктер мен диаграммаларды жатқызамыз.

Пиза халықаралық бақылауында тұтас емес мәтіндерді оқуға ерекше назар аударылған. Себебі тұтас емес мәтіндер оқушының анализ жасау, ақпаратты өңдеу, маңыздысын ажырату секілді дағдыларын дамытады.

Оқу сауаттылығы бойынша PISA-2009 нормаларының негізгі категориялары

Мәтіндер

Құралдар/тәсілдер. Басылған мәтіндер ме немесе элоктронды ма?

  • Басылған мәтіндер
  • Электронды мәтіндер

Түрлері. Оқушылар қандай мәтіндерді оқуы керек?

  • Тұтас мәтіндерді (сөйлемдермен)
  • Тұтас емес мәтіндерді (мысалы, тізімдер)
  • Аралас мәтіндерді (тұтас және тұтас емес мәтіндерді араластыру)
  • Жиын мәтіндер (түрлі дереккөздерден алынған мәтіндер)

Мәтін типтері. Мәтіннің мақсаттары қандай?

  • Сипаттау
  • Хабарлау
  • Мазмұндау
  • Деректерін көрсетіп айту
  • Нұсқау беру
  • Айырбастау

Аспектілер. Мақсаты және оқырманға қандай тұрғыдан келеді?

  • Іздеу және табу: оқушылар мәтіннен қажет ақпаратты таба алады.
  • Кіріктіру мен талдап түсіндіру: оқушылар оқыған ақпараттарын қолдана біледі.
  • Ойлану мен бағалау: оқушылар оқыған ақпараттарынан шегініс жасап/алшақтап оны өз тәжірибесімен салыстыра алады.

Жағдаяттар. Автор көзқарасы тұрғысынан, берілген мәтіннің көздеген мақсаты қандай?

  • Өзіндік: мәтін Өзіндік қызығушылықтан оқылады.
  • Көпшілік алдында: мәтін оқырман зейінін қоғамдық мәселелерге аудару мақсатында жазылған.
  • Білім беру: мәтін білім беру саласында қолданылады.
  • Кәсіби: мәтінкәсіби жағдаяттарға арналған


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу