Отырар, Александрия кітапханалары. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша ресурс. 3 сабақ
Осы сабаққа қажетті дереккөздер:
Отырар кітапханасы — моңғол билігіне дейінгі Отырарда орналасқан ірі кітапхана. Фарабтағы (Отырар) кітапхананың негізін қалаушы ретінде ғалым әрі философ Әл-Фараби қарастырылады. XII ғасырдың соңындағы кітап жинақтардың қараушысы Сунақ руынан шыққан Хисамуддин делінеді. Кітапхана ауқымы жағынан тек Александрия кітапханасына жол береді. Отырар Шыңғысхан жорықтарынан кейін жер бетінен тып-типыл етілді, ал кітапхананың кейінгі тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. Кітаптардың тағдыры жайлы жазба деректерде айтылмаған. Ортағасырлық өзге кітапханалардың тағдыры жайлы аңыздар сияқты Отырар кітапханасының кітаптарының айналасында әңгімелер көп. Осы жағымен ол іздеушілерді өзіне тартады. Кейбір деректердің хабарлауынша моңғол шапқыншылығы кезінде кітаптардың жерасты жолдарында сақталуы мүмкін. Кейіннен оларды жеті жасар бала тауып алады делінеді. Десе де мұндай жорамалдар нақты дәлелдемелерге негізделмегендіктен ғылымда мойындалмай отыр.
Александрия кiтапханасы, Искандерия кітапханасы (көне грекше: Βιβλιοθήκη τῆς Ἀλεξάνδρειας) — б. з. б. 3 ғасырдың бас кезінде Александрияда (Мысыр) көрнекті ғалымдардың (Зенодот, Каллимах, Аристарх) қатысуымен Птоломей әулетінің алғашқы екі патшасы негізін қалаған, ертеден дүние жүзіне әйгілі Александрия музейінің жанындағы қолжазба кітаптар қоры.
Александрия кiтапханасында 700 мыңға жуық том (орам) кітап болған. Онда көшірушілер тобы жұмыс істеді. Қолжазбалар кітапхана ғалымдарының сынынан өткізіліп, өңделіп отырылған. Александрия кiтапханасының қорын жинау, сақтау шеберлігі жоғары дәрежеде болғандығын Каллимахтың библиография каталогы дәлелдейді. Александрия кiтапханасында гректің әдеби, ғылыми шығармаларынан басқа шығыс әдебиетінің шығармалары да сақталған. Еуропа мен Ресейде жарық көрген кейбір тарихи оқулықтарда Александрия кiтапханасын Халифа Әмірдің өртегендігі туралы негізсіз тұжырымдар бар. 1933 жылы М.Шоқай: “Мәскеу большевиктері Искандерия кітапханасын Халифа Әмір тарапынан өртелгенін айта отырып, Иран, Түркия және Ауғанстан халықтарын надан, жабайы етіп көрсетуді мақсат етіп отыр” деп жазды “Яш Түркістан” журналында (1933, №39).
Александрия кiтапханасының хазірет Әмір жарлығымен өртелгені — алғашқы дәуір тарихшыларына беймағлұм. Оған Франция Ғылым Академиясының 1923 жылы 30 наурызда “Таң” газетінде жарияланған мәліметтері кейбір орыс деректері (“Брокгауз — Эфрон” сөздігі, 1891 жыл) де дәлел бола алады.
Шын мәнінде кітапхананың Рим, Грек, Үнді және Мысыр әдебиетін сақтаған ең үлкен бөлігі б.з.б. 48-47 жылдарда Юлий Цезарь мен мысырлықтар арасындағы сұрапыл соғыс кезінде өртеніп кеткен. Кітапхананың екінші бөлімі, яғни Птоломей заманында жинақталған шағын қоры Феодосия дәуіріне дейін сақталған. Оны Серапион махалласына шабуыл жасаған фанатик христиандар өртеп жіберген (341 жыл). Яғни аталмыш ғылым қазынасы Искандерия қаласын арабтар алудан 301 жыл бұрын жойылып кеткен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?