Бейжіңдегі ұлттық кітапхана. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша ресурс. 1 сабақ


Осы сабаққа қажетті дереккөздер:

https://qazbrand.info

Принциптер – журналистік қызметтің теориялық-методологиялық негізі. Шыншылдық пен объективтілік – баспасөзге қойылатын жаңа талаптар кезеңіндегі негізгі принциптер. Журналистикадағы жалпыадамзаттық принциптер: халықтығы, интернационализм, гуманизм. Баспасөздің партиялылығы туралы пікірлер.

  • Өз ойыңды оқырманыңа таңушы болма! Сенің міндетің ақпарат беру. Атқарушы билік сот, заң билігі мен қоғам арасындағы модераторсың, бірақ, сен қоғамға сабақ үйрететін мұғалім, қоғамды емдейтін дәрігер емессің! Сен тек қана ақпаратпен қамтамасыз ететін маман иесісің.
  • Дау-жанжал жайлы ақпарат таратсаң, микрофоныңды екі жаққа да теңдей ұсын!
  • Таратқан ақпаратың дәлелді болсын! Өздігіңнен тон пішпе! Болжам жасама! Өзіңнің не ойлайтыныңды емес, өзіңнің не білетіңді (дәлелденген, анықталған, зерттелген, көзің жеткен ақпаратты) ғана репортажыңа енгіз.
  • Бір ақпарат алсаң, оны екінші, тіпті реті келсе, үшінші ақпарат көзінен тексеріп ал!Тексерілмеген ақпаратты жазушы болма!
  • Скептик бол! Таратылған ақпаратқа бірден сенудің орнына, күдікпен қара! Бәлкім, ақпараттың сыртында бір нәрсе жасырынып тұрған шығар!!!
  • Ұялшақтықты ұмыт!
  • Ақпаратқа әуестік немесе кез келген нәрсені білгісі келетін қасиет журналистік зерттеулерге мұрындық болады.
  • Төзімділік – сіздің алдыңыздағы есік жабылып, ақпараттан құр қалдырған кезде қажет қасиет.
  • Скептик болуыңыз – ақпаратты жан жақты талдауға көмектеседі. Толық картинаға көз жеткізбейінше, әртүрлі ақпарат көздерін қопарудан жалықтырмайды. Естіген нәрсе түгілі, көзбен көрген нәрсенің өзін толық зерттемейінше тыным таптырмайтын қасиет.«Ақпаратты – өсек-аяң (тексерілмеген ақпарат), пікір (әлдебір адамның әлдекім нәрсе жайлы ойлауы), ресми ақпараттан айыра біл. Сен сол үшін де журналиссің», дейді Маргарэт Фрини.

Жаңалық – жұртшылықтың назарын аударатын, қызықтыратын және пайдалы мәлімет. Жұртшылыққа сіздің таныстарыңыз достарыңыз, отбасыңыз да жатады. Олар газет оқымауы мүмкін. Бірақ теледидардан жаңалық қарай қалса, не нәрсеге ерекше қадалады?

  • Баршаға танымал адамға қатысты жаңалық
  • Сирек, біртүрлі немесе төтенше оқиғалар.
  • Қылмыс хроникасы.
  • Көпшіліктің мүддесіне тікелей қатысты проблема (мысалы, метро, айналма жолдар, жаңа заңдар мен шешімдер).
  • Адам сезіміне әсер ететін жағдайлар (мәселен, ерекше тағдыр).

Кез келген жаңалық қандай да бір оқиға туралы болады. Демек, біз осыған қарап, жақсы жазылған жаңалықтың критерилерін шамалап айтуымызға болады.

  • Оқиғаға қанықтығы
  • Дәйектілігі, деректілігі
  • Логикалық тізбекпен тарқатылуы
  • Дәлдігі.

Шартты түрде жаңалықты бірнеше түрге, мысалы, ресми, экономикалық, спорт, мәдени, қылмыс тақырыбындағы жаңалықтар деп бөлуге болады. Жаңалық жазу үшін бізге ақпарат керек! Ал кез келген ақпарат фактілерге жүгінуі тиіс.

Журналист үшін жаңалықты ғана айтып қою аз – бұл базардағы өсек сияқты.

Америкалық журналист Чарльз Райз жаңалықтың не екеніне мынадай түсіндірме береді.

Ақпарат немесе жаңалық:

  • Оқырманыңа қызықты,
  • Оқырманыңа әсер ететіндей күші бар,
  • Оқырманыңа бірнәрсе жайлы айтатын дүние.

Батыс журналистикасы оқиға туралы жаңалықты жазарда, репортер «журналистиканың негізгі сауалдары» деп танылатын сіздерге белгілі алты сауалға жауап беруі тиіс деп есептейді. «Бес W бір H» деп аталатын кәсіби жаргонды Редьярд Киплинг деген ағылшын енгізген делінеді. Себебі ағылшын тілінде сол алты сауалдың бесеуі W әрпінен басталады. Олар сіздерге таныс, яғни;

  • Who – кім?
  • What – не?
  • When – қашан?
  • Where – қай жерде?
  • Why – неге, не үшін?
  • How – қалай?

Жаңалықты жазу үшін осы алты сауалға жауап алынды делік. Енді жаңалықтағы оқиғаны қандай тізбекпен өрбітуі керектігін анықтауымыз керек. Егер бәрі түсінікті болса, жаңалықты жазуға кірісуге болады. Және біз жаңалықты кіріспе (кейде оны лид деп те атайды) жазудан бастауымыз керек. Лид – қарапайым да түсінікті жазылған ең бірінші, не алғашқы екі сөйлем. Лидтің мақсаты – оқырман назарын баурап алу, онда «мақаланы оқиыншы» деген ынта ояту. Лидте оқырманға мақалада не күтіп тұрғаны туралы хабар беріледі. Сіздің жазған мақалаңыздың алғашқы жолы осы жаңалықты оқырманға «сатуы» керек. Ол қысқа да нұсқа болуы, «екпінді» түрде «ондыққа тиуі» тиіс.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу