Кітап оқу туралы қызықыт мәліметтер. Кітапхана. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 4 сабақ
1-мәтін
Қазір Астана қаласында 18 мемлекеттік кітапхана бар екен. Оның 7-еуі балалар мен жасөспірімдерге, 1-еуі зағип жандарға, қалғаны көпшілік оқырманға арналған. Кітапхана 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал қаладағы ең ірі кітап дүкендерінің бірі – «Меломан». Бұл сауда желісіндегі кітап дүкендері қаланың үш бірдей сауда және ойын-сауық орталығынан ашылған. Оның оқырмандармен жұмыс уақыты 10:00-ден 22:00-ге дейінгі аралықты қамтиды.
Бұдан тыс кітап дүкенінде оқырман үшін қалаған кітапты алаңсыз оқуға барлық жағдай жасалған. Сондықтан болар кітапханалар мен басқа кітап дүкендерінен гөрі кешкі уақытта «Меломанға» келушілер саны өте көп. Елордада «Игілік» қоғамдық қорының қолдауымен ашылып сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейтін «Books and coffee» атты кітапхана мен кофехана қызметтерін үйлестірген өзгешелеу орталық бар. Оны 2009 жылы А.Л.Ким есімді корей ұлтының азаматы ашқан.
Кітапханаға 10 мыңнан аса кітап қойылған. Оның 95 пайызы – ағылшын тілінде. Кітапханаға жазылу құны – жылына 4 мың теңге. Сондай-ақ мұнда ағылшын тілін үйрету мен дамытуға бағытталған клуб бар. «Books and coffee» кітапханасына келушілердің көбі студенттер мен ағылшын тілін үйренуші магистранттар.
Тіпті қаладағы 40-қа жуық жоғары оқу орындарының өзінде студенттер күндізгі бөлімде оқиды. Демек, кітапхананың жұмыс тәртібін ұзарту және біртіндеп тәуліктік режімге көшу оқырман үшін ауадай қажет. Бұл туралы Астана қаласындағы «Қазбілім» орталығының директоры Аятжан Ахметжан былай дейді: «Қала – күйбең тіршіліктің ортасы. Сондықтан бір уақ арқаны кеңге салып, кітап оқитын рухани ортаның болғаны өте маңызды. Сол үшін тәуліктік кітапхананың болуы қажет деп ойлаймын. Өйткені кітапхана – кемел руханияттың бастауы. Ал біздегі кітапханалар кітап оқитын орта емес, мұражайға айналып барады». Өркениетті елдерде бұл жүйе жолға қойылған.
Айжамал КӨПЕЕВА
2-мәтін
Алғашқы кітапты осыдан әлденеше мыңдаған жылдар бұрын вавилондықтар, ассириялықтар, тағы басқа көне халықтар жасапты. Біреулер ол кітаптарды өздерінің қолындағы оқулықтар сияқты болар деп ойлап қалуы мүмкін. Ол кезде мұндай кітаптар қайдан бола қойсын, алғашқы кітаптар балшықтан жасалыпты. Онда ойыншық кітап деп ойлар тағы біреулер. Тіпті де олай емес. Оқитын кітап. Ол қалай жасалады дейсің ғой? Жұмсақ балшықтан қыш жасап, бетіне үшкір таяқпен таңбалар түсірген. Қыш кептірілген. Содан соң отқа күйдірілген. Дәл күйген кірпіш сияқты. Сөйтіп, тіпті кітапхана жасақталған. Ал Қытайда бамбуктан жұқа таяқшалар әзірленіп, соған жазған. Таяқшалар жіпке тізіп қойған. Келе - келе жазуға жібек маталарды пайдаланған. Біздің заманымыздың II ғасырында қағаз дүниеге келген. Ал Ежелгі Египет кітап сөздерін тасқа қашап жазған. Біздің жартастағы жазуларды өздерің де көзбен немесе суретінен көрген боларсыңдар. Ежелгі ата - бабаларымыз да сөйткен ғой. Одан кейін папирусқа, қамыс тәрізді өсімдіктің жапырағынан нығыздап, бір - біріне желімдеп соған жазған. Ондай кітаптардың ұзындығы ондаған метрге жеткен. Ондай кітаптарды қалай сақтаған? Шиыршықтап орап түтікшеге салып қойған. Грекия, Рим 2 мың жыл бойы осындай кітаптар шығарып келген. Біздің заманымыздың II ғасырында Пергам патшалығында кітап жазуға арналған тағы бір материал дүниеге келген. Ол пергамент деп аталған. Жануарлардың терісінен әзірленген. Ал пергамент патшалығы б. з. д. 283 - 133 жылдар аралығында Кіші Азияның солтүстік батыс жағында өмір сүрген. Римнің ықпалында болған. Папирус пен пергамент қымбатқа түскендіктен Грекия мен Рим бетіне балауыз жағылған тақталарға үшкір таяқшамен із қалдырып жазған. Осылай кітап қазіргі күйіне жету үшін қаншама заманды, қаншама ғасырларды артқа тастаған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?