Отырар, Александрия кітапханалары. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 3 сабақ


Отырар мен Александрия кітапханасы туралы

1-топқа:

«Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған» деп қорытындылайды профессор Еренғайып Омаров. Өкінішке қарай, даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың тарихымен, ғылым, білім, өнердегі жетістіктерінінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі қалмай жойылып кетіпті.

Жер түбіндегі мысырлық ғалым Птоломей болмаса бізде ондай кітапхана болғанын білмес те едік. Осы кітапханадан білім алған, бүкіл әлем мойындаған Әбу-Нәсір әл-Фараби туралы деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық. Отырардын өзінде әл-Фарабиден де білімі жоғары, оған білім үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін. Себебі Отырар кітапханасын әл-Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті.

Бұл кітапханада жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті. Ол заманда кітаптың өте қымбат тұратынын ескерсек, бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық. Ол кітаптарды сатып алу, жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана ғимараты және ондағы жұмыс істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне оңайға түспесе керек. Бұндай шығынды кішігірім қалалардың көтере алмасы белгілі. Осындай үлкен кітапхананы IX ғасырда әлемнің жарты бөлігінен байлық тоқтаусыз құйылып жатқан Бағдат халифтері жинақтаған.

2-топқа:

Тарихшымыз Уахит Шәлекеновтың пікірінше, қазақтардың басым көпшілігі отырықшы болған және қалаларда тұрған. Сонымен ертедегі қазақтар кітап жазған, көп жазғаны соншалық, жазуға арналған жаңа материалды ойлап табуға тура келген. Бұрын негізінен теріге жазатын. Ондай кітаптар ауырлау келеді. Бұған біздің дәуіріміздің басында Қазақстанның оңтүстігінде, Таразда қағаздың ойлап табылғаны дәлел бола алады. Шамасы қағазды әлемдегі ең ірі кітапхана орналасқан Отырар қаласына жақындау жерде дайындаған болар. Сондай-ақ, VІ ғасырда Арал теңізінің солтүстігіндегі ел билеген сақтардың патшайымы Аққағаз туралы да мәлімет бар. Аққағаз – қазақ тілінде де «ақ қағаз» деген ұғымды білдіреді. Олай болса қағазды қазақтар қолданғандықтан оларға таныс болып тұр ғой! Ақ қағазбен қатар көк, сары, яғни түрлі-түсті қағазда дайындалған болар. Балаға есімді ата-анасы немесе рудың үлкендері қоятынын ескерсек, қазақтар ІІІ-V ғасырларда қағазды білген болып шығады. Сақтар патшайымы Аққағаз туралы қытай дереккөздерімен танысқан, танымал француз ғалымы Э. Шаван жазған. Әрине, кітаптар негізінен Жібек жолының көмегімен жиналған. – Сіз Александрия кітапханасына барып, арнайы зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымсыз. Енді Отырар осы кітапханадан да үлкен болды деген сіздің пайымдарыңызға жақындап келеміз. – Атақты Александрия кітапханасын, Египеттегі Александрия қаласын Македонскийдің бұйрығымен атақты Птолемей II б.з.д. III ғасырда салды. Ол да себепсіз емес. Зұлқарнайын Орталық Азияны жаулап алғанында кітапханаларды көрген шығар!? Олай дейтінім, алғашқы кітапхананы шумерлерді 600 жыл билеген біздің даладан шыққан көшпенділер – Қасситтер (қассақтар) ойлап тапқан. Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, біздің жыл санауымыздың басынан бастап Отырар қаласы да, кітапханасы да көтеріле бастаған.

3-топқа:

Мұстафа Шоқайдың аты аңызға айналған Египеттегі атақты Александрия кітапханасының өртелуі жайлы қауесетті зерттеуге ден қойды. Отырар кітапханасы көлемі жағынан әлемдегі екінші кітапхана болып саналатыны баршаға аян. Сонымен қатар, атақты Александрия кітапханасының өртелуін бүкіл христиан әлемі мұсылмандарға жаба салғандығы да дау тудырады. Алдымен екінші мәселені қарастырайық. М.Шоқай бұл жайлы: «Бұған түркиялық бауырларымыздың жауап беру-бермеуі, жауап берсе, қалай берері бізге беймағлұм», деп кейиді де, одан әрі былай дейді: «Александрия кітапханасын Халиф Әмірдің өртегендігі туралы хикая түгелдей жалған.

– Орыс тіліндегі әйгілі Брокгауз-Эфрон сөздігінде (1891) былай делінген: «…Александрия кітапханасының бүкіл Рим, Грек, Үнді және Мысыр әдебиетін сақтаған ең үлкен бөлігі біздің жыл санауымыздан бұрын 48-47 жылдарда Юлий Цезарь мен мысырлықтар арасындағы сұрапыл соғыс кезінде өртеніп кеткен… Кітапхананың екінші бөлімі, яғни Птолемей заманында жинақталған шағын кітапхана Феодосия дәуіріне дейін сақталған. Оны басқарып тұрған Серафим ертедегі мысырлық алмандардың бірінің ғибадат етуіне кектеніп, партриарх Теофильдің үгіттеуімен Серпион махалласына шабуыл жасаған жауыз христиандар жағынан өртелген болатын (391 ж.). Сонымен атақты ғылым қазынасы әмір әскерлерінің 642 жылғы жорығынан емес, христиандардың шабуылынан ойрандалған». – Дегенмен, Александрия кітапханасын кім ойрандағаны туралы дауға әлі де нүкте қойылған жоқ қой? – Қазіргі замандағы ғылымда да, не араб басқыншылығы кезіндегі ойран мен талан-тараж туралы көп жазған Иоанн Никиуский де, не өзге бір исламға қарсы христиан тарихшысы да кітапхананың өртенгені туралы дерек келтірмейді. Сондықтан, кітапхананың жойылғандығын белгілі бір оқиғамен байланыстыру мүмкін емес және бұған пұтқа табынушылар, христиандар немесе мұсылмандар кінәлі деп кесіп айту қиын.

4-топқа:

Атақты Александрия кітапханасы 391 жылы өртелген болса, ал Отырарды Шыңғысхан 1220 жылы қиратқаны белгілі. Отырар кітапханасы өртенбесе де тағдыры жан ашырлық. Халықтың кітапхананы жақсы көргендігіне таңданбасқа болмайды. Бастарына қатер төніп тұрғанына қарамастан, кітаптарды жер астында орналасқан құпия үңгір-қалашыққа (катакомба) тыққандары – тарихтың алдында жасаған үлкен ерлік, ұрпақтың келешегіне деген риясыз қамқорлық. Фирдоусидің «Шахнама» кітабында батырдың жер астындағы үңгірлермен қоршалған қаладан шығып кеткені жазылады. Тіпті Геродотта, Парсылардың

патшасы Кир Орта Азия қалаларын басып алғанда халық сондай үңгірлер арқылы құтылып кететін, байлықтарын тығып қоятын деп жазған.

Осыдан шамасы 30 жыл бұрын, не одан ертеректе, қой бағып жүрген бір шопанның иті үңгірден, сырты терімен қапталған араб тілінде жазылған көне кітап алып шыққан. Ұмытпасам, шопанның аты Нұрмағанбет. Кітап Отырар қалашығының қасынан табылған, яғни сол кітапхананың кітабы болуы әбден мүмкін. Африкадағы Мали мемлекетінде туарег деген көшпенді халық бар, солардың астанасы болған Тумбукту қаласында дүние жүзіндегі ең бірінші университет ашылған болатын. Сол туарег халқы осы күндері де кітаптарын әр отбасы сандыққа салып, жерге көміп сақтайды екен.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу