Марстағы өмір. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 26 сабақ


ЕГЕР МАРСТА ӨМІР СҮРСЕМ...

Оқушылар өздерін Марста өмір сүрсем деп елестетеді де жұпта төмендегі сұрақтарды талқылайды.

  • Кіммен бірге тұрар едім?
  • Марста қандай қиындықтар болуы мүмкін?
  • Марста қандай қызықтар болуы мүмкін?

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын жұпта талқылаңыз.

Ғарыштағы өмір.

Экипаж көлігі астронавтарды ғарышқа алып шығады, бірақ ол NASA-ның ең аз дегенде алты кісінің еркін өмір сүруіне тым тар. Сонымен қатар, Марсқа қонған адам бірден қатал ортаға тап болады. Адамды күн радиациясынан жартылай ғана қорғауы мүмкін, сондықтан ғарыш сәулесіне қарсы қалқан керек.

  • Орын көп, тамақ сапалы болса, экипаж да жайлы әрі көңілді.
  • Жердің магниттік өрісінен алыстаған кез-келген жанға радиация қауіп төндіреді. Суға толы «қабырғалар» бұл қатерден сақтайды.
  • Салмақсыздықта ұзақ болу адам ағзасы мен ақыл-ойына үлкен салмақ түсіреді. Күнделікті жаттығулар аса маңызды.
  • Марсқа зат жеткізу өте ауыр әрі қымбат болмақ. Қызыл ғаламшар топырағын пайдалану арқылы тұрақты тұрғынжай салу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.

Жазылым тапсырмасы.

Жағдаяттық тапсырмамен танысыңыз. Мәтіндегі ақпараттарды пайдаланып, графиктік мәтін құраңыз.

Балалардың көбі Марсқа саяхаттап баруды армандайды, ал ондағы қиындықтар туралы білмейді. Жоғарыдағы мәтіндегі ақпараттарды негізе алып, «Марста қандай қиындықтар туындауы мүмкін?» тақырыбында графиктік мәтін (кесте немесе сурет) құрап жазыңыз.

Дескриптор.

  • Графиктік мәтін құрайды.
  • Мәтіндегі ақпаратты пайдаланады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу